Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы Орындаған: Наурызбай С. Нурмухамбетов А


З. Әлеуметтік инфрақұрылымның саяси институттарын дамыту



бет6/10
Дата12.12.2021
өлшемі104,47 Kb.
#99747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
e2b739f2-be54-4c1e-894a-a452292cbb50

З. Әлеуметтік инфрақұрылымның саяси институттарын дамыту

Кәсіпкерлікті институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үрдісі барлық шаруашылық субъектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс өнімдерін өткізу, шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейін төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы үрдісті жүзеге асыру мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы экономиканы тұрақтандырып, әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым қызметтерін толығымен қолдануға тырысады.

Кез келген кәсіпорынның, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігі қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан да Қазақстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып отыр.

Республикамызда шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында маманданған мемлекеттік акционерлік банкілерді құру аса маңызды.

Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, оның мәні шағын және орта бизнес саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет саласын сақтандыруға бағытталған компанияларға қолдау көрсетілуі тиіс.

Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлі қиянатынан кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының қызметін лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшін арнайы бақылау-реттеу органын құру қажет. Инвестициялық қызмет саласында, әсіресе, жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алу тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурсты сатып алуға ниет білдірген кез келген шаруашылық субъектісіне қызмет көрсетеді. Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды құру ұсынылады.

Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпорындар қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие емес. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру барысында лизингтік фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық саудаларды жүргізетін орталықтарда қызмет көрсете отырып, маңыздылығын арттыру тиіс. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық, құқықтық және тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуі керек. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет