3.1.Негізгі қорлар. Негізгі капитал – бұл негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық құндылық бар ретінде бағалау.
Негізгі қордың құрамын жіктегенде екі бөлікке бөлінеді:
- өндірістік;
- өндірістік емес.
Өндірістік негізгі қорға:
- өнеркәсіп;
- құрылыс;
- ауыл шаруашылығы;
- көлік құралдары;
- байланыс, сауда;
- басқа да материалдық салалар жатады.
Өндірістік емес негізгі қорға:
- тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық;
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- мәдениет және т.б. қатысты.
Негізгі қор натуралдық заттық белгілеріне қарай:
- ғимарат;
- құрылыс;
- техника күштері және құрал-жабдықтар;
- көлік құралдары;
- аспап;
- өндіріс;
- шаруашылық мүлкі;
- жұмыс малдары;
- көп жылдық көшеттер деп бөлінеді.
Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді: - актив;
- пассив.
Актив бөлігі (машина, құрал-жабдық) өндіріске, өнімнің (қызмет- жұмыс) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрайды.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
- негізгі қордың тозуы;
- амортизация;
- негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
- капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кез-келген негізгі қордың объектілері табиғи және сапалық жағынан тозады.