Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Кәсіпорынның және басқа да әртүрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
- өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты;
- өндірістің техникалық деңгейі;
- мамандандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру.
Негізгі қор өндірістік процесте:
- натуралды;
- ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
- негізгі қорлардың техникалық құрамын;
- кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
- құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
- басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
- негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
- амортизациялық аударымдардың есебін;
- дайын өнімді тасымалдау құнын;
- капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік.