Кәсіпкерліктің ресурстық қамтамасыз етілуі
Кәсіпорынның еңбек ресурстары – кәсіпорынның басшылығы тарапынан қамқорлық жасайтын әрқашан бақыланатын объектісі болып табылады.
Нарықтық қатынастар кезінде еңбек ресурстарының ролі елеулі түрде жоғарылайды. Өндірістің инвестициялық сипаты жоғары ғылымилықты талап етуі, өнімнің сапасы жөніндегі мәселелерді маңызды деп қарауы жұмыскерге қойылатын талапты, оның еңбекке деген қатынасының творчестволық маңыздылығын және жоғарғы біліктілігін күшейтті. Осы талаптар кәсіпорын қызметкерін басқарудағы тәсілдер мен әлеуметтік-психологиялық мәселелердің, принциптердің елеулі түрде өзгеруіне алып келді.
Жақсы іріктелген еңбек ұжымы – кәсіпкердің ең негізгі міндеті болып табылады. Бұл кәсіпорын басшылығының ойлағанын ұғынып, біліп және жүзеге асыруға мүмкіншілігі барп әріптестердің және пікірлестердің тобы болуы тиіс.
Еңбектік қатынастар – кәсіпорын жұмысының ең күрделі жағы, ұжымда пайда болған араздық жағдайларды шешу кезінде, әр адамның жеке бейімділігін, тұлғалық мінезін, психологиялық таңдауын есепке алуы керек. Әрине техникалық немесе технологиялық ақаулықтарды қалпына келтіру әлдеқайда оңай.
Кәсіпорынның алдында қандай да бір ұйымдастыру, басқарушылық артықшылығы, техникалық мүмкіндіктері ашылғанымен, лайықты еңбек ресурстарынсыз ол тиімді жұмыс істей алмайды. Өйткені кәсіпорындағы түпкі нәтиже адамдарға, олардың біліктілігіне, жұмыс істеу қабілетіне, ықыласына байланысты. Қазіргі уақытта кәсіпорынның құрылымына зат пен адамның капиталының біріккен жері деп қарауы керек.
Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға, адам факторларының әсер етуінің негізгі жақтары мыналар болып табылады:
1. Персоналды іріктеу және алға жылжыту.
2. Персоналды дайындау және оларды үздіксіз оқыту.
3. Жұмыскерлер құрамының бірқалыптылығы және тиімділігі.
4. Жұмыскерлердің еңбегінің материалды және модельді бағалануын жетілдіру.
Жұмыскерлерді іріктеу мен әрі қарай жылжытудың екі негізгі белгілері бар: біріншіден, ол жоғары кәсіптік біліктілігі мен оқытуға бейімділігі, екіншіден, қатынасу тәжірибесі мен қоян-қолтық араласып жұмыс істеуге дайындығы.
Кадрлардың жұмыспен қамтылуы және тұрақты жұмыс істеуі елеулі экономикалық нәтиже береді және жұмыскерлердің еңбек тиімділігін жоғарылатуға ықыласын қалыптастырады.
Еңбекақы жүйесі тиімді, еңбек өнімділігін жоғарылатуға себепші, жеткілікті нәтиже беретіндей болуы керек. Еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігінің, тиімділігінің өсуінен аспауы керек. Еңбекақы жүйесінің тиімділігі, оның анықталған бөлігінің кәсіпорындағы жұмыстың тиімділігіне тәуелді деген мағынаны білдіреді; егер жұмыскер қателік жасаған күнде, ол сол қателігі үшін материалдық тұрғыда жауапты болуы керек.
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру мен ұжымды басқарудың құрамында мыналар болуы мүмкін:
- жұмыс істеушілердің жетіспеушілігі жағдайында қызметкерлерді талдау;
- қалыптасқан өндірістік жүйеге байланысты жұмыскерлерді дұрыс орналастыру;
- олардың арасында міндеттерді бөліп беру;
- персоналды дайындау және қайта дайындау;
- еңбектің жандануына жағдай жасау;
- еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- әртүрлі жағдай-себептермен кәсіпорынға керексіз болып қалған жұмыскерлерге қамқорлық көрсету.
Еңбек ұжымы қалыптасқан өндірістік процестің жүйесіне бейімделеді.
Өндірістік процестің құрылымы келесі еңбекті ұйымдастырудың ғылыми принциптеріне сәйкес болуы тиіс:
- өндірістік процестің ақылға сыйымды бөлшектері негізінде еңбекті бөлуді тереңдету және еңбекті кооперациялау;
- жұмысшылардың кәсіптік-біліктілік құрамын тиімді іріктеу және оларды орналастыру;
- еңбек процесіндегі тиімді әдістер мен тәсілдерді дайындап, енгізу арқылы жетілдіру;
- жұмыс орындарына қызмет көрсетуде қызмет тәртібін нақтылау арқылы жақсарту;
- ұжымдық жұмыстың тиімді түрлерін енгізу, көп агрегатты қызмет көрсету мен қос қызметтілікті мамандықтарды дайындау;
- резервтерді қолданып, еңбек шығындарын төмендетіп және қондырғылардың жұмысын тиімді ете отырып, еңбекті нормалауды жетілдіру;
- өндірістік нұсқауларды ұйымдастырп, жүйелі түрде өткізу, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, еңбектің озат тәсілдерін тарату және тәжірибе алмасу;
- санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, эстетикалық жағынан алғанда еңбек ету жағдайы мен қауіпсіздігіне, жұмыс істеу тәртібіне, демалысқа жағдай жасау.
Осы принциптердің жүзеге асырылуына керекті жалпылама көрсеткіштерге мыналар жатады:
- еңбек өнімділігінің жоғарылауы;
- еңбек шартының санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық жағдайымен қанағаттануы;
- еңбектің мазмұндылығымен, тартымдылығымен қанағаттануы.
Еңбекті бөлудің мына түрлері кеңінен таралған:
- технологиялық-жұмыс, мамандық пен кәсіп түрлері бойынша;
- операциялық-технологиялық процестің жеке операциялық түрлері бойынша;
- атқарылатын жұмыстың қызметі бойынша – негізгі, көмекші, қосымша;
- мамандық бойынша.
Персоналды іріктеу барысында еңбек шартының немесе контрактінің маңызы өте жоғары. Бұл – кәсіпкер мен жалданатын адамның тікелей келісімін айғақтайтын құжат. Бұл жүйе шетелдерде кеңінен дамыған, біздің елімізде енді қолға алынып келеді. Еңбек келісімшартында еңбектің қызмет, жұмыс орны, лауазымдық міндеттері, мамандығы, біліктілігі, лауазым атауы, еңбекақы мөлшері мен жұмыс басталу уақыты көрсетіледі. Еңбек шарты бекітілетін уақытына қарай бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |