2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.
Тарифтік жүйе
Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:
Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.
Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.
Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.
Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.