2.2. Транспорттық қор шамасын анықтау: жүк айналымы мерзімі — 20 күн; құжаттардың пошталық жүрісі — 7 күн; құжаттарды өңдеу — 4 күн; акцепт мерзімі— 3 күн.
2.3. АҚ нормативын анықтау: өндірістік қорлардың тоқсан ішіндегі шығыны 1980 мың теңге; жеткізу интервалы — 16 күн; қабылдау уақыты — 4 күн.
2.4. Тоқсан ішінде жоспарлы шығын:
А материалы б-ша — 45 млн. тг. Норма А = 10 күн;
В материалы б-ша — 27 млн. тг. Норма В = 30 күн;
С материалы б-ша — 18 млн. тг. Норма С = 20 күн.
АҚ жалпы нормативын табу.
2.5. Өңдірілетін өнімнің тоқсан ішіндегі көлемі — 2250 бірлік. Өндірістік өзіндік құны — 80 мың. тг/данасы. Бастапқы өндіріс шығындары — 32 мың тг. Өндірістік цикл ұзақтығы — 5 күн. Шығындар біркелкі өседі. Аяқталмаған өндіріс нормативын табу.
2.6. Тауарлы өнім — 180 млн. тг. Шығару шығыны — 90 млн. тг. Тоқсан — 90 күн. Дайын өнімге АҚ нормасы — 8 күн. Дайын өнім нормативын табу.
2.7. Тоқсан ішінде АҚ орташа қалдығы — 270 млн. тг. Өткізу көлемі — 1080 млн. тг. 1 айналым ұзақтығын табу; АҚ айналымдылық коэффициентін және тиеу коэффициентін.
2.8. Өткізу көлемі — 420 млн. тг. АҚ орташа жылдық құны — 70 млн. тг. Айналымдылықты 1 айналымға өсірсе АҚ үнемін анықтау керек.
2.9. АҚ абсолютті және салыстырмалы үнемін анықтау.