,Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы: Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (2 сағат) Дәріс жоспары: Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері
Кәсіпорындардың жіктелуі
Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
Әдебиет ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:
Дәрістер
Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 75-111 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 11-35,42-72 бб.
7. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б
1. Кәсіпорын– бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:
Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;
Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.
Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.
Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.
Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
Пайда алу және оны өсіру