жоспарлы мерзімге шикізаттағы жалпы қажеттілікті анықтау;
шикізатқа тапсырыс берудің оңтайлы партиясын және тапсырыс жасау мерзімін мерзім сайын түзетіп тұру;
шикізатқа тапсырыс беруге және оны сақтауға кеткен шығындарды мерзім сайын түзету және салыстырып тұру.
Қорларды сақтау жағдайларын бақылап тұру;
Жақсы есеп жүргізу жүйесін қолдану;
Қорларға талдау жасау үшін айналымдылық көрсеткіштері және факторлық модельдер қолданылады. Аяқталмаған өндіріске оңтайлы басқару жүргізгенде келесі факторлар есебке алынады:
Тұрақты қайталанатын өндірістік процестер үшін айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады;
Аяқталмаған өндіріс өзіндік құны үш бөліктен тұрады: а) шикізат пен материалдардың тура шығындарынан; б) тірі еңбек шығындарынан; в) үстеме шығындарының бір бөлігінен.
Дайын өнімге оңтайлы басқару жүргізу үшін келесі факторларды есебке алу керек:
өндірістік цикл аяғы жақындаған сайын дайын өнім өсе береді;
ажиотажды сұраныстың болу мүмкіндігі;
маусымды тербелістер;
жатып қалған және сұранысы аз тауарлар.
Жиһазға қаржы салу екі түрлі тәуекелмен байланысты болады:
а) бағалардың өзгеруі;
б) моральды және табиғи тозуы.
«Дәл уақытында» жеткізу жүйесі (just-in time) келесі жағдайда тиімді болады:
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жақсы ұйымдастырылған болса;
жабдықтаушылардың сапаны және жеткізуді бақылаудың жақсы жүйелері бар болса;
компанияда қорларды басқарудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі болса.
Сатып алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау жүйесі келесіні көздейді:
несие беруге болатын клиенттерді сапалы түрде таңдау;
клиенттердің төлем жасау жөнінде сұрауларын тыңғылықты қарастыру;
есеп-айырысу және төлемді алудың нақты процедурасын анықтау.
Кредиторлық қарыздылықты басқарудың алтын ережесі: іскерлік қарым-қатынасқа нұқсан келтірмей қарыздылықты төлеу мерзімін максимальды ұзарту. Ақшаның және оған эквивалентті қаржының көлемі үш фактормен анықталады: ағымдылықпен (ағымдағы операцияларды қамтамасыз ету), алдын-ала сақтану (кенет пайда болатын төлемдерді жабу үшін), алып-сатарлық (кенет пайда болған тиімді жобаға қатысу үшін). Ақшаны тиімді басқару үшін банкілермен қарым-қатынастарды жақсарту қажет. Ақшаның айналымнан алу уақыты деп аталатын қаржы циклы, қаржы менеджментінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақша қозғалысын талдау арқылы ақша ағынының сальдосын ағымдағы, инвестициялық, қаржы және басқа операция нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. Ақша ағынын болжау үшін келесі көрсетікштерге баға беру керек: өткізу көлемі, табыстың ақшалай үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздылық, ақша шығындарының көлемі және т.б.
5. Қорларды басқару модельдері
Басшылар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: а) ақшаның және оның эквиваленттерінің жалпы көлемі қандай болу керек? б) олардың қай бөлігі есеп шотында, қай бөлігі тез өткізілетін бағалы қағаздарға аударылу тиіс? в) қашан және қандай көлемде ақша мен тез өткізілетін активтер арасында өзара трансформация жасалыну керек.
Батыста ең кең таралған модельдерге Баумол моделі және Миллер — Орр моделі жатады. Біріншісі В. Баумол (W. Baumol) 1952 жылы, ал екіншісін — М. Миллер (М. Miller) және Д. Орр (D. Оrr) 1966 жылы құрастырды. Бұл модельдерді отандық экономикаға енгізуге келесі факторлар кедергі болып жатыр: инфляция, пайыздық ставкалардың үлкен болуы, бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы және т.с.с.
Баумол моделі
Кәсіпорын мақсатқа сай және оңтайлы ақша қорымен жұмыс істей бастайды да оны біртіндеп шығындайды. Тауар өткізуден түсетін ақшаны кәсіпорын толығымен қысқамерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшаның қоры біткеннен кейін, яғни нольге немесе алдын ала белгіленген қауіпсіздік нүктесіне тең болғанда кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып қайтадан бастапқы ақша көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен, ақша динамикасы “ара” тәріздес графикке ұқсайды (сур 1).