Зейінді оқушы



бет1/6
Дата25.01.2022
өлшемі25,35 Kb.
#114261
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жылдам оку
жылдам оку, Акушерия дағдылар, Акушерия дағдылар, Акушерия дағдылар, 15.12.2021

Киіз үй.
Киіз үй малшыларға өте қолайлы. Оны жылдам құрастырып, тез жинауға болады. Оның қыста жылы, жазда салқын болатынын айтсаңшы! Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйлер төрт, алты, он екі қанатты болады.



Қаңтар.

Қаңтар – жыл басы, қыстың қақ ортасы. Қаңтар айында сақылдаған сары аязды күндер көп болады. Суық күндер бет, қол, аяқ үсу жиі кездеседі. Терезенің әйнектері, ағаштар, су бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Малшылар малды қорада күтеді. Балалар мен қарттар үйде отырады.



Түйе.
Адамдар түйені ертеден бері көлік ретінде пайдаланады. Ол шөл даланың ең төзімді көлігі. Түйе алыс жолдарға өте шыдамды. Көп уақыт су ішпей жүре береді. Түйемен адамдар жүктерін тасиды. Оның сүті қою болады. Түйенің сүтінен шұбат жасап ішеді.

Аңқау күшік.
Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.



Күз
.
Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі.

Зейінді оқушы.

Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін үйренді. Шоқан өт е зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды арман етті. Шоқан суретті де жақсы салды. Ол мектепті алтын алқамен бітірді.


Құмырадағы су.
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік.Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет