Менің қарлығашым.
Жазғытұрым біздің босағаға бір қарлығаш ұя салды. Ол ұядан он алты балапан ұшырды. Күзге қарай құстар жылы жаққа ұшып кете бастады. Менің қарлығашым да дайындалды. Келесі жылы ол қайтып келер ме екен деп ойладым. Кешке қарлығашты ұстап алып, аяғына мықты жіп байладым.Қыс өтіп, көктем келді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Олардың ішінде қарлығаштар да болды. Оларды көрген сайын мен қарлығашымды ойладым.
Бір күні біздің қораға екі қарлығаш келіп қонды. Біреуі менің қарлығашым екен. Оған қатты қуандым.