Сауысқанның белгісі. Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтті. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандар пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.
Орман іші. Қыркүйек айы. Күздің басы. Аспан жиі бұлттанып, жел тұрады. Күн көзінің қызуы азаяды. Мектеп оқушылары орманға серуенге барды. Оқушыларды табиғаттану пәнінің мұғалімі Дина Үкітаева алып барды. Орманда қайың, терек, қарағаш, шырша өсіп тұр. Терек пен қайыңның жапырақтары сарғая бастаған.Ағаштың бұтақтарында түрлі құстар ұшып – қонып жүр. Оқушылар құстардың, ағаштардың атын дәптеріне жазып алды.