1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады.
1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін — 10, 3 смена істейтін — 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.
1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде).
Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым қаржысы (2 сағат) Дәріс жоспары: Айналым қаржысы туралы түсінік.
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 198-220 б.
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 167-194 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 165-180 б.
5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 24-36 б
6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы
/Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21 б
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3, №4).
Дәріс
1. Айналым қаржысы – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.
Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.