Өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі бойынша есепті жылы өнім көлемінің натуралдық шамасына және қордың бастапқы құны мен осы қорды пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жоспарланатын өнім көлемінің жалпы көлемінің ара-қатысына қарай анықталады. Бұл тәсіл негізгі тозу факторы пайдалану мерзімділігі болатын активтер үшін қолданылады.
Бұл тәсілдердің амортизация жылдамдықтары әртүрлі болады. (сур 5). Амортизациялық төлемдер өзіндік құн элементі болғандықтан, оларды өсіргенде пайда көлемі азаяды, нәтижесінде салық алу базасы төмендейді. Сонымен қатар, бұл ақша аударымдары кәсіпорын үшін ақша шығыны ретінде болмай (Cash-out), керісінше кәсіпорынға түсетін ақша түсімдеріне жатады (Cash-in).
Әртүрлі әдістерді салыстыру Сонымен, тездетілген амортизация әдістері бастапқы кезде өзіндік құнды өсіріп, салық салынатын пайда мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Ал соңғы жылдары керісінше амортизациялық төлемдер азайып, салық салынатын пайда көлемі өсе бастайды, яғни салық салынатын пайда көлемі уақытта кейінгі мерзімдерге жылжиды. Ақшаның уақыттағы өзгерісін есебке алғанда компанияның ағымдағы салық төлеу шығындары төмендейді.
Кәсіпорынның инвестиция көздері ретінде пайда және амортизация болады. Әртүрлі тәсілдер осы екі көрсеткіштің уақыттағы шамасын өзгертеді, сонда кәсіпорынның «пайдасын» анықтау үшін қорларды пайдалану мерзімі ішінде амортизацияның жалпы сомасын және таза пайда сомасын бір-біріне қосу қажет және ақшаның уақыттағы өзгерісін (дисконтын) есебке алу керек.