1. Инвестициялар түсінігі, түрлері Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау. Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді:
қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.
венчурлық – жаңа қызмет өрістеріне немесе жаңа өнімдерге жұмсалатын қаржы
тура – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар
аннуитеттер – сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар.
Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді:
мүлікке – күрделі шығындар
материалдық емес (кадрларды даярлау, жарнама, зерттеулерге, құрастыруларға).
Формасына қарай инвестиция түрлері:
ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен;
жер қорымен;
ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен;
ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия).
Инвестиция көздері:
кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры);
келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар сату);
қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз, шетел банктердің, ұйымдардың несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері);
Жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы;
Мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар;
Q қағидасы. Қатаң реттеу жүргізілмейтін кәсіпорындарда қолданылады. Инфляцияны, тәуекелді, қайтарып алу мерзімін және капитал салу шарттарын есебке алу.
Инвестицияларды жасау нәтижелері: экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси
Күрделі шығындар - өндірістік қорлардың құнын өсіруге жіберілетін салым
Күрделі шығын түрлері:
ескі – іс жүзінде істейтін негізгі қорлар құны (Ке).
жаңа – жаңа жабдықтың құны: бағасы, жеткізу және орнату құны, модернизация шығыны, жобалауға, құрылысқа және айналым қаржыны өзгертуге кеткен шығындар: