1. Жоспарлау түсінігі, оның түрлері, әдістері Жоспарлау – бұл мақсаттарды анықтау және оларға жету тәсілдерін таңдау процесі. Бұл процестің алгоритмі: 1. Ағымдағы жағдайды анықтау және оны талдау. Құрал ретіндеSTEPжәнеSWOT-талдау қолданылады. Негізгі міндеті кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау. 2. Мақсаттарды таңдау. Міндеті – мүмкіндіктерді және қауіптерді зерттеп, нысандарды анықтау. 3. Мақсатқа жету тәсілдерін анықтау. Міндеті – жүретін жол мен қажет құралдарды табу. Жоспарлау цикл сайын қайталанатын процесс ретінде қарастырылады : М ақсаттарды анықтау Шешімді қабылдау Іске асыру Бақылау
Жоспарлардың жіктелуі: ? қолдану өрісіне қарай – жалпы және жарым-жартылай, ? мазмұнына қарай (кәсіпкерлік саясат аспектіде)стратегиялық, тактикалықжәне оперативті ? жоспарлау затына қарай- мақсатты, қорларды жоспарлау, бағдарламалық жоспарлау және іс-әрекеттерді жоспарлау ? қызмет ету өрісіне қарай - өткізуді жоспарлау, өндірісті жоспарлау, персоналды жоспарлау, жабдықтауды жоспарлау, инвестициялық жоспарлау, қаржыны жоспарлаужәне кеңейтілген жалпы жоспарлау ? жоспарлау тереңдігіне қарай - глобальды, контурлы, бөлшекті, ? мерзіміне қарай –қысқа мерзімді, орташа мерзімді,ұзақмерзімді ? құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан жалпы жоспарлау, кәсіпорынның орналасуын жоспарлау, қызмет өту өрісін, жеке бөлімдерде және учаскелерді жоспарлау ? уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша - жүйеліжәне біруақыттық ? мәліметтердіғ өзгеруін есебке алу бойынша – қатал және икемді жоспарлау ? уақыттағы реті бойынша – реттелген, ағымдағы жоспарлау, ауыспалы жоспарлау және кезектен тыс, эвентуальды жоспарлау.
Жоспарлаудың әдістері: a) Төменнен жоғарыға қарай жоспарлау (down- up). b) Жоғарыдан төменге қарай жоспарлау (up- down). c) Қарама-қарсы жоспарлау (bottom– up). Жоспарлау жүйесі деп бір-бірімен байланысқан, үйлестірілген және тәуелді болатын жоспарлау процестерінің жиынтығын айтады.