6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Пән бойынша студенттер білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
Ағымдағы бақылау (әр апта сайын)
Рубеждік бақылау (8 и 15 апталарда)
Қорытынды бақылау – академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі (мамандықтың ҚР МББС сәйкес түрде емтихан).
Семестр бойы дәріс, семинар, практикалық сабақтар шегінде және студенттің жеке жұмысы негізінде жүйелі түрде студенттің білімі тексеріліп отырылады.
Пәнді оқыту барысында студенттердің білімін ағымдағы бақылаудың келесідей түрлері жүргізіледі:
ауызша сұрау;
жазбаша сұрау;
аралас сұрау;
үй жұмысын қорғау және презентациялау;
дискуссия, тренингтер;
есеп шығару, тесттер және т.б.
Студенттердің білімін рубеждік (рейтингілік) бақылау бекітілген графикке сәйкес түрде академиялық кезең барысындағы 8-ші (Р1) және 15-ші (Р2) апталарда өткізіледі.
Пән бойынша бағалау пайыздық мөлшерлемемен 100 %-дық шкала бойынша қойылады.
Озат студенттің рейтингісі 100% тең болады. Барлық студенттерді оқытушы озат студентпен салыстырып отырады.
Студенттің жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланады:
Сабаққа келуі;
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау (АБЖ), ОСӨЖ орындау графигіне сәйкесінше
Үй жұмысын орындау (ҮЖ), СӨЖ орындау жоспарына сәйкес;
Өздік жұмыс графигін орындау.
Студенттер конференциясына, пәндік олимпиядаларға қатысу және т.б.;
Басқа жұмыс түрлері.
Рубеждік бақылаудың барлық тапсырмаларын орындаған студент озат студент ретінде 100% ала алады.
Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, ол межелі бақылаудан жеке түрде өтеді. Бұл жағдайда факультет деканаты және оқытушы межелі бақылауды тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді, емтихан сессиясына дейін студентке жеке рейтингтік ведомості береді.
Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішінде жалпы рейтингтік баллы 50 %-ке тең не одан жоғары. Пән бойынша жалпы баға келесі шкала бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |