3 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Берілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмысқа шығарылған сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет.
Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет.
Дәрістерде машина жасау өндірісінің экономикасының маңызды сұрақтары қарастырылған, мысалы берілген өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдістері мен құрылымдық қайта құрулары қарастырылған. Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады.
Студенттердің өздік жұмыстарына өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазіргі жағдайына, үрдістеріне және даму болашағына қатысты сұрақтар шығарылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген.
Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек;
Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек;
Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;
СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;
СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.
Достарыңызбен бөлісу: |