Мәтінді қысқаша баяндауға болады. Онда мәтіндегі ең басты мәселе ғана қамтылады.
1.Түпнұсқаны оқып, қысқаша мазмұнымен салыстыр.
Ұзын тілдің бәлесі
Қысқаша мазмұны.
Жұмаш бірде аяғын ауыртып алды. Тағыф бірде байқамай сүтті төгіп алды. Інісі мұны апасына айтып қоя бергесін «тілің ұзын екен» деп ренжіді Жұмаш. Інісі ойланып қалды.
Айнаға барып қараса, тілі ұзын емес сияқты. Содан самаурынға көзі түсіп, тілін шығарып көрді. Ұзын секілді.
Жақындап қараймын деп, тілін күйдіріп алды. Самаурын қайнап тұрған екен. Ол «тілім шынында да ұзын екен ғой» деп ойлады. Содан бастап көп сөйлемейтін болды.
*Түпнұсқа мен қысқаша мазмұнының арасында айырмашылық көп пе:
Қысқаша мазмұнында айтылмай қалған сөйлемдердің астын сыз.
Достарыңызбен бөлісу: