2.Мағынасын түсін.
Айрылмаста досыңа,
Қайрылмастай сөз айтпа.
*Мұндай сөз қандай жағдайда айтылады деп ойлайсың?
ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
Ширату
1.Жатта және есте сақта.
Әкенің сабағы
Әкеге келіп баласы
Көрсетті қолы іскенін.
Әке,сен, міне қарашы,
Масалар мені тістеді.
Әкесі күліп түзетті:
Тістеді деме
Шақты де.
Шақпайды иттер
Қапты де,
Қаппайды мысық
Тырнайды...
Қайтеді жүйрік атты де:
Атты жүгендейді.
Атты ауыздықтайды.
Атты қамшылайды.
Атты жаратады.
Атты жарыстырады.
Атты ерттейді.
Атты жемдейді.
Атты жабулайды.
Атты жегеді.
Атты мінеді...
Тағысын-тағы, тағы бар,
Бәрін де біліп, қағып ал.
(Ескен Елубаев)
V.Сабақты қорытындылау
26 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өтінішті орындаудан бас тарту.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өтінішті орындаудан сыпай түрде бас тартуды үйрету;
2.Тапсырмаларды орындату арқылы өтініштері жерде қалмау үшін қалай сұрау керектігіне жол сілтеу;
3.Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: өтініш білдіру деген ұғым туралы түсінік қалыптасады.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Мысалға назар аудар.
Ертеде бір шал мен кемпірдің жалғыз немересі болыпты. Шал мен кемпір нашар тұрады екен. Егін егіп, балық аулап күнелтіпті. Бірақ, немерелерін қатты жақсы көріпті. Бар тапқандарын сол баланың аузына тосыпты. Күндердің күнінде бала ойнап жүріп, адасып қалыпты. Оны бір балаға зар болып жүрген бай тауып алыпты. Бай баланы үйіне апарып, «маған бала бол » депті. Алдына бар жақсыны тосыпты, аяғын жерге тигізбепті. Бала атасы мен апасын сағыныпты. Бірақ, мұны байға қайтіп айтарын білмепті.
*Егер баланың орнында болсаң, байға не дер едің? Жаз:______________________________________________________________________________
2.Жауаптар:
1.Маған қисапсыз кәмпиттің де, есепсіз ойыншықтың да керегі жоқ. Үйіме кеткім келеді.
2.Байеке, маған деген көңіліңізге рақмет. Бірақ, менің кетуім керек.
3.Аса құрметті байеке! Барлық сый-құрметіңізге разымын. Бірақ, мені үйде кәрі атам мен апам күтіп отыр. Соларға барғаным жөн.
4.Байлығыңның қажеті жоқ! Мен кетемін!
*Бұл жауаптардың қайсысы көңіліңе қонады? Сол жауапты белгіле. Қайсысы байдың ашу-ызасын тудыруы мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |