Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Ауызекі тілде айтылатын сөздер жазбаша тілде пайдалануға келе бермейді. Дұрысы, әрдайым әдеби нормадағы сөздерді пайдаланған жөн. Бұл бізді келешекте де дұрыс сөйлеуге үйретеді.
Тапсырмамен жұмыс
Қарамен жазылған сөздердің қатесін түзеп жаз.
Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың балдары болмапты. Маңлайларына біткен жалғыз түйесі бопты. Екеуі «Бір бопамыз болса» деп жылап отырса:
Әже, ата, мұндамын! Ата, тез түйені сойсай, мен соның ішіндемін, - деген дауысты естіпті.
Әр сөздегі теңеулердің мағынасын түсіндіріп бер.
Ерте, ерте, ерте күнде, ешкі жүні бөрте күнде, жер жаялықтай, аспан алақандай екен.
Тосатағандай қап - қара көзі мөлдіреген, әп - әдемі ботаның қасынан шықпады.
Ақ қағазға маржандай тізген ұсақ жазуы тым әдемі екен.
Сен, Әлжан, жыл құсындай күттіріп, сағындырып болдың, әйтеуір.
*Теңеуі бар, екі сөйлем ойлап жаз.
Түсіндірме сөздіктің қалай жасалғанын қарап танысып көр. «Ақыл» сөзі туралы жазылған сөздік мақаланы оқы.
- Сөздер сөздікте алфавит жүйесімен тізіледі. Сол себептен алфавитті жақсы білсең, кез келген сөзді тауып, оның мағынасын білу оңай болады.
- Сөздік мақалада сөздің мағынасы түсіндіріледі. Сөздің бір немесе бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Оның әрбір мағынасы 1. 2. 3. ... деп цифрмен белгіленіп, түсіндіріледі. Сөйлегенде оларды дұрыс қолдана білудің мысалдары келтіріледі.
* «Ақыл» сөзі туралы не білдің? Сөздік мақалға сүйене отырып, айтып бер.
III. Қорытынды.
Ертегіден үзіндіні оқы. Қалай ойлайсың, қозы мен лаққа қасқыр туралы түсініктемені табу оңайға түсе ме?
*Ал сен «қасқыр» сөзінің түсіндірмесін қай әріптен қарар едің?
Ол үшін саған қандай сөздік қажет болады?
Достарыңызбен бөлісу: |