III. Әңгімені оқып атын өзгертіп қой.
Тәтті тағам
Аналары тәрелкеге печенье салды да, бәрін шайға шақырды. Әжелерін төрге өткізіп жіберіп, Мейрам мен Сайран да үстел басына жайғасты.
Тең бөліп жейміз! - деді Мейрам даусы қатайып. Сөйтті де
екеуі тәрелкедегі печеньелерді дастарқанға төгіп, екі үйме ғып бөлді.
Тең,болды ма? - деп сұрады Сайран.
Тең!Анашым,бізге шай құйып жібер! деді Мейрам көзімен
мөлшерлеп қарап отырып. Аналары шайларын берді. Дастарқан басында тыныштық орнады. Печеньенің үйіндісі тез азайып қалды. - Үгіліп тұр!Тәтті ақ! - деп тамсанды Мейрам. - Ы м м! -деп дыбыстады, екі ұрты толған Сайран да. Анасы мен әжесі үндемеді. Печенье желініп біткенде, Сайран демін бір алып, ішін сипалап, өзіне - өзі риза болып отырды да, бөлмесіне қарай тайып тұрды. Ең соңғы бір түйірді аузына сала беріп, Мейрамның көзі анасына түсіп кетті. Анасы ішілмеген шайын ақырын ғана қасықпен араластырып отыр екен. Әжесіне қараса, нанның қыртысын мүжіп отыр...
Сайран мен Мейрам қомағайлықпен нені байқамады?
Достарыңызбен бөлісу: |