III. Қорытынды.
«Жәндіктер қысқа қалай қамданады?»
Р/с
|
Өтілетін сабақ тақырыбы
|
Сағат
саны
|
1
|
Шешендік өнер дегеніміз не?
|
1
|
2
|
Мақал- мәтелдер
|
1
|
3
|
Хат жазу да өнер
|
1
|
4
|
Қанатты сөздер
|
1
|
5
|
Әдептілік белгісі
|
1
|
6
|
Сыпайы сөйлеу
|
1
|
7
|
Ауызекі тілдесу құралы
|
1
|
8
|
Өлеңді мәнерлеп оқиық
|
1
|
9
|
Сөйлеу барысында болатын кідіріс (пауза)
|
2
|
10-11
|
Шартты белгілер
|
2
|
12-13
|
Жылы сөз жан жадыратады
|
2
|
14-15
|
Жұбату- көмектесу
|
1
|
16
|
Жұбату- жебеу
|
2
|
17-18
|
Мен қандай тыңдаушымын
|
1
|
19
|
Мен оқырманмын
|
2
|
20-21
|
Мәтін типтері
|
1
|
22
|
Мәтіннің көркем тұмтары
|
1
|
23-24
|
Азат жол
|
2
|
25-26
|
Тыйымсалу- сақтандыру
|
2
|
27-28
|
Айналамыздағы белгілер
|
2
|
29-30
|
Белгі- рәміз және белгі- көшірме
|
1
|
31
|
Тілдік белгілер
|
1
|
32
|
Сипаттау мәтіні
|
1
|
33
|
Пайымдау мәтіні
|
1
|
34
|
Қайталау
|
1
|
Барлығы
|
34 сағат
|
4-сынып
1-сабақ
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында тапсырмалар оқушыларға ұсыну.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.
Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік, көңіл - күй фишкасы, оқулық, схема
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендеріңді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
(Осы кейіптегі балақайларды бағалау фишкасы ретінде пайдаланамын.)
III. Негізгі бөлім
Өткенді қайталап, еске түсіру.
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларыңмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тіліңде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Схемамен жұмыс
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын.)
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Дәптермен жұмыс.
1 - жаттығу.
Сөйлеудің, тыңдаудың, оқудың, жазудың таңбаларын салып көр.
2 - жаттығу.
Суреттерден нені көрдің? Сөйлемді аяқта.
Ділмар.......
Ділмар бар зейінімен........
Ділмар Ақтөске.......
Ділмар оқыған кітабынан........
3 - жаттығу.
Сөйлемді аяқта.
1. Айтылмаған сөз е......................
2. ............ тыңдау керек.
3. Әрдайым жақсы............ алмаймын.
4. Көп ....... керек деп ойлаймын.
Серіту сәті.
«Күн нұрының шапағы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып хормен қайталаймыз.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |