Рефлексия
2-сабақ
Тақырып: Шешендік өнер дегеніміз не?
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұмат беріп, жан – жақты таныту арқылы оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреттері мен сөздері
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім!
III. Негізгі бөлім
Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.
Шешендік сөз дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)
Схемамен жұмысы (кітаппен жұмыс)
Шешендік өнердің кестесін қарастырайық. Берілген сұрақтарды ата. Неше сұрақ? Сенің ойыңша, олардың қайсысы ең маңызды? Сұраққа бір жақты ғана жауап беруге бола ма?
2-тапсырма
Шешендік өнердің кестесіндегі сұрақтарды пайдаланып, тілдік қатынасты қалпына келтір.
3- тапсырма
«Телефон сөйлеу әдебі» анкетасын толтыру
Кешкі сағат нешеден кейін қоңырау шалу дұрыс емес деп есептейсің?
Телефонмен сөйлескенде қандай сыпайы сөздер қолдану керек деп ойлайсың?
Қоңырау соғушы өзін қалай ұстауы керек деп ойлайсың?
Жауап беруші қалай жауап беру керек?
Көпшілік орында ұялы телефонмен қалай сөйлесу керек деп ойлайсың?
Телефон тұтқасын қай кезде көтеруге болмайды?
Тамақ ішіп отырып телефонмен сөйлесуге бола ма?
Сен сабақ оқып отырғанда досың телефон соқса, сен оған қалай жауап бересің?
Телефон арқылы сөйлескен қолайлы ма, әлде бетпе- бет кездесіп сөйлескен бе?
Ұялы немесе жай телефондардың қайсысымен ұзақ сөйлесуге болады?
Телефонмен сөйлесу ережесін үйрету
ІV. Қортынды
Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе
Достарыңызбен бөлісу: |