Кәсіптік қызметке өзіндік талдау жасау 2017 Кәсіптік қызметке өзіндік талдау жасау Бастауыш сынып мұғалімі Ж. Б. Даукараевнаның



Дата06.07.2018
өлшемі23,3 Kb.
#47534
"Тобанияз атындағы орта мектеп"ММ

Даукараева Жамила Базарбаевна


Бастауыш сынып мұғалімі

Кәсіптік қызметке өзіндік талдау жасау


2017
Кәсіптік қызметке өзіндік талдау жасау
Бастауыш сынып мұғалімі Ж.Б. Даукараевнаның

кәсіптік қызметіне өзіндік талдауы
(2013 жылғы қыркүйек айы мен 2017 жылдың сәуір айы аралығы бойынша)
Мен, Даукараева Жамила Базарбаевна Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ақшымырау аулы «Тобанияз атындағы орта мектеп» бастауыш сынып мұғалімі ретінде сабақ беремін.

Педагогикалық қызмет жасаған мектебімде жүріп жоғары білім алдым. Жоғары білімім бар.

1998 жылы Ақтау гуманитарлық колледжін «Бастауыш сынып класс мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі біліктілігі берілді ;

2008 жылы Ақтаудағы "Болашақ" институтын «Кәсіптік бағдар » мамандығы бойынша бітіріп, информатика пәні мұғалімі біліктілігі берілді ;

2015 жылыдан Бәйішов атындағы университетінде "Бастауыш сынып педагогикасы"факультеті бойынша білім алып жатырмын.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілім– 23 жыл.

Аталған оқу мекемесіндегі жұмыс өтілім – 21 жыл.

2013 жылғы сәуір - мамыр айының аралығында Ақтау қаласындағы "Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту» атты біліктілігін арттыру курсынан өттім (тіркелу нөмірі – № 0006845). 

2014 жылы бірінші санатты қорғадым.

2015 жылдан бастап сабақ барысында педагогикалық іс-тәжірибеде тұлғалық бағдар тәсілін қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырып, оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданып, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдай жасау арқылы жалпыға міндетті негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған оқушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастырамын. Нәтижесінде, оқушылар бағдарламаны жеткілікті деңгейде игеріп, жоғарғы сапа көрсетті.

Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қасиеттерін дамытып, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды белсенді жүргізіп, оларды мектепішілік, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен әртүрлі байқауларға нәтижелі қатыстырып отырамын.

Нәтижелер:




Өткізілу мерзімі


Деңгейі

Байқау, олипиада атауы

Нәтижесі


Қатысушының аты-жөні

2015

Аудандық

- «Зерде» республикалық 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары

1-орын

Қыдырбай Сымбат

2015

Аудандық

- «Зерде» республикалық 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары

ІІІ орын

Бекарысұлы Жандос

2015

Аудандық

«Жас Дарын 2014»атты аудандық балалар және жасөспірімдер өнер байқауы

"Алғыс хат"

Бекарысұлы Жандос

2015

Облыстық

- ҚР ҚҒА облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясына ұсынған баяндамасы үшін.

І орын
ІІІ орын

Қыдырбай Сымбат

Орпабекұлы Диас



2015

Аудандық

Аудандық «Бастау» математикалық турнирі

ынталандыру


Көбейсінұлы Қожаахмет

2016

Аудандық

«Зерде» республикалық 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары

ІІІ орын

Жоламанова Ақырыс

2016

Облыстық

ҚР ҚҒА облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясына ұсынған баяндамасы үшін.

І орын


Жоламанова Ақырыс

2016

Республикалық

ҚР ҚҒА республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясына ұсынған баяндамасы үшін.

ІІ орын

Жоламанова Ақырыс

2016

Республикалық

Жалпы орта,қосымша,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында компьютерлік графикадан «Әрі ғажайып,әрі оңай» тақырыбында республикалық интернет-байқаудың «Анимация» номинация жүлдегері

ІІІ орын

Қанатбай Рысбек

2016

Республикалық

“ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ” қоғамымен ұйымдастырылған "Бастауыш сыныптар " пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғарғы көрсеткіштерді иеленгені үшін -

I орын Диплом


Көбейсінұлы Қожаахмет
Орпабекұлы Диас

2016

Аудандық

Бастауыш сынып оқушыларының ІХ аудандық олимпиадасында математика


ынталандыру

Көбейсінұлы Қожаахмет

2017

Республикалық

“ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ” қоғамымен ұйымдастырылған "Бастауыш сыныптар " пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғарғы көрсеткіштерді иеленгені үшін

І орын

Қуанғалиқызы Жанерке

Дүйсенбек Кәусар

Бисенбі Шуақ































Өз іс-әрекеттерімнің нәтижелерін тек талдап немесе сынақ түрінде бағалап қана қоймай, алғыр ойлармен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейімді жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби байқауларға белсене қатысып отырамын.

Аудандағы желілік мектептер арасында ұйымдастырылған семинарларға қатысып іс-тәжірибе алмасып отырамын. Курстардан алған білімдерімді оқушыларға беретін білімімімен ұштастыруға тырысамын.

Белсенді әдіс-тәсілдерді толық меңгеріп, сабақ барысында қолданып, оқушылардың білімдерін шыңдай түсемін.

1-сыныбыма алғаш келген әр оқушымның өзіндік жеке қасиеттерін зерттеп аламын.

Қазіргі жаңа білім мазмұны бойынша бүгінгі өтетін тақырыпты қалай түсіндірсең де еркіңде болғандықтан, мен жаратылыстану пәндерін табиғат аясында өткіземін. Қолымен ұстап, көзімен көргенін еш ұмытпайтындығына көзім жетті. Оқыған мәтіндері бойынша көбіне көрініс қоюларын қадағалап отырамын. Жаратылыстану, дүниетану , математика пәндерінде көбіне тәжірибе, аплликация жапсыру арқылы өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.

Сабақта орындаған тапсырмаларын мен әзірлеп әкелген критериалды бағалаумен өздерінің білімдерін бағалап отыруға қатты қызығады.

Жаңа сабақты түсіне алмаған оқушыларды бос уақыттарында қосымша сабақтарға шақырып, түсіндіремін.



Мен курстарға, семинарларға, онлайн-тест тапсыру арқылы білімдерімді жетілдіріп отырамын. Қазіргі техника жетіскен заманда ұялы телефон арқылы ватсап арқылы республикалық, облыстық, аудандық қоғамдастықта іс-тәжірибе алмасып отырамын.












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет