Кесте - 4- Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің және қайта өңдеу өнімдерінің негізгі ауруларын зерттеу (Кестедегі үлгі бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне және қайта өңдеу өнімдеріне айтарлықтай зиян келтіретін 10 негізгі ауру түрін оқып, сипаттау)
№
|
Ауру атауы
|
Сыртқы белгілері
|
Қорғау шаралары
|
1
|
Бидайдың тозаңды қаракүйесі
|
Бидай өсіретін аудандарда жаппай таралған. Тозаңды қара күйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде залалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады. Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспородан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды.
|
Химиялық күресу шаралары. Тұқымды ертерек және себу алдында препарат суспензиясымен өңдеу (1т тұқымға 8-10 л су):ТМТД, с.с.к. 3,0-4,0 л/га мөлшерінде;Препарат суспензиясымен тұқымдарды өңдеу (1т тұқымға 10 л су):Бастион, 34% с.с.к. 2,0л/га мөлшерінде
|
2
|
Қоңыр тат
|
саңырауқұлақ түрлерімен пайда болады. Бидайда басты болып саңырауқұлақ тарайды. Тат ауруының белсенді таралуы кезінде саңырауқұлақтар өсімдік-иесін өзгерте алады. Олардың бірі Маралоты (василистник) болып табылады.
Қоңыр тат ауруының шығу белгісі болып жапырақтардың жоғарғы бетіндегі сары-қоңыр түсті нүктелердің немесе споралардың пайда болуы болып табылады. Кей кезде ауру белгілерін жапырақ қынабында және сабақтардан көруге болады. Көбінесе олар түптену фазасында байқалады. Жіпшумақтар (мицелий) жағдайына қарай шашылған дәндерде немесе дәнді шөптерде қыстап шығады.
|
Өсімдік қалдықтарын , дәнді арамшөптер және ауылшаруашылық дақылдарының қалдықтарын жою, оңтайлы себу мерзімі, төзімді сорттар дайындау,себу кезінде фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар енгізу, аурудың жаппай таралуы болжанған кезде, зақымданудың бірінші белгілері байқалғанда фунгицидтермен өңдеу.Өсіп-өну кезеңінде келесі препараттарды қолдануға болады: (ҚР аймағында қоданылуға рұқсат етілген тізімге сәйкес) Альто 400,40%с.к., Байлетон,25%с.п., Бампер,25%к.э., Даконил 500,50%с.к., Опус Топ 33,4% к.э., Колфуга Супер 20% в.с., Фоликурт ВТ 22,5% к.э.
|
3
|
Картоп фитофторозы
|
Ауру гүлдену алдында байқалады. Жапырақ тақтасының шетінде қара-қоңыр түсті сулы дақтар пайда болады. Жапырақтардың астынғы бетінде зақымданған және сау ұлпалардың арасында жаңбырлы күні немесе шықтан кейін жақсы байқалатын ақ түсті өңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сабақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал түйнектерінде ойық, анық шектелген қоңыр түсті, қатты дақтар пайда болады. Түйнекті бөлгенде тат түстес пішінін, түйнектің ішкі бөлігіне кіре орналасқан бүлінген бөліктерін көруге болады.
|
жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоптың сабақтарын шауып тастайды; іріктелген түйнектермен отырғызады; қатар аралықтарды уақытымен өңдейді; картопты құрғақтай жинайды; сақтау қоймаларына аурудан таза картопты салады; тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады; түйнектерде жарықтан пайда болатын соланин, оларды шіруден сақтайды; «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолданады.
|
4
|
Картоптың макроспориозы.
|
Макроспориоз жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың астында дөңгелек пішінді қара түсті өңез пайда болады. Өңез конидиальдық спора түзгіштерден тұрады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғаяды және қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болады.
|
Танапты терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тыңайтқыштар енгізі; аурудың алдын алу үшін гүлдеу кезеңінің алдында немесе макроспориоз белгілері білінгенде «Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану қажет.
|
5
|
Қырыққабаттың қара мойнағы
|
Ауру көшеттердің сабағы мен тамырының қиылысқан жерінде бүлінеді. Тамыр мойыны қараяды, жұмсарады, жіңішкереді және шіриді, кейде сыртында ақшыл өңез байқалады. Ауру өсімдіктердің тамырлары нашар дамиды. Мұндай өсімдіктер құлап қурап қалады, жерден оңай жұлынады. Ауру топырақта цисталар (Olpidium ), ооспоралар (Pythium) немесе қарамықтар (Rhizoctonia) түрінде сақталады.
|
көшеттерді залалданбаған топырақта өсіру; қажет болғанда ыстық бумен өңдеу; өсімдіктердің тығыздық мөлшерін сақтау; топырақты қопсыту; көшетжайларды жүйелі түрде желдету; суару мөлшерін сақтау; көшеттерде қосымша тамырлар қалыптасуы үшін зақымданған жерден жоғары қалыңдығы 1-2 см құм себеді; танапқа көшіріп отырғызғанда тек сау көшеттерді ғана алады; өсімдіктерді танапқа уақытында егу; аз зақымданатын сорттарды өсіру; тұқымды «...Тізім» бойынша уақытылы дәрілеу.
|
6
|
Қырыққабаттың фомозы (құрғақ шірік).
|
Ауру өскіндерде қара мойнақ түрінде байқалады. Жапырақта ортасында пикнидтері бар үлкен (диаметрі 1-1,5 см) сұрғылт-қоңыр дақтар түзіледіү Қаудандар мен тамырда құрғақ шірік дамиды. Зақымданған өсімдіктерөспей, солып қалады. Тұқымдықтарда жиектері қара ақшыл-қоңыр дақтар қалыптасады. Зақымданған бұршаққындар өзгеріске түседі және оларда саңырауқұлақ пикнидтері түзілетін солғын тұқымдар қалыптасады.
|
залалданған өсімдік қалдықтарын жою; өсімдіктердің тығыздық мөлшерін сақтау; қажеттілік бойынша суару; тыңайтқыштар қолдану; тұқымдық егісті қырыққабаттың бірінші жылғы екпелерінен оқшаулау; төзімді сорттарды өсіріп керек болғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану.
|
7
|
Алма ағашының ақ ұнтағы.
|
Бүршіктер, жапырақтар, өркендер мен гүл шоқтары зақымданады. Бастапқыда олар ақ өңезбен қапталады, кейін түсі қоңырланып, қара нүкте сияқты саңырауқұлақ клейстотецийлері түзіледі. Ауруға шалдыққан жапырақтар сарғайып қурайды, ал зақымданған өркендердегі жемістер піспейді. Саңырауқұлақ шалдыққан өркендерде қыстайды.
|
жоғары техниканы сақтау, зақымданған өркендерді жою, төзімді сорттарды өсіру, Тізім бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
|
8
|
Алма мен алмұрт ағашының таз қотыры.
|
Жапырақтарда жасыл зәйтүн түсті, барқат сияқты өңезбен қапталған дөңгелек пішінді қоңыр дақтар пайда болады. Алма ағашында өңез жапырақтың үстіңгі бетінде, ал алмұртта – жапырақтың астыңғы бетінде түзіледі. Зақымданған жапырақтар мезгілінен бұрын қурап, түсіп қалып өркендердің өсуіне кері әсер етеді, ағаш әлсірейді, оның аязға шыдамдылығы мен саңырауқұлақ ауруына төзімділігі төмендейді.
|
түсіп қалған жапырақтарды, жемістерді жою, ағаш түбін қопсыту, тазқотыр белгілері байқалған кезде Тізім бойынша фунгицидтер бүрку қажет.
|
9
|
Алма ағашының монилиозы (жеміс шірігі).
|
Жемісте қоңыр дақтар пайда болады, олар біртіндеп үлкейеді және жемістің көп бөлігін басып кетеді. Кейін шіріген жемістің бетінде шоғырланып орналасқан, шеңбер сияқты, үлкен сұр түсті жастықшалар түзіледі. Саңырауқұлақтың дамуына жағдай қолайсыз болғанда жемістер көкшіл қара түсті болып, кеуіп қалады (мумификацияланады). Мұндай жемістер ағаш басында қала береді.
|
үзіліп түскен жемістер мен мумификацияланған жемістерді жою, жеміс ағаштарының зиянкестермен күресу, Тізім бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
|
10
|
Тамырдың қатерлі ісігі(тамырдың қостамақтануы).
|
Аурудың қоздырғышы өсімдікке тамырдағы жапырақтар арқылы енеді. Ұлпаға енген бактериялар көбейеді, жасушалардың бөлінуін тездететін токсиндер бөлініп шығарады, нәтижесінде тамырда ісіктер пайда болады. Уақыт өте келе ісіктер бұзылады
|
көшеттерді аурудан таза жерге отырғызу, уақытылы суару, көшеттерді отырғызғаннан кейін топырақты өндеу.
|
\№ 3 тапсырма. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру схемасын құру.
Ауыспалы егіс схемасын жасау мысалы:
Жеткілікті ылғалдану аймағында далалық ауыспалы егіс сызбасын құрайық, қарапайым қара топырақ, келесі дақылдар болған кезде: күздік бидай-160 га, картоп-80 га, тамыржемістілер-80 га, жаздық дәнді дақылдар-80 га, көпжылдық шөптер-160 га, бір жылдық шөптер жасыл азыққа-80 га (барлығы 640 га).
Күздік бидай – 160 га;
картоп – 80 га;
тамыржемістілер- 80 га; 640 га
жаздық дәнді-дақылдар - 80 га;
көпжылдық шөптер - 160 га;
жасыл азыққа біржылдық шөптер -80 га.
Танаптың минималды аумағы – 80 га. Олай болса:
Күздік бидай – 2 танап;
картоп– 1 танап;
тамыржемістілер 1 танап;
жаздық дәнді-дақылдар 1 танап;
көпжылдық шөптер - 2 танап;
жасыл азыққа біржылдық шөптер – 1 танап.
Егіс айналымының барлық алқабы - 8 дана
Енді далалық ауыспалы егіс сызбасын құрамыз.
көпжылдық шөптер;
көпжылдық шөптер;
күздік бидай;
күздік бидай;
тамыржемістілер;
жаздық дәнді-дақылдар;
картоп.
Бұл ауыспалы егісте жеткілікті ылғалдану аймағында алғы дақылға қойылатын барлық талаптар сақталған.
Таңдалған алғы дақылдарға негіздеме беріңіз.
Көп жылдық шөптерден кейін танап арамшөптерден таза, әрі тыңайған болады, сондықтан әрдайым дәнді дақылдар үшін жақсы алғы танап ретінде ұсынылады. Дәнді дақылдар атап айтқанда бидай қайталап себуді жақсы көтеретін дақылдар және сүріден немесе жақсы алғы егістен кейн екі қайтара себу ұсынылады (бұл тауарлық мақсаттағы бидай дақылының құндылығына байланысты ). Күздік бидай ерте мезгілде бастырылып, танапты ерте босатады, сондықтан жаздың соңғы айларында және күзде танапта агротехникалық шаралармен арамшөптермен күресуге және ылғал қорын қалыптастыруға жақсы жағдай қалыптасады. Екі түрлі тұқымдасқа жатқандықтан күздік бидай мен тамыржемістілердің ортақ зиянкестері мен аурулары болмайды және маманданған арамшөптері де басқа болады. Жасыл азыққа себілген дәнді дақылдар танапты өте ерте босатады. Жаз мезгілінде бірнеше мәрте өңделуіне байланысты аталған танапты екпе сүрі танаппен теңестіруге болады. Қоректік заттар мен ылғал қоры жақсы жинақталады, ол өз кезегінде картоптын дамуына оңтайлы жағдай қалыптастырады
Достарыңызбен бөлісу: |