шырмауықтар тұқымдасы, арамсояулар тұқымдасына жататын бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
бір не екі
Тұқымынан пайда болған өскіннің тамыры топыраққа бекиді. Өну қасиеті бірнеше жыл сақталады. Арамсояу – өте зиянды арамшөп. Ол зақымдаған дақыл, көбінесе тіршілігін жояды.
2
Сұңғыла
сұңғыла тұқымдасына жатады
Көп жылдық
сұңғыла жабайы жусанға да, сол сияқты мәдени өсімдіктерге де түседі. Ол жусан сияқты күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, күнбағыстың тамырында да кездеседі.
3
Ермен жапырақты ойран шөп
күрделі гүлдер тобы
бір жылдық
Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.
4
Тікенек алқа
Solanum cornutum Lam
Бір жылдық
Мәдени дақылдарды және басқа шаруашылықта пайдаланбайтын жерлерді ластайды. Химиялық әдістерден бидай егістігінде диален супер, жүгеріде харнес және диален, бюктрил препараттары, картоп, сәбіз егістігінде стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп препараттарын қолдану керек.
5
Қандауыр
сұңғыла тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
бір жылдық
Қандауыр – ауыл шаруашылық дақылдарына үлкен зиян келтіретін жартылай паразит өсімдік. Әсіресе жабайы және екпе астық тұқымдас өсімдіктердің тамырын зақымдайды.
6
Сылдырмақ
сұңғыла тұқымдасына жататын бір жылдық жартылай паразитті өсімдік.
бір жылдық
Тұқымында қанатша тәрізді жұқа өсіндісі болады, кей түрінде болмауы да мүмкін. Сылдырмақ басқа өсімдіктің тамырынан су мен ондағы еріген заттарды тамыр сорғыштары арқылы қабылдайды. Сондықтан шалғында өсетін мал азықтық өсімдіктерге көп зиян келтіреді.
7
Итқонақ
астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы
бір жылдық
Итқонақ – егістіктер мен бау-бақшаның арамшөптері. Қазақстандақұрғақ далалық аймақтар мен таулардың тастақты беткейлерінде өсетін: шоқ Итқонақ (Setaria verticillata), мысыққұйрық Итқонақ (Setaria glauca), көк Итқонақ (Setaria viridis), Италия Итқонағы (Setaria italica) деген түрлері кездеседі.
8
Түйетікен
астралылар тұқымдасына жататын екі (сирек бір) жылдық шөптесін өсімдіктер
екі (сирек бір) жылдық
Түйетікеннің көпшілік түрі арамшөп, мал жемейді, бірақ барлығы дерлік шірнелі өсімдіктер. Кейбір түрін әсемдік үшін өсіреді.
9
Қара меңдуана
алқалар тұқымдасы, меңдуана туысына жататын екі жылдық шөп
екі жылдық
Паразитті емес арамшөп Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Ол тұрғын үй, мал қораларының маңында, жол бойында, егістіктің шетінде, керексіз қоқыс төгетін жерлерде жиі өседі.
10
Жатаған бидайық
астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік
көп жылдық
Жатаған тамырлы, су жайылған жерде өседі. Ол — зиянды арамшөп, бірақ мал жақсы жейді.
Кесте - 3 - Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің және қайта өңдеу өнімдерінің негізгі зиянкестерін зерттеу(Кестедегі үлгі бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне және қайта өңдеу өнімдеріне айтарлықтай зиян келтіретін 10 негізгі зиянкесті оқып, сипаттау)
№
Зиянкес атауы
Зиянкестің сыртқы белгілері
Зиян келтіру сипаты
Қорғау шаралары
1
Астық қандаласы (бақалшақ қандала)
Бақашық қандаланың денесі тасбақа қабыршағы сияқты, тығыз хитинмен қапталған. Дене ұзындығы 10-13мм,түсі ақшыл күңгірт қоңырға дейін, дернәсілдері ересек қандалаларға ұқсас.
Бұлар аңызда, астық тұқымдас көп жылдық өсімдіктерді паналап қыстап шығады да, егіс көгін ойсырата жейді.
егінді қысқа мерзімде жинау; егіс жағалауындағы арамшөптерді құрту; егістікті сыдыра жырту; не қайырмалы соқамен сүдігер жырту. ДДТ дусы, 2,5%-ды метафос дусы, 65%-ды хлорофос қолданылады
2
Көшпелі көкқасқа шегіртке
едәуір ірі (дене тұрқы 5-6 см шамасында болатын) жәндік, оның қысқа мұртшасы, қатқыл да жіңішкелеу алдыңғы ұзын тура қанаттары (отрядтың турақанаттылар аталуы сондықтан) мен желпуіш сияқты жиналатын жалпақ артқы қанаттары , секіретін артқы ұзын аяқтары бар.
Көбейіп кеткенде көкқасқа шегіртке тұрақты мекенінен әлдеқайда алысқа ұшып барып, мәдени өсімдіктердің егістігіне қонуы мүмкін.
Көкқасқа шегіртке өте мешкей келеді.
көкқасқа шегірткеге қарсы күресті арнайы станциялар жүргізеді.
3
Алма жеміс жегісі
. Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді, алдынғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанатының басында кола түстес жылтырмен шағылысатын ірі қоңыр дақ («айна») бар; арткы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызкұрттың ұзындығы 18-22 мм, ашық-қоңыр, басты қызғылт түсті болып келеді.
Алманы, алмұртты, өрікті, алқорыны, шабдалыны және басқа тектес өсімдіктерді зақымдайды.
Ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық және еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен жемістерді жинау. Пайдалы энтомофагтарды қорғау. Егер аптасына торға қыстап шыққан ұрпақтан аталықтары және жазғы ұрпақтан 3-4 еркек көбелектер түссе нем100 ц/га жоспарланған түсімде зақымданған жемістер мөлшері 2% болса, онда мұндай жағдайда түсімділікті белсенді түрде қорғау қажеттілігі туындайды. Өңдеулерді «Тізімге…» сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.
4
Қамба бізтұмсығы
Қоңыздары ұсақ 2-3мм, қара-қоңыр немесе қара түсті болып келеді. Қамба бізтұмсығының сыртқы қабығы жылтыр, артқы қанаттары дамымай қалған. Күріш бізтұмсыға – тегіс немесе шамалы жылтыр, қанаттары дамыған және қанаттарының үстінде екі қызғылт дақтары бар. Дәнді құрттар, қуыршақтар мен қоңыздар қыстайды.
Бізтұмсықтар сақтаудағы бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күріштін.жүгерінің, сұлының дәндерін зақымдайды. Күріш бізтұмсығы көп коректі.
егіс жағалауындағы арамшөптерді құрту; егістікті сыдыра жырту; Өңдеулерді «Тізімге…» сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.
Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы 0,7-1,3мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дейін дамиды.
Картопты, шамалы түрде асбұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Картоп екпе материалы арқылы зақымданады.
Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау кажет (85-90% ылғалдылык, температура +1…+3°С деңгейде).
6
Күнбағыс мұртты қоңызы
Кара, жылтыраған денесінің ұзындығы 15-20мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үстіңгі жағының түктері сары немесе сұр түсті. Мұрттары денесінен ұзын болып келген. Дернәсілі акшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы 22-25 мм.
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын есімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсарыны закымдайды. Қоныздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды.
Күнбағыстың сауытты сорттарын егу, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелегінің құрттары оны немере алмайды. Сымкұрттар мен жалған сымкұрттарды терендігі 25-30см, калемі 0,25 м" 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп, есепке алады. 93Ш саны - 5-10 дернәсіл/м". Көктемгі-жазғы мезгілде ауа райынын және ылғалды мезгілінде шалғынды көбелек өте ( ӘЗШ саны 5-10 дернәсіл/м2). Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Егісті «Тізім…» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді. Күнбағыс мұртты коңызына қарсы күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет. Егіс алкабындагы өсімдік қалдықтары және оларды өсімдік сабағынан қоңыздар ашқанға дейін пайдалану керек. Терең сүдігер және қатар аралық өңдеу зиянкестер санының көмектеседі.
7
Бұршақ немесе акация көбелегі
Құрттың денесінің ұзындығы 15-20 мм, басары - коныр, ал тұлғасының түсі коныр - жасыл, қоңырлау немесе акшыл - қызыл болып келеді. Құрт пілләнін шінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады. Жұмырткаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың кабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді.
Бірінші ұрпақ акацияда, бұршақта, сиыр жонышкада, шинода дамиды. Екінші және үшінші май бұршаққа, люпинге, жазғы мерзімде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.
Бұршақ тұкымдастарының егісін ақ және сары акациядан кеңістікті оқшаулау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағанан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқадан шығуы кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет.
8
Жасыл алма бітесі
Қанатсыз ұрғашы бітелердің ұзындығы 1,5-2мм, ақшыл-жасыл, қара-қоңыр басы және шырынды түтікшелері бар. Аталықтары аналықтарынан кішірек болып келеді. Дернәсілдері 0,5-1,5мм, ашық немесе қара-жасыл түсті, қызыл көздері бар. Жұмыртқалар бүршіктерінің басында немесе бір жылдық өркендерде қыстайды. Дернәсілдері бүршік жарғанда жұмыртқадан шыға бастайды.
Шекілдеуікті жемістер тұқымдастарын зақымдайды.
Күресу шаралары. Шыбықтар мен тамыр шыбықтарын кесу. Бүршік жарғанға дейін 0,5 метрлік төрт бұтақта 30 астам жұмыртқа болса, ал вегетация кезеңінде 100 жапырақта 15 бітелер тобы байқалса, «Тізім…» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдеу жүргізу қажет.
9
Қарақаттың қанат көбелегі
Көбелектер жұмыртқаларын бір-бірден, көбінесе бұтақ кабыктарындағы түрлі жарықшаларының маңайына салады. Оларда жұмсақ кара қабырғалы жұлдызқұрт тескен жолдар жасайды. Көктем мен жаз бойы жұлдызқұрттар бұтақтарға жайлап өрмелеп, олардың бас жағын зақымдайды. Күзде олар 2,0-2,5см дейін жетеді және екінші рет бұтақтардың ішінде қыстап шығады.
Жұлдызқұрттармен зақымданған бұтақтар көбінесе өліп қалады. Қарақат пен қарлығанның кең таралған зиянкесі.
Жидек ағаштарын гүлдегеннен кейін инсектицидтермен бүрку. Екпе ағаштарын жақсылап күту бұтақтардың закымдануын тоқтатады, Ерте көктемде түптері жұлдызқұрттарымен зақымданған бұтақтарды кесу және бірден жою маңызды. Кесу кезінде түбірін қалдырмаған жен; ірі кесінділерге бак нұмын жағу. Сонымен қатар кектем мен жаз бойы өсімдікті мұқият тексеріп, мөлдір қанат көбелекпен закымданған бұтақтарын сау жеріне дейін кесіп тастау қажет.
10
Қарлыган қанкөбелегі
Қуыршақтары топырақтың жоғарғы қабатында қарақат пен қарлығаш түптерінін астында өрмек пілләларында кыстайды. Көктемде жидек ағашы гүлдеу алдында қуыршақтар көбелектерге айналады. Олар жұмыртқаларын каракат пен қарлығаш гүлдеріне салады. Жұмыртқадан шыккан көбелек құрттар түйіндерге еніп, оларды жей бастайды. Жоғары жастағы жұлдызкұрТтардын ұзындығы 1,8см дейін жетеді.
Қанкөбелек жұлдызкұртымен зақымданған жидектер қурап қалады. Өрмекке оралған олар сау жидектердің ортасында байқалады Бұл каракат пен қарлығанның ең қауіпті зиянкестерінің бірі Бір жидектен екіншісіне көшкен жұлдызқұрттар оларды өрнекпен орап алады. Бір ай шамасында закымдайды.
Қанкөбелек жұлдызқұрттары кеткен жағдайда инсектипидтердің ерітіндісін бүрку қажет. Бүркуді каракат пен карлыған гүлдегеннен кейін бірден жүргізеді.Топырақты өңдеу куыршактың біршама бөлігін жояды. Кішігірім бақтарда жұлдызкұрттарды зақымданған жидектермен қос қолмен жинау ұсынылады.