Анықтауыш құрылысына қарай
1.Дара анықтауыш
|
Бір сөзден болған анықтауышты дара анықтауыш дейміз. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас.
|
2. Күрделі анықтауыш
|
Күрделі сөзден, сөз тіркесінен болған анықтауышты күрделі анықтауыш дейміз.
1.Сын есім, зат есім, сан есімдердің туынды сын есімдермен тіркесі. Қызылшаның қою бояулы жапырағы жайыла өскен.
|
2.Күрделі есімдер күрделі анықтауыш болады.
Қою қара сақалды жігіт ағасы сәлем бере кірді.
|
3. Күрделі сан есімнен болады. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың көктемі болатын.
|
4. Күрделі етістік. Қыр төсінде марқайып қалған қозылар жайылып жүр.
|
5. Тәуелді жалғауының үшінші жағында келген зат есімдер тіркесі күрделі анықтауыш болады. Сәбит Ораздың жасы үлкен баласы еді.
|
6. Есімшеге аяқталған сөз тіркестері күрделі анықтауыш болады.
Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
|