Одағайдың түрлері
Түрлері
|
Мысалдар
|
1.Көңіл-күй одағайлары
|
алақай, әттең, қап, әттегенай, бәрекелді, т.б.
|
2. Жекіру одағайлары
|
тәйт, тек, жә, т.б.
|
3. Шақыру одағайлары
|
шөре-шөре, моһ-моһ, қос-қос, қош, қырау-қырау
|
ГРАММАТИКА
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
Сөйлем түрлері
|
Түрлері
|
Анықтамасы
|
Мысалы
|
1.Хабарлы сөйлем
|
Бір нәрсе жайында баяндауды, хабарлауды мақсат еткен сөйлем
|
Айнала тым көңілді болып кеткен
|
2. Сұраулы сөйлем
|
Айтылу мақсаты жауап қайтаруды қажет еткен сөйлем
|
Қалаға барасың ба?
Қалаға барамысың?
|
3. Лепті сөйлем
|
Сөйлеушінің көңіл-күйін, өктем бұйрығын білдіретін сөйем
|
Кәне, тоқ етерін айт, бала!
|
4. Бұйрықты сөйлем
|
Айтылу мақсаты біреуге бұйыруды, тілек-өтініш етуді білдіретін сөйлем
|
Ақмарал, домбыра тартып, ән салшы!
Мына қымызды ішіңіз.
|
Хабарлы сөйлем
|
Білдіретін мағынасы
|
Мысалдар
|
1. Іс-әрекеттің болғанын білдіреді
|
а) Қыстаудың ық бетін қалың қар басқан (өткен шақ).
ә) Көзін бір нүктеге қадап ойланып отыр (осы шақ).
б) Сәрсен келесі жылы Алматыға бармақ.
|
2. Іс-әрекеттің болмағанын білдіреді
|
а) Ұзақ айтыстың қызуы әлі басылмаса керек (болымсыздық болжал-тұспалмен айтылған).
ә) Екеуінен өзге жан жоқ (болымсыздық анық ашық айтылған).
|
Сұраулы сөйлем
|
Жасалу жолдары
|
Мысалдар
|
1. Сұрау есімдіктерінің қатысуы арқылы
|
Астанаға қашан барасыз?
|
2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ше сұрау шылауларының қатысуы арқылы
|
а) -Аққұм ауылын білесіз бе?
ә) -Аққұм ауылын білемісіз?
|
3. Болар, шығар, қайтеді, деген көмекші сөздердің қатысуы арқылы
|
-Университетке түскіңіз келетін шығар?
|
4. -ғой, -ау шылауларының, ә, сірә сияқты оқушау сөздердің қатысуы арқылы
|
-Дәрігермін дедің-ау?
-Мен саған түсіндіре алмадым-ау, сірә?
|
5. Сұрау интонациясы арқылы
|
-Айжан, қашан келдің?
-Кеше
-Кеше?
|
Лепті сөйлем
|
Мысалы
|
Мағынасы
|
Жасалуы
|
Бала, тапжылма орныңнан!
|
Бұйыру мағынасы
|
Бұйрық райлы етістіктен
|
Ой, тілеуіңді берсін, қарағым!
|
Риза болушылық
|
Одағай сөздер
|
Алақай, сені де көретін күн бар екен-ау!
|
Қуану
|
Одағай сөздер
|
Қап, сүтті сиыр еді, табылғаны абырой болар еді!
|
Өкініш
|
Одағай сөздер
|
Биылғы жылы егіннің шығымдысын-ай!
|
таңдану
|
Демеулік шылаулар
|
Гүлдене бер, Қазақ елі!
|
Ұран
|
|
Менің де ұлым сен сияқты домбырашы болар ма екен!
|
Арман
|
|
Бұйрықты сөйлем
|
Мысалдар
|
Мағынасы
|
Жасалуы
|
Мүсілімжан! Жылама, тый көзіңнің жасын! (С.С.)
|
бұйыру
|
Баяндауышы бұйрық райлы етістік
|
Ренжіте көрмеңдер (Ғ.Мұст.)
|
тілек
|
|
Салшы ақыным, таразылап зейінге (Ғ.Орманов)
|
тілек
|
-шы, -ші жұрнақты бұйрық райлы етістік
|
Ағат айтсам, ғафу етіңіз! (М.Ә.)
|
өтініш
|
|
Қане, көтеріп жіберейік! (Б.М.)
|
қалау
|
Қалау райлы етістік
|
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
БАСТАУЫШ
Бастауыш құрылысына қарай
|
1. Дара бастауыш
|
Бір сөзден болған бастауышты дара бастауыш дейміз. Мыс: Білім –адамның қанаты
|
2. Күрделі бастауыш
|
Екі одан да көп сөздерден құралған бастауышты күрделі бастауыш дейміз.
1. Сөз тіркесімен берілген мемлекет, мекеме, жер-су аттары, кісінің өз аты мен ата тегі күрделі бастауыш болады.
Абай Құнанбаев – классик ақын.
2. Негізгі сөз бен көмекші есімнің тіркесі күрделі бастауыш болады. Ырыс алды – ынтымақ. (Мақал)
3. Ілік септігіндегі сөз бен ІІІ жақтағы тәуелдік жалғауы негізгі сөздің тіркесі күрделі бастауыш болады.
Егін шаруашылығы – табыс кілті.
4. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелеулі көмекші сөздер тіркесі күрделі бастауыш болады. Есіктің алды – терең сай.
5. Атау тұлғалы күрделі сан есімдер. Бес жүз қырық алты екіге бөлінеді.
6. Көмекші етістіктер атау тұлғада тұрған тұйық етістікпен тіркесе келген күрделі етістіктер. Туған елге барып қайту – менің үлкен арманым.
7. Есіммен атау тұлғасы тұйық етістікпен жасалған күрделі сөздер. Туған елге қызмет ету – баршамыздың борышымыз.
8. Етістік сыңары атау тұлғадағы есімшеден есім сыңары адам, кісі сияқты зат есімнен болған сөздер тіркесі.
Бұл әңгімені көрген адам айтты.
|
Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:
Құрылысына қарай
|
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең?
|
Дара
|
Болат кітап оқып отыр.
Менің елім егемендік туын көтереді.
|
Күрделі
|
Абай Құнанбаев – қазақтың бас ақыны. (А.Байтұрсынов)
Ырыс алды – ынтымақ (Мақал)
|
Үйірлі
|
Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын. (Абай)
Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. (Мақал)
|
БАЯНДАУЫШ
Баяндауыш құрылысына қарай
|
1. Дара баяндауыш
|
Бір сөзден болған баяндауышты дара баяндауыш дейміз. Мыс: Ердің сәні – еңбек (Мақал)
|
2. Күрделі баяндауыш
|
Сөз тіркесінен, күрделі сөзден не тұрақты тіркестен болған баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз.
Күрделі етістіктерден жасалады.
Текежанмен бірге барлық топ қозғала берді.
Есім сөздерге, көсемшеге, есімше мен бар, жоқ сөздеріне еді, екен, көр, бол т.б. көмекші және керек, шығар, болар, тиіс, сияқты, секілді, тәрізді, болса, көрінеді т.б. сөздер тіркесіп күрделі баяндауыш жасалады. Абай бұл арада үндеген жоқ еді.
Ілік септігінде тұрған сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі де күрделі баяндауыш болады. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай)
Күрделі сан есімдер. Ахмет ақсақал жетпіс алтыда.
Күрделі атаулар.
Киев – Украинаның астанасы.
6. Тұрақты сөз тіркестері де күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты.
|
Баяндауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:
Құрылысына қарай
|
Сұрақтары: не істеген? не қылған? қайтті? не болмақ? немене? кімдікі? ненікі?
|
Дара
|
Таң атқанша тарандық. (Махамбет)
Ердің сәні – еңбек (Мақал)
|
Күрделі
|
Тәкежанмен бірге барлық топ қозғала берді. (М.Әуезов)
Ахмет ақсақал жетпіс алтыда. Шошығаннан шешесі есінен талып қалды (Ы.Алтынсарин)
|
Үйірлі
|
Бұл істі ақылдаспай істегенімізде қателік болар еді.
Өміртай маған жақсы жолдас болған еді. Ол-жігіт болған шығар. Бұл үйдің еркегі ері емес, өзі тәрізді. Мезгіл түс болып қалған екен.
|
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
|
Сызықша қойылу себебі
|
Мысалдар
|
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса.
|
Аяқ – азамат, қол – мүлік, бас – сандық, тіл – кілт (Мақал). Тіл – қоғамдық құбылыс.
|
Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса.
|
Бұл – үлкен қазына. Ол – бүгінде атақты ғалым.
|
Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса.
|
Абзалдың үлкені – осы Сабыр.
Отыз – жұп сан. Алыстан мұнартып көрінген – біздің ауыл.
|
Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса, керісінше бастауыш зат есімнен болып, баяндауыш тұйық етістіктен болса
|
Еңбек ету – ардақты іс.
Ардақты іс – еңбек ету.
|
Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса.
|
Үш жердегі үш – тоғыз.
Екі бесіміз – он.
|
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған сөйлем мүшесінің анықтауыш деп шатастырмас үшін.
|
Бұл – ақынның тапқырлығын байқатады. Ол – қаладағы нағашысының қолында тұрады.
|
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен болса.
|
Жақсы – ісімен жақсы. (Мақал)
|
Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін.
|
Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.
|
Бастауыш І, ІІ жақтың жекеше я көпше тұлғадағы есімдіктен, баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда
|
Мен – тауда ойнаған қарт марал (Жамбыл). Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын (Абай).
|
Бастауыш алд (ы), жан (ы), қас (ы), үст(і), аст(ы) т.б. сияқты көмекші есімдердің жалаң өзінен болып, баяндауыш та есім сөзден болса
|
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ (Абай).
|
ПЫСЫҚТАУЫШ
Достарыңызбен бөлісу: |