Тұйық етістігінің сөйлемдегі қызметі
Сөйлем мүшелері
|
Мысалдар
|
Бастауыш
|
Тасегеннен жол тарту - бәрімізге ортақ іс.
|
Баяндауыш
|
Тек адамға ғана біткен қасиет - сөйлеу
|
Толықтауыш
|
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға (Абай)
|
Анықтауыш
|
Әлидің мәжілісте сөйлеуінің жөні келіп тұр.
|
ҮСТЕУ
Үстеу
|
Сұрақтары
|
қайдан? қалай? қанша? қашан? қайда?
|
Жасалуы
|
а) негізгі үстеулер; ә) туынды үстеулер;
б) күрделі туынды үстеулер.
|
Мағынасына
қарай
|
а) мезгіл үстеулер; ә) мекендік үстеулер; б) сын-қимыл үстеулер; в) мөлшерлік үстеулер; г) күшейткіш үстеулер; д) мақсат үстеулер; е) себеп-салдар үстеулер
|
Үстеулердің мағыналық түріне қарай бөлінуінің кестесі
|
Үстеудің түрлері
|
Сұрақтар
|
Үстеулер
|
1. Мезгіл үстеу
|
қашан? қашаннан?
|
ерте, кеш, күндіз, бүгін, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, әлі, ендігәрі,
Бұрын, әуел баста, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, қыстай, ала жаздай, бағана, күні-түні, күні бойы т.б.
|
2. Мекен үстеу
|
қайда? қайдан?
|
ілгері, кейін, ілгеріде, әрі, әріде, кері, жоғары,-төмен, жолшыбай, жол-жөнекей, алға, артта, алды-артынан, тысқары т.б.
|
3. Сын-бейне үстеу
|
қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше?
|
осылай, осылайша, сөйтіп, өйтіп, бүйтіп, бірден, бірдей, бірге, біртіндеп, ойша, бұрынғыша, өзінше, әлінше, көзімше, пәрменімше, тікелей, қайыра, қолма-қол, кезек-кезек, әрең-әрең, өзді-өзді, ойлай-ойлай, бет алды, қаннен-қаперсіз т.б.
|
4. Мөлшер үстеу
|
қанша? қаншалық?
|
онша, сонша, осыншама, соншалық, оншама, мұншама, анағұрлым, бірен-саран, көптеген, бірталай
|
5. Күшейткіш үстеу
|
қалай? қандай?
|
ең, әбден ылғи, кілең, сәл, өңшең, тіпті, нақ, нағыз, тым, әбден, мүлдем, сонша, төтенше, жөнсіз, орасан, ерен, аса, өте т.б.
|
6. Мақсат үстеу
|
қалай? не мақсатпен?
|
әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана
|
7.Себеп-салдар үстеуі
|
не себепті? неге? қалай?
|
босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан
|
Жалаң үстеулердің жасалуы
|
Түрлері
|
Жұрнақтары
|
Мысалдар
|
Есім сөздерден үстеу тудыратын жұрнақтар
|
-ша, -ше
-лай, -лей,
-дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін
-шама,
-шалық, -шелік
|
Жаңаша, бұлбұлша
ақшалай, күздей, осылай, қыстай, үкідейін,
осыншама
соншама,
соншалық
|
Етістіктен үстеу тудыратын жұрнақтар
|
-майынша,
-мейінше,
-пайынша, -пейінше, -байынша, -бейінше
|
Ауырмайынша, бермейінше
айтпайынша, бітпейінше
|
Барыс септік жалғауларының көнеленуінен
|
|
Босқа, текке, зорға, бекерге
|
Жатыс септік жалғауларының көнеленуінен
|
|
әлгіде, баяғыда, күнде, қапыда
|
Шығыс септік жалғауларының көнеленуінен
|
|
Жүресінен, шалқасынан, әуелден
|
Көмектес септік жалғауларының көнеленуінен
|
|
Ретімен, жөнімен, шынымен, кезекпен
|
Күрделі үстеулердің жасалуы
|
1. Сөздердің бірігуі арқылы
|
Таңертең (таң ертең), биыл (бұл жылы),
бүгін (бұл күн)
|
2. Сөздердің қосарлануы арқылы
|
Ілгері-кейін, азар-безер, әрең-әрең, жоғары-төмен, үсті-үстіне
|
3. Сөздердің тіркесуі арқылы
|
Күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әуел баста, ала жаздай
|
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
|
Сөйлем мүшелері
|
Мысалдар
|
1. Пысықтауыш
|
Әбіш биыл тағы да
Петербургке барып, келер
жылы оқуын тамамдап
қайтатынын айтты (М.Әуезов)
|
2. Баяндауыш
|
Біз жоғарыданбыз. Мен осылармен біргемін .
|
3. Анықтауыш
|
Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш болады. Ұлытудың етегіне бау-бақшасымен кең жайыла орналасқан өңшең аласа үйлі қала (М.Әуезов)
|
ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР
Еліктеу сөздердің жасалу жолдары
|
Түрлері
|
Жұрнақтары
|
Мысалдар
|
1. Негізгі еліктеу сөздер
|
|
ар, ыр, арс, бұлт, былқ, сылқ, кілт
|
2. Туынды еліктеу сөздер
|
а) -ң, -ың, -ің, -аң, -ең
|
Жалтаң, қисаң
|
ә) -лаң, -лең, -алаң, -елең
|
ирелең, шұбалаң, бұралаң
|
3. Күрделі еліктеу сөздер
|
а) негізгі еліктеу сөздердің қайталануынан
|
зыр-зыр, елп-елп, быш-быш, жарқ-жарқ
|
б) негізгі және туынды еліктеу сөздердің қосарлануынан
|
сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, адыраң-едірең, олпы-солпы
|
Еліктеу сөздер
|
Түрлері
|
Мысалдар
|
1. Еліктеуіш сөздер
|
сылдыр, гүрсіл, сыбдыр, күңк, мыңқ, арс, гүрс
|
2. Бейнелеуіш сөздер
|
жарқ, елең (етті), жалт (етті), жалп (етті), алшаң, маң-маң, адыраң-адыраң
|
Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі
|
Сөйлем мүшелері
|
Мысалдар
|
1. Баяндауыш
|
Еліктеу сөздер көмекші етістіктермен тіркесіп, сөйлемде күрделі баяндауыш құрамына кіреді.
Алыстан өткір сәуле жарқ етті.
|
2. Пысықтауыш
|
Құлагер бүлк-бүлк желіді.
|
ШЫЛАУ
Шылау
Атау септігі сөздермен тіркесетін септеуліктері арқылы, жайында, жөнінде, туралы, үшін, сайын, сияқты, сынды секілді, тәрізді, түгіл, құрлым
Септеуліктер
Шығыс септігі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, әрі, бері, бұрын, басқа, бөтен, ілгері, тыс, шет, аса, астам, артық, былай, бастап
Барыс септігі сөздермен тіркестердің септеуліктері: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, жорта, сәйкес, қарсы
Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктері қатар, қабат, бірге
Шылаулар
|
Мағыналары мен қызметтеріне қарай
|
Септеулік шылаулар
|
Демеулік шылаулар
|
Жалғаулық шылаулар:
а) ыңғайластық жалғаулықтар;
ә) қарсылықты жалғаулықтар;
б) талғаулықты жалғаулықтар;
в) себеп-салдарлық жалғаулықтар
|
Одағай
|
Мағынасына қарай
|
Көңіл күй одағайлары
|
Жекіру немесе ишарат одағайлары
|
3. Шақыру одағайлары
|
Сұрау шылауын болымсыз етістік жұрнағынан ажырата біл
|
Етістік
|
ма – сұрау шылауы
|
ма – болымсыздық жұрнақ
|
оқы
айт
|
оқыған ба?
оқы ма?
отыр ма?
оқымақ па?
оқыдыма?
оқып па?
айтпап ба?
айта ма?
айтар ма?
айтып па?
айтпақ па?
айтты ма?
|
оқыма
айтпа
|
Шылаудың түрлері
|
Түрлері
|
Шылаулар
|
І. Септеуліктер
|
Атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: арқылы, жайында, туралы, үшін, сайын, сияқты, сынды, секілді, тәрізді, түгіл, құрлым
|
Барыс септігі: сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, қарсы, сәйкес
|
Шығыс септігі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, әрі, бері, бұрын, басқа, бөтен, ілгері, тыс, шет, бастап, аса, астам, артық, былай, бетер
|
Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер:
қатар, қабат, бірге
|
ІІ. Жалғаулықтар
|
Ыңғайлас жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пене, да, де, та, те, және, әрі
|
Талғаулықты жалғаулықтар: я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде
|
Қарсылықты жалғаулықтар: алайда, әйтпесе, әйтпегенде, әйткенмен, бірақ, дегенмен, сонда да
|
Себеп-салдар жалғаулықтар өйткені, себебі, неге десең, сондықтан, сол себепті
|
Шартты жалғаулықтар: егер, егер де, онда
|
ІІІ. Демеуліктер
|
Сұраулы демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше
|
Тежеу демеуліктер: ғана, тек
|
Күшейткіш демеуліктер: -ақ, әсіресе, да, де, та, те
|
Қарсы қою, салыстыру мағынасындағы демеуліктер: түгел, тұрсын, тұрмақ
|
Көңіл-күйін білдіретін демеуліктер:
-ау, -еу
|
Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой,
-ды, -ді, -ты, -ті
|
ОДАҒАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |