«Кәусар» баспасы Нұр-Сұлтан – 2020



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата04.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#167418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Мұң Қосбасар1

Ғазиз ЕШТАНАЕВ,
ақын, филология 
ғылымдарының кандидаты, 
Қазақстан Жазушылар одағының
және Журналистер одағының мүшесі
* * *
Орал күйшіні жастайымнан естіп өстім. Өнердегі ұлағатты ұстазым 
еді. Домбыраның қыр-сырын өз қолынан үйрендім десем де болады. Тұла 
бойы тұнған дарын, Арқа күйінің шырақшысындай еді, әр күйдің сазын 
өбектеп, қосбасардың қырық құбылған қағысын түгендеген, сөйтіп оны 
кейінгіге аманат еткен асыл жан болатын.
Кезінде Орекеңнің шерткенін Ақселеу Сейдімбек тыңдап, жоғары 
бағалаған, Мағауия Хамзин естіп, шеберлігіне тәнті болған. Әттең, Орекең 
мақсатты түрде өнер жолын қуған жоқ. Елдегі көнекөз қариялар шерткен 
күйлерді көкірегіне тоқыған абыз күйші ретінде күйтану тарихында аты 
қалды.
Мына арнау жырымды кезінде Орекеңді еске алу құрметіне арнайы 
жазған ем. Сәті түсіп Орекеңнің күй кітабына ұсынып отырмын.
Орал Истайұлының мұрасы халық жүрегінен ешқашан өшпейді!


12
АРЫЛУ
Ұстазым, Арқадағы күйшілік өнердің
танымал өкілі Орал Исатаевқа
Бақ қашса, алар сор қамап,
Қу тірлік – құрдым естіге.
Көзімнің жасын сорғалат,
Бас, көке, «Көкейтестіге!»
Бал тамыз, аға, бармақтан,
Көзімнен сезім сөзін ұқ.
Санама түскен салмақтан
Жұлын, ми жатсын езіліп.
Сағынудан да шаршадым,
Сарғая берсең, сор тұнбақ.
Тарта түс,
Осы – аңсарым,
Тұла бой жатсын солқылдап.
Бебеулет, боздат, бай-байлат,
Сайқалды бездір қаңғыртып.
Жіберсем бе екен айқайлап,
Аспанның астын жаңғыртып?!
Сағақтың бойын қуалай,
Салалы саусақ, сал ойнақ.
Сенен де қашқан талай бақ,
Менен де қашқан талай бақ.
Пернеңе сіңіп тамшы-үміт,
Шерте түс,
Шерде – құт-бағың.
Аспанға жатсын шаншылып
Шанақтан шапшып шыққан үн.


13
Жасаурап жүрек жанары,
Жыласын, күлсін, толқысын.
Жаныма жағып барады,
Тарта түсші, аға, сол тұсын.
Тартар ем өзім,
Қол қысқа.
Бебеулет,
Боздат,
Қу,
Қаусат!
Бөгеле тұршы сол тұста,
Безектеп қалғыр қу саусақ.
Белгілі мұның бітпес,
Басылмас күйді аңсау шақ.
Сол тұста жанның нүктесі,
Қадалып сонда қал, саусақ.
Тоқтатпа күйді,
Сұраймын,
Тұрсыншы елтіп бар маңай.
Ақ сәуле шашқан Арман-ай,
Бебеу де бебеу жалған-ай!
Беу! Жалған-ай!
Жезқазған.
2014 жыл


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет