Анықтама:Сынау нәтижесінде мүмкін болатын мәндерден алдын-ала белгісіз бір ғана мәнді тәжірбие нәтижесіне байланысты қабылдайтын шаманы кездейсоқ шама деп атаймыз.
1-мысал : Жаңа туған 100 нәрестелердің арасындағы ұл балалар саны 0, 1, 2, ..., 100 дейінгі мүмкін болатын мәндерді қабылдай алатын кездейсоқ шама болып табылады.
Кездейсоқ шамаларды X, Y, Z, бас әріптермен, ал олардың қабылдайтын мәндерін x,y,z кіші әріптермен белгілейміз.
Мысалы, егер Х кездейсоқ шамасының қабылдай алатын үш мүмкін мәндері бар болса, онда оларды х1, х2, х3 деп белгілейміз.
Анықтама: Дискретті (үздікті) кездейсоқ шама деп белгілі ықтималдықтары бар жеке, дербес мәндерді қабылдай алатын шаманы айтамыз.
Дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін мәндерінің саны ақырлы немесе ақырсыз болуы мүмкін.
Анықтама: Үздіксіз кездейсоқ шама деп, қандай да бір ақырлы немесе ақырсыз аралықтағы барлық мәндерді қабылдайтын шаманы айтамыз.