Л дыбысы және әрпі
Тақырыбы: «Л» дыбысы және әрпі.
Кезең: дыбыс қою.
Сабақтың мақсаты: дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу.
Құрал - жабдықтар: айна, артикуляциялық жаттығулардың фото жинағы, заттық суреттер, белгі беретін жалауша.
Сабақтың жоспары:
1. «Л» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын орындау.
2. Дыбысты қою.
3. Сабақтың қорытындысы.
4. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1. Логопед: «Л» дыбысын дұрыс айтып үйрену үшін тіл мен ерінді жаттықтыру қажет. Мен саған фото көрсетемін, ал сен есіне жаттығуды түсіріп, өзің істеп көрші. Жаттығудың орындалу дұрыстығын айна алдында бақыла. (Оқушы жаттығуды орындайды).
Логопед: келесі жаттығу «тәтті тосап» деп аталады. Жоғарғы ерінде тәтті тосап тұр деп елестет. Жоғарғы ерінді жалайық. (суретті көрсете отырып, логопед жаттығуды орындайды. Санау арқылы (1 - 3) оқушы жаттығуды орындайды).
- «Кесе» жаттығуы. Тілдің бүйір жақтары жоғары қарай қайырылған. (Логопед жаттығуды орындайды және суреттеді көрсетеді). Жаттығу оқушымен орындалады.
- Мен тағы бір жаттығу жасаймын қарашы. Кесе күйіндегі тілді ауызға кіргізу, ал ерінді дөңестеу. Оқушы жаттығуды қайталайды.
Логопед: Сен мені тыңда, мұқият. Елестет біз екеуміз өзеннің бойында тұрмыз. Жанымыздан пароход өтіп бара жатыр, іші толған адам. Ал енді, пароходтың дауысы қалай шығады, тыңдап көрейікші: Л – ллл.... Енді сен айтып көрші.
Оқушы: «Л – ллл» ( қолымен моторчигін сезініп жасайды)
Логопед: Жарайсын. Енді, «Бағынбайтын тілді жазалау»
Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып «пя - пя – пя...» деп айтайықшы. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден 5-10-ға дейін санап, ұстап тұр.
Оқушы: Жасайды.
Логопед: Қане, есімізге түсірейік. Пя – пя – пя созып айтайықшы.
Оқушы: Пя – пя – пя...
Логопед: Пароход қалай дыбыс шығарады?
Оқушы: Л – л – ллл...
Логопед: Мен қазір саған бірнеше дыбыстарды айтамын, ал сен «л» дыбысын естігенде жалаушаны көтер. « Р, Л, М, Н, Ж, Т, Д, Ж»
3. Сабақтың қорытындысы. Баланың жұмысын бағалау.
4. Үй тапсырмасы. Қарлығаш және үйректің әнін айтып үйрену
Достарыңызбен бөлісу: |