Тұжырымдаманың мақсаты ғаламдық бәсекелестік жағдайларында Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ететін, электрондық ақпараттық ресустардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу деңгейіне қол жеткізу және сол деңгейде ұстау болып табылады.
Аталған мақсатты орындау үшін мынадай өзара байланысты міндеттерді шешу және негізгі индикаторларға қол жеткізу қажет: 1. Зарарлы бағдарламалық-техникалық ықпалға төзімді бағдарламалық өнімдер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін және телекоммуникациялық жабдық, жасау бойынша адами капиталды және отандық АКТ саласының әлеуетін дамыту, қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау; Негізгі индикаторлар: 1) Ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты 2019 жылға қарай 5%-ға, 2020 жылға қарай – 5%-ға, 2021 жылға қарай – 5%-ға, 2022 жылға қарай – 5%-ға арттыру. 2) Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған және қайта даярланған мамандардың саны 2019 жылға қарай -585 (85-даярлау, 500 – қайта даярлау), 2020 жылға қарай – 685 (85 – даярлау, 600 – қайта даярдау), 2021жылға қарай – 940 (240 – даярлау, 700 – қайта даярлау), 2022 жылға қарай – 1040 (240 – даярлау, 800 – қайта даярлау). 3) Ақпараттандыру және байланыс саласындағы отандық бағдарламалық өнімдерді 2018 жылға қарай – 10%-ға, 2019 жылға қарай – 10%-ға, 2020 жылға қарай – 10%-ға, 2021 жылға қарай – 10%-ға, 2022 жылға қарай – 10%-ға арттыру.
2. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздігі және ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйесінде АКТ-ны қауіпсіз пайдалануды нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, құқық қолддану практикасын, әдіснамалық базаны жетілдіру; Негізгі индикаторлар: 1) Стандарттар мен нормативтік құқықтық актілердің 100% өзектілігіне жыл сайынғы талдау жасау 2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қауіпсіз пайдалану саласындағы үйлестірілген стандарттардың саны 2018 жылға қарай – 5, 2019 жылға қарай – 5, 2020 жылға қарай – 5, 2021 жылға қарай – 5, 2022 жылға қарай – 5.
3) Компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу (KZ-CERT) 2018 жылға қарай – 2, 2019 жылға қарай – 2, 2020 жылға қарай – 2, 2020 жылға қарай – 2, 2021 жылға қарай– 2, 2022 жылға қарай – 2.
4) .КАЗ және .KZ домені бар Интернет-ресурстармен шифрланған деректер беруді пайдалануға көшу 2018 жылға қарай 20%, 2019 жылға қарай – 40%, 2020 жылға қарай – 60%, 2021 жылға қарай – 80%, 2022 жылға қарай – 100% болады.
3. Барлық ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қатысты ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті мемлекеттік басқарудың жоғары бейімделген және біріктірілген жүйесін құру. Негізгі индикаторлар: 1) 2022 жылға қарау үйлестіруші Ұлттық жедел ақараттық қауіпсіздік орталығы құрылатын болады. 2) 2022 жылға қарау қаржы-банк, тау-кен қазу, отын-энергетикалық, ақпарат және байланыс, өнеркәсіп, әскери салаларда ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге әрекет ету функциялары бар ақпараттық қауіпсіздікті мониторингілеу орталықтары құрылатын болады. 3) мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік орталықтарына қосылған мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің, мемлекеттік емес, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық жүйелерінің пайызы 2018 жылға қарай – 20, 2019 жылға қарай – 40, 2020 жылға қарай – 60, 2021 жылға қарай – 80, 2022 жылға қарай – 100.