Киберқауіпсіздік ТҰжырымдамасы («Қазақстанның киберқалқаны»)



бет1/11
Дата08.04.2022
өлшемі80,21 Kb.
#138412
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
& & 07


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы «___» __________ № ____
қаулысымен бекітілді
Киберқауіпсіздік
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
(«Қазақстанның киберқалқаны»)


Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Ағымдағы ахуалды талдау
3. Халықаралық тәжірибе
4. Мақсат, міндеттер және негізгі индикаторлар
5. Іске асыру механизмдері
6.Осылар арқылы Тұжырымдаманы іске асыру ұйғарылып отырған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі


1. Кіріспе


«Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясының тәсілдерін есепке ала отырып Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес жасалды.
Тұжырымдама мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, «цифрлы» экономиканы дамыту және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту перспективалары, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету саласын кеңейту саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауға негізделген.
Тұжырымдама электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын белгілейді.
Тұжырымдама мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингіне, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын, соның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдар, төтенше немесе әскери жағдайлар енгізу жағдайларында ескерту және жедел ден қою механизмдерін жасаудың тәсілдерінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұжырымдаманы жасау кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жасау және пайдалану саласындағы көшбастаушы мемлекеттердің, сол сияқты әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына жету үшін оларды қолдану саласын кеңейтуге ұмтылған елдердің ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғау ұстанымдарын қалыптастыру саласындағы халықаралық тәжірибе зерделенді.
Осы Тұжырымдаманың орындалуы қазақстандық қоғамды одан әрі жаңғыртуға қызмет етеді және Қазақстанның БҰҰ-ның Киберқауіпсіздіктің жаһандық бағдарламасын орындауға қосқан үлесі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет