Компьютерлік (немесе желілік) шабуыл – ақпаратқа, электрондық ресурсқа, ақпараттық жүйеге рұқсат етілмеген әсер ету немесе оларға бағдарламалық немесе бағдарламалық-ақпараттық құралдарды (немесе желілік өзара іс-әрекеттердің хаттамаларын) қолдана отырып қолжетімділік алу арқылы қауіп-қатер төндірудің мақсатты әрекеті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қылмыстық кодексте, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексте және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Терроризмге қарсы күрес туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Байланыс туралы», «Жеке деректер және оларды қорғау туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және ұлттық техникалық стандартарында пайдаланылатын барлық өзге терминдердің мағыналары келтірілген.