Сәйкестік –ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету саласында ақпаратпен немесе хабармен заңды елеулі іс-әрекеттің авторын дұрыс анықтау мүмкіндігі, мысалы, электрондық коммерцияда электрондық-цифрлы қол немесе сәйкестіктің өзге тәсілі пайдаланылған кезде.
Дәлелдегіштік(бастартпаушылық) – авторлықтан бас тартқан кезде жасалған іс-әрекеттерді тіркеу жолымен ақпараттық жүйедегі немесе ресурстағы ақпаратпен іс-әрекет жасаған автор атап айтқанда басқа ешкім емес осы пайдаланушы болып табылатындығын дәлелдеу мүкіндігі.
Аутентификация(түпнұсқаға сәйкестігін анықтау) – ол көрсеткен сәйкестендіргіш пен түпнұсқаға сәйкестігін растау арқылы қолжетімділік субъектісіне жататындығын тексеру.
Сәйкестендіру– қолжетімділік субъектілеріне ақпараттық жүйеге рұқсат беру кезінде субъектінің сәйкестігін анықтауды және өкілеттіктерін белгілеуді қамтамасыз ететін жеке сәйкестендіргіштің ақпараттық жүйесіне немесе электрондық ресурсына қолжетімділік беру, жұмыс сеансы процесіндегі өкілеттіктерді бақылау және іс-әрекеттерді тіркеу.
Сәйкестендіру мен аутентификация қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдардың қауіпсіздігінің негізі, өйткені кез келген АКТ-қызметтер мен сервистер негізінен субъекті-пайдаланушыларға қызмет көрсетуге есептелген.