1 2-слайд Мен жеке мәліметтеріммен айла-шарғы жасалуына немесе мені Интернет-кеңістіктегі әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл бола аламын? Әрі бұл мүмкін бе, қалай ойлайсыңдар?
13-слайд Балалар, қызу (белсенді) пікірталастарың үшін рақмет, менің айтарым, Интернетте бір нәрсені жарияламас бұрын немесе бөліспес бұрын екі қайтара ойланыңдар, ол желіде мәңгілікке қалып, кейін сендерге зиян келтіру үшін қолданылуы мүмкін. Мекен-жайларың, телефон нөмірлерің немесе мектептеріңнің аты сияқты жеке мәліметтерді ешкімге айтпаңдар.
Әлеуметтік желілерге арналған сүйікті қосымшаларыңның құпиялық баптауларын туралы біліп алыңдар. Көпшілігің істей алатын кейбір әрекеттер мынадай:
Тіркеулік жазбаларыңның құпиялық баптауларын өзгертіп, парақшаларыңды кім көре алатынын, кім тікелей хабарлама жібере алатынын немесе хабарламаларыңа комментарий жаза алатынын өздерің шеше аласыңдар.
Сендер ренжітетін комментарийлар, хабарламалар және суреттер туралы хабарлап, оларды өшііп тастауды сұрата аласыңдар.
«Достар тізімінен» шығарып тастауға қоса, парақшаларыңды көре алмауы үшін және сендермен байланысқа шыға алмауы үшін тиісті адамдарды толығымен бұғаттап тастай аласыңдар.
Сонымен қатар, толығымен бұғаттамай-ақ, белгілі бір адамдардың комментарийлерін таңдап, сол комментарийлер тек сол адамдарда ғана шығуын таңдай аласыңдар.
Сондай-ақ, сендер парақшаларыңдағы хабарламаларды өшіріп тастай аласыңдар немесе белгілі бір адамдардан жасырып қоя аласыңдар.