2 бөлім. «Киім конструкциялау және үлгілеу» бойынша электрондық оқулыққа керекті мәліметтер
2.1. Жалпы киімдер туралы мағлұмат
Киімді эстетикалық қабылдау оның бөлшектері мен элементтерінің гормониялық үйлесімімен, пропорцияларының сән талабына жауап беруімен, адам денесінде оның қонымдылығымен анықталады.
Бұл факторлардың барлығы киім конструкциясын дұрыс есептеу мен барлық бөлшектерінің сызбасын дұрыс құрастыруға байланысты болады. Бұл мақсаттарды шешу жұмыстарымен тігін бұйымдарын құрастыру айналысады.
Нақты денеге сауатты түрде киімді құрастыру үшін оның негізгі шарттарына сүйену қажет. Оларға киім негізінің сызбасын жеке антропометриялық берілген өлшемдер арқылы бұйымның сызбасын құрастыру әдісін ұқыпты үйрену, құрастыру тәсілдерін дұрыс пайдалану жатады.
Киім –дегеніміз адам денесін қоршаған орта әсерінен (жаңбыр,қар, ыстық, жел, шаң) қорғайтын, тоқыма материалдар мен табиғи және жасанды материалдардан дайындаған, адамның үстіне киетін бұйымдар жиынтығын айтамыз. Киімді жобалауда түріне байланысты бірнеше талаптар қойылады.
Киім сонымен бірге бірнеше функция орындайды:
қорғайтын (адам организімінің саулығын қамтамассыз ету)
әлеуметтік (әлеуметтік немесе мамандық топқа жататынынан ақпарат беру)
ұлттық (әртүрлі ұлттың көркемдік салт дәстүріне байланысты)
эстетикалық (белгілі бір уақыт кезеңіндегі оның сырт келбетіне эстетикалық сұлулық беру, яғни сәндейді.)
Тігін бұйымдарының ассортиментінде тұрмыстық киімдердің алатын орны үлкен. Барлық әртүрлі тұрмыстық киімдерді:
пайдалану мақсатына қарай: сырттық, жеңіл, іштік, корсеттік және бас киімдер болып;
бұйымдық айтылуына қарай топқа: мысалы пальто, жакет, көйлек, т.б..
жыныстық белгісіне қарай: ерлер киімі, әйелдер киімі, ұл балалар киімі, қыз балалар киімі, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жаңа туылған бөбектерге деп;
мезгіл белгісіне қарай: қыстық, жаздық, күздік, мезгілге байланыссыз киілетін, мезгіл аралық болып;
белгілі мақсатта пайдаланылуы бойынша сән-салтанатқа, күнделікті киюге, үйде киюге, спорттық
Тұрмыстық киімнен басқа арнайы киім, театр сценасына арналған, спорттық жаттықтыруға арналған киімдер топтары бар.
Тұрмыстық киімді екі тәсілмен дайындап өндіреді:
-жалпыға бірдей тігін өндірісі жүйесінде
-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесінде
Соңғы уақытта киім дайындап өндірудің тағы бір тәсілі Ателье магазиндер яғни салондар болып отыр. Киім жеке тапсырыс бойынша немесе 5-10 дана болып дайындалады.
Тігін бұйымдарымен жұмыс істейтін мамандар кездестіретін, қажет ететін түсініктердің маңызы бар.
Костюм – дегеніміз адам денесіне киетін баскиім мен аяқ киімді қоса алғандағы киімдер жиынтығы
Аксессуарлар - бұлар киімге жатпайды, бірақ костюмге қосымша, яғни бас киім, аяқ киім, ұйық қап бұйымдары, шарф, галстук, қолқап, т.б..
Туалет- киімдер, мен аксессуарлар және оларды сәндейтін заттар жиынтығының қосындысы (бижутерия, қымбат бағалы тастармен әшекейленген зергерлік бұйымдар, гүлдер), сонымен бірге грим мен прическасы да жатады.
Ансамбль- адамның сыртқы бейнесімен үйлесім табатын киім мен оны толықтыратын бұйымдардың көркемдік бірлестігі.
Комплект- Бірнеше бұйымдардың біртұтас бірлігімен аяқталған жиынтық. Комплект стилі, формасы бойынша бір-біріне сәйкес келетін блузка мен юбка, жилет пен шалбар немесе свитер мен шалбар,т.б..
Гарнитур- киім бұйымдарының белгілі мақсатта пайдалануға бірдей материалдан арналған жиынтығы:; бас киім, қолқап, іш киім жиынтығы.
Гардероб- бұл бір ғана адамның сырт бейнесі мен өмір сүру ерекшелігіне байланысты бір-бірімен үйлесетін, пайдалану мақсатына арналған қажетті киім комплектілері мен аксессуарларының жиынтығы
(демалысқа, жұмысқа, сән-салтанатқа).
Киімді жобалауда оларға қойылатын негізгі талаптар:
Утилитарлық. Киімді пайдалану кезінде ыңғайлы болуы. Бірақ бұл талап сән-салтанатқа арналған киімдерде, күнделікті киюге және спорттық киімдерге қарағанда төмен болады.
Гигиеналық. Киімді пайдалану кезінде ұзақ қызмет етуі, қоршаған орта әсеріне төзімділік беруі, су,ауа және жылу өткізгіштік қасиеттеріне жауап беретін бұл талаптың маңызы зор
Эстетикалық. Киімді жобалауда силуэты, бөлшектерінің формасы, пропорциясы, матаның түрі, түсі, фактурасына, уақыт талабындағы сән ағымына сәйкес болу керек. Адамның сыртқы бейнесі сұлулығын көрсетіп, деффектілерін жасыра білу қажет.
Экономикалық. Киім бағасы өндірушіге де тұтынушыға да тиімді болу керек
Технологиялық. Киімнің сапасына жауап беретін көрсеткіштер техникалық шарттар мен стандарттарда көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |