1 бөлім.Электронды оқыту құралын пайдаланудың теориялық аспектілері
1.1. Білім беру жүйесін ақпараттандыру негіздері
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Олай болса, бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi болып төмендегідей жұмыстарды орындау керектігі анықталады:
Білім беру үдерісін ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
Бiлiм берудi ақпараттандыру жұмыстарын орындау бойынша практикалық шараларды анықтап, оны жүзеге асыру;
Білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдірісіне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстар жүргiзу;
Бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру үшін мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру
бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары ретінде төмендегідей факторлар құрылады:
қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;
жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
жалпы компьютерлiк сауаттылық;
оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша жұмыстарды орындау барысында біршама нәтижелерге жетуге болады. Олар:
жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;
бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп, бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |