Бел деңгейінің енін
Бел деңгейінің енін ТВ═Ст/2+2═34/2+2═19см шамаға тең кесіндіні Т нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықтың бойымен оңға салып, В нүктесін тауып, сол В нүктесіне шамасы 1см болатын перпендикуляр тұрғызып, В1 нүктесін табамыз. Бұл жерде 2 – бүкпенің ені.
Алдыңғы бой бүкпесінің орнын
Бүкпенің орнын ТР═ТВ/3+2═19/3+2═8.3см шамаға тең кесіндіні Т нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықтың бойымен оңға салып, Р нүктесін тауып, сол Р нүктесіне шамасы 8 см болатын перпендикуляр тұрғызып, бүкпенің ұзындығын салып, бүкпенің енін саламыз.
Бел сызығын
Белдің сызығын Т, Р, В нүктелерін қосу арқылы табамыз.
Бүйір сызығын
Бүйір сызықты В, Б1, Н1 нүктелерін қосу арқылы табамыз. Бүйір сызықты 2см шамаға оңға және солға моделге байланысты жылжытуға болады. Сурет 6а
Сурет 6а Жеке өлшем бойынша тік белдемшенің алдыңғы бой сызбасы
Артқы бойдың базалық торы
Бел деңгейі
Құрастыруды Т′ нүктесінде қөлденең және тік сызықтардан тік бұрыш тұрғызудан бастаймыз. Т' нүктесінен жүргізілген көлденең сызық бел деңгейін анықтайды.
Бөксе деңгейі
Бөксе деңгейін Т′Б′═ Сб/2 - 3═45/2 – 3 ═19.5см шамаға тең кесіндіні Т′ нүктесінен тік сызықтың бойымен төмен салып, Б′ нүктесін тауып, сол Б′ нүктесі арқылы көлденең сызық жүргіземіз.
Сурет 6б Жеке өлшем бойынша тік белдемшенің артқы бой сызбасы
Артқы бойдың ені
Артқы бойдың енін Б′ Б1′ ═Сб/2═45/2═22.5см шамаға тең кесіндіні
Б′ нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықтың бойынан солға салып, Б1′ нүктесін тауып, сол Б1′ нүктесі арқылы тік сызық жүргіземіз.
Белдемше ұзындығы
Белдемшенің ұзындығын Т′Н′ ═Дю═56см шамаға тең кесіндіні Т′ нүктесінен тік сызықтың бойымен төмен салып, Н′ нүктесін тауып, сол Н′ нүктесі арқылы көлденең сызық жүргізіп, Б1′ нүктесі арқылы жүргізілген тік сызықпен қиылысқан нүктесін Н1′ деп белгілейміз.
Бел сызығының ені
Бел деңгейінің енін Т′ В′═Ст/2+2═34/2+3═20см шамаға тең кесіндіні
Т′ нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықтың бойымен солға салып, В′ нүктесін тауып,сол В′ нүктесіне шамасы 1см болатын перпендикуляр тұрғызып, В1′ нүктесін табамыз. Бұл жерде 3 – бүкпенің ені.
Артқы бой бүкпесінің ені
Бүкпенің орнын Т′Р′═Т′ В′/3+2═19/3+2═8.3см шамаға тең кесіндіні
Т′ нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықтың бойымен солға салып, Р′ нүктесін тауып, сол Р′ нүктесіне шамасы 12 см болатын перпендикуляр тұрғызып, бүкпенің ұзындығын тауып, бүкпенің енін саламыз.
Бел сызығын анықтау
Белдің сызығын Т′ нүктесін 0.7см-ге төмен түсіріп Т′, Р′, В′ нүктелерін қосу арқылы табамыз.
Бүйір сызығын анықтау
Бүйір сызықты В′, Б1′, Н1′ нүктелерін қосу арқылы табамыз. Бүйір сызықты 2см шамаға оңға және солға моделге байланысты жылжытуға болады. Сурет 6б
Конустық белдемшелердің сызбасын құрастыру
Конусты белдемшелердің формасы бел сызығынан төменгі сызына дейін белгілі бағытта кеңейтілген Сондықтан бөксе деңгейі тік белдемшелерге қарағанда көлемді болвып келеді. Кеңейту шамасы коэффицентпен анықталады.
Конустық белдемше коффициенттері
Кесте3
Р/с
|
Конустық белдемшенің түрлері
|
Коэффициент(к)
|
Альфа бұрышы
|
1.
|
Аз мөлшерде кеңейтілген:
а) «клеш»
б) «үлкен клеш»
|
1,4
1,2
|
41
48
|
2.
|
Үлкен мөлшерде кеңейтілген:
а) аз мөлшердегі «колокол»
б) орташа «колокол»
в) «үлкен колокол»
|
1,0
0,9
0,8
|
57
64
72
|
3.
|
Жартылай күн (полусолнце)
|
0,64
|
90
|
4.
|
Күн (солнце)
|
0,32
|
80
|
Бұл кестеден белдемшенің формасы кеңейген сайын коэффициенттің азайғанын көреміз.
Конусты белдемшенің сызбасын құрастуру.
«Жартылай күн» (полусолнце) белдемше мысалында
Сурет 7 «Жартылай күн» белдемшесі
«Жартылай күн» белдемшенің сызбасын құрастыру үшін қажетті өлшем:
Белдемше ұзындығы (ДЮ) – 65см
Белдің жарты шеңбер өлшемі (Ст) – 38см
Сурет 8 Конусты белдемшенің бел деңгейін анықтау
Бел деңгейі
Тік және көлденең сызықтардан бұрыш тұрғызып А деп белгілейміз.
А бұрышынан белдің деңгейін келесі формула арқылы анықтаймыз. анықтаймыз :АТ = АТ1 = Ст : 2 + 5см .
Берілген өлшемдерді алып АТ = АТ1 = 38 : 2 + 5см = 24см шаманы табамыз
А нүктесінен көлденең сызық бойымен оңға және тік сызық бойымен төмен 24см кесіндіні өлшеп салып, Т және Т1 нүктелерін белгілейміз.
Белдемше ұзындығы
Т және Т1 нүктелерінен белдемше ұзындығын 65см кесіндіні көлденең және тік сызықтардың бойымен өлшеп салып, Д және Д1 нүктелерін табамыз.
Сурет 9 Белдемшенің ұзындығын анықтау
Бел сызығын анықтау
А нүктесі арқылы 24 см радиуспен доға сызып, Т және Т1 нүктелерімен қосып, бел сызығын аламыз.
Төменгі сызықты анықтау
Төменгі сызықты 89см радиуспен (Ат+Дю) = 24 + 65) доға сызып Д Және Д1 нүктелерін қосып төменгі сызықты аламыз.
Ескертпе:
Белдемшенің ортаңғы сызығы қиғаш болғандықтан, бұл деңгей матаның созылуына байланысты төмен түуі мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, сызбада өзгерістер енгізу қажет. Төмен түсу мүмкіндігі мата түріне байланысты бел деңгейінде 0,5-2см аралығында, ал төменгі деңгейде
1,5-4,5см болады. Бұл аралықтың ауытқу себебі матаның құрамына, тығыздығына, қалыңдығына байланысты. Мысалы ситец шифонға қарағанда көп созылмайды.
«Жартылай күн» белдемшенің бел деңгейіндегі ауытқды анықтау
Мысалға ауытқудың орташа шамасын аламыз: бел деңгейі үшін 1-1,5 см, төменгі деңгейі үшін 3-3,5см. Бел деңгейінен 1,2см жоғары көтеріп, төменгі деңгейден 3,2см жоғары көтеріп құрастыруды жалғастырамыз.
Сурет 10
Сурет 10 Белдемшенің бел деңгейіндегі ауытқу
Бел және төменгі сызығын аяқтау
Бел сызығы мен төменгі сызықты толығымен аяқтау үшін, Т және Т1 нүктелерін тік сызықпен қосып ортасынан екіге бөліп А1 нүктесін аламыз.
А нүктесінен А1 нүктесі арқылы тік сызық ты төменгі деңгеймен қиылысқанша созып Д2 нүктесін табамыз.
Бұл сызықтың бел сызығымен қиылысқан нүктесін Т2 деп белгілейміз. Т2 нүктесінен жоғары 1,2 см шамасын салып, Т3 нүктесін белгілейміз.
Д2 нүктесінен жоғары тік сызықтың бойымен 3,2см шаманы салып, Д3 нүктесін белгілейміз.
Т,Т3,Т1 нүктелерін қосып бел сызығын, Д,Д3,Д1нүктелерін қосып төменгі сызықты тауып, белдемшенің дайын сызбасын аламыз. Сурет 11,12
Міне белдемшенің сызбасын осылай аяқтаймыз.
Сурет 11 Белдемшенің бел және төменгі деңгейдегі ауытқуларын анықтау
Сурет 12 Белдемшенің дайын сызбасы
Бұл белдемшенің артқы және алдыңғы бөлшектері бірдей, тек мата еніне байланысты бір тігісті ,екі тігісті және көп тігісті болуы мүмкін.
Конустық белдемше түрлерін бір тік сызықтың бойында келесі сызбада көрсетуге болады. 67,5; 90, 135; 180 сандары осьтік нүктеден белдемше бөлшектерінің конустық мөлшерін бұрыштық қатынасын анықтайды.
Сурет 13
Сурет 13 Конусты белдемшелердің түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |