Годенің 180 градуста кеңейіуі
Г нүктесінен тік бұрыш жасап, көлденең сызық жүргізіп Г1,және Г2 нүктелерін белгілейміз.
Г1Г = ГГ 2 = Б1Б = ББ2.
Г1 нүктесінен солға көлденең сызықтың бойымен Г1Н1 шамасына тең кесіндіні салып Г3 нүктесін белгілейміз.
Г2 нүктесінен көлденең сызық бойымен оңға Г2Н2 шамасына тең кесінді салып Г4 нүктесін белгілейміз.
Г1Г3 және Г2Г4 радиустармен доға сызып годенің төменгі сызығын аламыз.
Годенің кеңейіу мөлшері Г1, Г3, Н1, Н, Н2, Г4, Г2 нктелері аралығында болады. Сурет 19
Сурет 18 Годенің басталу сызықтарының деңгейі
Сурет 19 Үлкен мөлшерде кеңейтілген годе
« Спираль годе» белдемше
Бұндай белдемше түрінің сызбасын типтік фигураға бір қиық нгізінде жеке ерекшелігі бар фигураларға тік белдемше сызбасы негізінде жасауға болады.
Біз әрине өзімізге таныс бір қиық негізінде годе белдемшенің бір қиығы негізінде құрастырамыз. Годе клешінің кеңдігін қалауымызша аламыз.
Бұл белдемшелер үшін қиық санын 8, 10, 12 етіп алған дұрыс болады. Себебі осы сандарға сәйкес алынған қиық саны белдемшенің спираль дизайнын әдемі етіп көрсете алады.
Біз 8 қиықты годесі орташа кеңейтілген спираль белдемшені құрастырамыз. Сурет 21
Бел деңгей ені
Т1Т2 –бел деңгейіндегі қиық ені. Ол От/n белдің шеңбер өлшемін қиық санына бөлу арқылы табамыз.
Бөксе деңгей ені
Б1Б2-бөксе деңгейіндегі қиық ені. Ол шаманы ОБ/n бөксенің шеңбер өлшемін қиық санына бөлу арқылы табамыз.
К1К2 клештің басталу нүктесі.
Төменгі деңгей ені
Н1Н2- аралығы қиықтың төменгі деңгейдегі ұлғаю ені
Спиральды алу 1кезеңі
Қиық дайын болған кезде қиықты үш бөлікке бөлетін және спираль формасын жасайтын негізгі екі сызықты жүргізу қажет (1, 2 және 3 сандарымен 21 суретте көрсетілген).
Қиықтың төменгі бөлігінде клештің басталатын сол жақтағы К1 нүктесін қиықтың аяқталатын оң жақтағы Н2 нүктесімен доғал лекалды сызықпен қосамыз.
Қиықтың жоғары бөлігінде бел деңгейінің сол жақтағы Т1 нүктесін оң жақтағы бөксе деңгейінің Б2 нүктесінен төмен 7-8см-дегі нүктесімен доғал лекалды сызықпен қосады.
Спиральды жасау 2-кезеңі
Лекалды алынған сызықтар бойынша үш бөлікке бөліп кесеміз.
Реттік саны 3-ші бөлшекті қиықтың оң жағындағы К2Н2 бүйіріне К1К2 және Н1Н2 нүктелерін келтіріп түйістіреміз.
Реттік нөмірі 1-ші бөлшекті қиықтың сол жағындағы Б1Б2 нүктелерін сәйкестендіріп түйістіреміз
Спиральды жасау 3-кезең
Соңғы жұмысты орындағанда f бүкпесі пайда болады.
Ол бүкпені жабу үшін оны қиықтың бүйір сызығына ауыстырып орналастырамыз. Ол үшін жаңа қиықтың сол жағынан Т3 нүктесінен бел сызығында оңға бүкпе енін салып, қиықтың жаңа формасын саламыз. Алынған қиықты кесіп алып тастаймыз.(Сурет 22 1 бөлікте)
Соңғы үйрекке ұқсаған сызба спираль годе белдемшенің дайын лекалосы болып табылады.(Сурет23)
Сурет 20 «Спираль годе» белдемшесі
Сурет 21 Спираль годе белдемше қиығының сызбасы
Сурет 22 Спираль годе белдемшенің дайын сызбасын алу жолы
Сурет 23 Спираль годе белдемшенің дайын бөлігі
2.8. Қиық ұшы ұзартылған белдемше
Сурет 24 Қиық ұшы ұзартылған белдемше
Сурет 25 Қиық ұшы ұзартылған белдемше сызбасы
Бұл белдемшенің сызбасында «годе» белдемше сызбасынан ерекшелігі қиық ұшы ұзартылған Н1-Н2 шамасымен ғана ерекшеленеді.
Бел сызығынан фалдамен белдемшелер
Сурет 26. Бел сызығынан фалдамен белдемшелер
Бұл белдемшелер әйел затының жасына қарамастан денеге қонымды.
Ұзын, төменгі жағы кеңейтілген.
Бөлшек формасын өзгерту жұмыстары
Бұл белдемшелерді моделдеу үшін тік белдемшенің базалық лекалосынан бүкпе орын көрсетпей калька қағазқа түсіріп , лекалоны қалағанша моделге байланысты ұзартамыз. Біз артқы және алдыңғы бой лекалосымен бөлек жұмыс жасаймыз.
Артқы бой.
Лекало енін үш бірдей артқы бой орта сызығына параллелді бөлікке бөлеміз.(егер лекалоның бөлу саны көп болған сайын, фалданың орналасуы біркелкі болады.) Әрбір бөлікті нөмірлейміз.Бүкпе енін әрбір сызыққы мынадай қатынаста бөліп саламыз. ( Сурет 27)
Егер лекал бөлігін а-деп белгілесек, онда бүкпе ені әрбр бөлік сызығына 2/(2*а-1)шамадан , ал орта сызыққа ½(2*а-1) шамадан келеді.
Біздің қарастарап отырған жағдайда а =3 болса, онда әрбір сызыққа артқы бой бүкпесіне берілген шаманың 2/5 бөлігі шамасында берілсе, лекалдың орта сызығына 1/5 қатынастағы шамада беріледі.Жаңадан алынған бүкпелердің сызықтарын 8см ұзындықта доға сызықпен алып, бел сызығымен қосамыз.
Сурет 27 Фалдамен белдемше алуда жасалынатын жұмыс жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |