Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі – өз алдына жеке сала ретінде өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары, өсу, өркендеу жолдарын ұрпақ бойына сіңіретін қазақ тарихының бір арнасы ретінде танимыз. Қазақ ауыз әдебиеті мен оны оқытуды зерттеу ісі шын мәнінде кеңестік дәуірде қолға алынып, ғылыми жолға қойылды. жалпы халық ауыз әдебиетінің және оның жеке түрлерінің туу, қалыптасу, даму тарихы жайында үлке ғылыми зерттеулер мектеп пен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар жазылды. Солардың ішінде тұрмыс-салт жырларын алып қарастыратын болсақ, оларды оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, зерттеушілікке баулуға мол мүмкіндік береді және оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы Жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген тұжырымы өткен тарихты зерделемей болашақты бағдарлау бұлыңғыр екендігін танытады. [1, б.11]
Осыған орай, мектептегі оқытылатын әдебиет пәнінің орыны бөлек. Әдебиетті оқытудың басты ерекшелігі оқытатын көркем шығарманың тақырыбында, екіншіден, оқырман тіліне лайық көркемдігінде, бастысы шығарманың тәрбиелік-тағылымдық мәні болу керек және дидактикалық жағынан оқушыларға түсінікті болуы үшін көркем шығарма шынайы, табиғи суреттелуі керек. Сөз өнеріне, жалпы әдебиетке жақын балалар гуманитарлық салаларға икемделгенмен, жалпы оқушылар әдебиетті белгілі бір дәрежеде білулері керек. Олай дейтініміз, сөз мағынасын, тіл құдіретін жетік түсінбеген адам өзге де ғылым салаларын жетік меңгере алмайды. Ал Ә. Қоңыратбаев осы халқымыздың әдеби-мәдени мұрасы тұрмыс салт жырларын да зерттеп, жүйелеп, саналы ғұмырында ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға, зерттеуге ерекше көңіл бөлген әдебиеттанушы ғалым. Оқушылардың қазақ халқының ерте заманнан бері келе жатқан тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсіп-өнерін бойларына сіңіріп, өсуі ұлттық құндылықтарымызды ұлағаттайды. Мұның барлығы ана тілі әдебиет сабақтарында жүзеге асатыны белгілі. Халқымыз көп ғасыр бойына жасаған тұрмысы, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты жайында неше түрлі шығармалар шығарған. Бұл шығармалар «тұрмыс-салт жырлары» деп аталады [1,б. 14].
Ә. Қоңыратбаевтың ғылыми шығармашылығы оқыту әдістемесімен бірге әдебиеттің барлық салаларын қамтиды, соған байланысты көптеген көрнекті ғалымдар өз ойларын айтып, жоғары бағалаған. Соның бірі көрнекті ғалым- әдебиетші М.О. Әуезов «Ә. Қоңыратбаевты кеңестік Қазақстанның талантты ғалымы ретінде тануымыз керек», - деп ғалымның ғылыми еңбектеріне аса жоғары баға берді [6., 232].
Тұрмыс салт жырлары әдебиетті оқыту әдістемесінде үлкен орын алатынын ескерсек, әдіскер ғалым Ә. Қоңыратбаев шығармашылық оқушының бар болмысы мен дамуының, жалпы айтқанда, барлық ой-қиялының нәтижесі ретінде осы мәселеге төңірегінде де тұжырымды ойларын айтып кетті.
Осы орайда қазіргі таңда оқушының сыни ойлау мен іздену дағдыларын дамытатын білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, жаңартылған білім беру мазмұнында оқушының сыни ойлауын төрт дағды аясында дамыту қарастырылған. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнында оқушыда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды қалыптастыру үшін де оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін кеңірек қолданған жөн. Белсенді әдістерге тоқталмас бұрын тұрмыс-салт жырлары жайында жазылған ғалымдар ойларына тоқталайық.
Тұрмыс-салт жырларын халық ауыз әдебиетінен бастау алатынын айта келіп, орыс жазушысы М.Горький «халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-күйін, әдет-ғұрпын жақсылап зерттейміз десек, оны дұрыстап түсінеміз десек, ауыз әдебиетін білуге тиістіміз. Бұл жөнінде ауыз әдебиеті бізге өте көп мәлімет береді», - дейді М.Горький [2,б. 14]. Бұл жерде ауыз әдебиеті арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту, ата бабалардың жүріп өткен жолдарын тану арқылы адамгершілікке, еңбекке баулу әдебиетті оқытуда әр уақытта жүргізілетін жұмыс екенін аңғарамыз.
Ә.Қоңыратбаев: «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз», – деп [3,б. 44] анықтама беріп, оларды мазмұны мен тақырыбына қарай нақты бес бөлікке бөлгенін ескеріп, Ә.Қоңыратбаевтың төрт түлік малға байланысты туған жырларды «бақташылық жырлары» деп атаған. Бұл жырлар туралы ғалым: «бұрын жабайы аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған», – деп түсіндіреді. Оқушылар бастауыш сыныптардан бастап жоғары сыныптарға дейін төрт түлік малдармен танысып, олар туралы қысқа жыр шумақтарды оқи отырып, көшпелі мал шаруашылығымен, яғни мал бағумен айналысқан халқының тұрмысымен танысады.
Бұл ретте мектеп оқулықтарындағы ауыз әдебиетінің, оның ішінде берері мол тұрмыс салт жырларының алатын орны үлкен. Тұрмыс салт жырларынан өскелең ұрпақтың қадір-қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасайтын өрелі ойлар мен көзқарастар молынан табылады. Бүгінгі таңда өзгермелі заман талаптарына жауап беретін, жаңа адам тәрбиелеуге ықпал ететін көркем шығармалар, әсіресе ақпараттық технологияға байланған бүгінгі ұрпаққа бұл жырлардың алатын орны зор.
Ә.Қоңыратбаев балаларға арналған жырларды «бөбек» жыры, - деп бөлек алып зерттесе, М.Ғабдуллин: «бесік жыры, шілдехана сияқты әдет-ғұрыпқа байланысты туған шығармалардың қатарында қарастырады.
Оған шілдехананы, жаңылтпаш, өтірік өлең, бесік жырын жатқызады.
Өмірде уақыт пен кеңістікке байланысты табиғатта болсын, қоғам құбылыстары мен жеке адамның санасында, әрбір істеген әрекетінде, жан дүниесінде белгілі бір ретпен, табиғи құбылыс ретінде шығармашылық ойлар тоқтаусыз жүріп жатады. Ә. Қоңыратбаев сабақ барысында оқушының шығармашылық қасиеттерін дамыту мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Қазіргі білім беру жүйесінде де әдебиетті оқытуда оқушының жазба тілін дамыту мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі бір бірімен тығыз байланысты, әрі бірін-бірі толықтыратын бүтін бір мәселенің екі ұшы ретінде бірінші кезекте тұрады.
Сол сияқты Ә.Қоңыратбаев: «отбасының тағдырына, жас буынның өсіп жетілуіне байланысты туған жырларды «үйлену жырлары» деп, олардың өзін жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, тойбастар деп бөліп қарастырады [6,б.169] деп, әрқайсысына жекежеке тоқталып, өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін саралап көрсетіп, халық арасында сақталған, кең тараған кейбір үлгілеріне талдау жасайды. Мұнда жеке адам, қала берді бүтін бір халықтың көңіл күйлерінің сан алуан толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дүниемен қоштасу өлеңдері ел басына түскен ауыр күндерде туған. Оның өлген адамның тірі күнінде айтқан өсиеті түрінде кездесетін үлгілері де болады. Ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып қала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін, қастерлі салт-ғұрпын, мәдениетін, өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру – көпшілік міндеті. Әйтсе де, осы орайда ұстаздың орны ерекше. Өйткені ұстаз – оқу мен тәрбиенің негізгі бөлігін бала бойына сіңіруші, жас ұрпақты оқытып алған білімін кеңейтіп, көркемдік талғамдарын арттыруда, өмірге қөзқарастарын дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде, ізгі мінез-құлық ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда ана тілі мен әдебиеті пәнінің атқарар міндеті мол, орны ерекше. Бұлай тұрмыс-салт жырларын екіге бөлу үлгісі М.Әуезовке дейін А.Байтұрсыновта кездеседі. Тек А.Байтұрсыновта тұрмыс-салт жыры орнына «сарындама» ұғымы қолданылады да, оны іштей «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «қалып сөзі» болып өзгеше бөлген (Әдебиет танытқыш. 1926.) Мәселен, А.Байтұрсынов «салт сөзіне» мақал-мәтелмен қатар, әдебиет жанрына жататын мысал түрін де жатқызған. Бұл арада фольклор мен әдебиет жанрларының ара-жігі ажыратылмағаны көрінеді. Ал, С.Сейфуллин фольклордың ауызекі даму ерекшелігін дұрыс айқындаған. Жалпы С.Сейфуллин фольклорды: эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген. Баланың ұлттық сезімін ояту үшін, сабақ жүйесін ұлттық дәстүрмен ұштастырып және халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін оқу процесінде қолдану арқылы, ғасырлар бойы тасада қалып келген тамаша дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Сонымен бірге, оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынас өнердегі салт-дәстүрлерді саналы түрде сезініп өседі. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Егер қазақтың тұрмыс-салт жырларын М.Әуезов сыршылдық салт өлеңдері деп қарастырса, С.Сейфуллин салт өлең-жырлар ұғымында алған. Мұндағы қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдеріне М.Әуезов (Әдебиет тарихы, 1927) жар-жар, қоштасу-танысу, беташар үлгілерін жатқызса, С.Сейфуллин зерттеуінде бұлардың қатары, сондай-ақ тойбастар, сыңсыма, жұбату-үгіт, айт келін түрлерімен толықтырады. Ал, дінмен байланысты өлеңдер деп М.Әуезов бақсы сарынын, жарапазанды атаса, С.Сейфуллин бұларды ескілікті дін салтынан туған дей отырып, олардың қатарына, сондай-ақ шақыру, арбау, байлау, күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, бәдік т.с.с. түрлерін жатқызған. Ал, мұндағы фольклордың шақыру, арбау, бәдік түрлері Х. Досмұхамедұлы еңбегінде (Қазақ халық әдебиеті, 1928) ғана кездеседі. С.Сейфуллин еңбегінде фольклордың алғаш рет күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру түрлерінің ажыратылуы, сөз жоқ, фольклортану ғылымының жетістігі болып табылады. Сондай-ақ С.Сейфуллин ажыратқан Шопан атаға, Жылқышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Сексек атаға арналған жануарлар турасындағы жыр үлгілері де - алғаш зерттеушілер назарына ұсынылғаны, сөз жоқ, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі болды. Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады.
Қазақ әдебиеті пәніне арналған бағдарламалар жоқтың қасы. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл мұғалімнің тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру. Білім негізі бастауышта болғандықтан, оның мұғалімі – басты тұлға. Демек, мектептің жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңа жұмыс істеуді, шығармашылық ізденісті талап етеді. Ұлы педагог М.Жұмабаев сөзімен жаңғыртсақ: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады»,- деді.
Әр мұғалім өзінше ізденеді, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелерге, озат-тәжірибелі ұстаздардың тәжірибелеріне сүйеніп сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге бар күшін салады. Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу, логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту – мұғалімнің басты мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы – оқу-тәрбие процесінде халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін пайдалану.
Мектептегі әдебиет пәнінің мақсат, міндеттеріне оқушылардың жалпы тіл мәдениетін қалыптастыруды жатқыза отырып, Ә. Қоңыратбаев жырларды оқытқанда ауызша сөйлеудің негізінде қалыптасатынын айтады. Ғалым: «Сөйлеу тілі мен жазба тілі бірін-бірі толықтырады, бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ бұлардың қызметі, табиғаты бірдей емес. Сөйлеу тілі тыңдаушыға арналса, жазу тілі оқушыға (анығырақ айтқанда оқырманға Б.Ж.) арналады. Бұлардың өзіндік мәнін, мақсатын білу қажет. Мысалы, тыңдаушыға арналған сөйлеу тілінде ой-сезім толқыны, интонация, пауза, дене қимылы, дауыс қарқыны, жанды сөйлеу формасында, құлаққа әсерлі түрде, ойды бірден сөз, сөйлемге құрып, төгіп айту элементі басым болады. Ол – көп ойланып жатпайтын ойдың дәлдігі, жүйелілігі, сөйлемнің дұрыс құрылуы, зор лексикалық байлығы керек. Жазу тілінің табиғаты одан біраз басқалау. Жазу тілі баланың текст бойынша үңіле жұмыс істеуіне жол ашады. Ойды жүйелеп, дәлелдеп жеткізе айтуға баулиды», - дейді. Ғалымның айтқан пікірінің орынды екені білім мекемелерінің әдебиет сабақтарында тәжірибе жүзіндегі белгілі жәйт екені бүгінгі күнгі оқу барысында дәлелденіп отыр. Әрине, төрт түлік жайындағы шығармалардың бәрі бірдей ескі наным, ескі ұғымдарды жырламайды. Олардың көпшілігі төрт түлік малдың адам баласына келтіретін пайдасын, атқаратын қызметін әңгіме етеді. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жырлары тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары да жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Ә.Қоңыратбаевтан басқа қазақ зерттеушілері де тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары 92 (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдетғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Б.Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Қорыта айтқанда, Ә.Қоңыратбаевтың тұрмыс-салт жырларына байланысты ғылыми тұжырымдары мен қазақ фольклористика ғылымының дамуына, зерттеуіне қосқан үлесі мол. Ә.Қоңыратбаев әрбір жырдың шығу тегіне, өзіндік ерекшеліктеріне жіті мән беріп қарап, толымды да тұшымды пікірлер айтты. Десек те, ғалым еңбектерінің зерттелмеген қырлары да жетерлік.
Қ Бүгінгі күннің тілек талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру – мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту. Сабақ процесінде оқушының тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, ауыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ-жаңылтпаштары, ойнауы жеңілдікпен берілген. Халық ауыз әдебиеттің асыл үлгілерін төмендегі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрыптап пайдалану, мән-мағынасын түсіндіріп жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын арттырады. Баланың оқуына күшті әсер ететін мотивтердің бірі – халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілері. Жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Ал жаңылтпаш тілі келмей бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Қызықты сюжетке құрылған ертегілерді, аңыздарды т.б. мәнерлеп оқытып, өздеріне мазмұнын айтқызса, ойы да, тілі де дамиды. Тіл дамытуда мақал-мәтелді пайдаланып сөйлем құрату тілге көрік береді. Әрине, мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды тиімді пайдалану мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты болады. Тілді дамытудың тағы бір кілті – шешендік сөздер. Шешендік сөздер жастарды оуға, өнерге, парасаттылыққа және сөз құдіретін қадірлей білуге үйретеді.
Әдебиет оқулықтарына осындай жаңа көзқарастағы туындылардың көптеп енгізілуінің бала тәрбиесіндегі алатын орнын айқындау қажет. Десек те, әдебиеттің өзіндік құдыретті күші туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оқушыны жеке тұлға ретінде дамытудағы әдебиетті пайдаланудағы әдістеме жайында арнайы нысана болған емес. Осының нәтижесінде оқушыларды жеке тұлға ретінде дамытудағы әдебиеттің педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудың қазіргі жағдайының арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр [2]. Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әртүрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Оқиғалардың, адам бейнесі әдебиетте нақтылы суреттеледі, оқырманға өмірдің өзі көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-санаға күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму үдерісі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді. Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұраттарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдық, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адам бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді.
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдау 2017 жыл 31 қаңтар;
2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8-том. Алматы; Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2006.
3. Р.А.Султангареева. Йола – система и нормы жизневедения башкир. – Уфа; Китап, 2015.
4. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011.
. Яғни, Б. Момышұлының сөзімен жаңғыртсақ: «Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет».
Олай болса, халық ауыз әдебиетінің асыл мұраларын сабақтың белгілі бір кезеңінде ұтымды пайдаланып, халықтық мұраны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу басты парызымыз. Халқымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың зердесін дамытуға мұғалімнің және ата-ананың рөлі зор. Сонымен, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттей отырып, ұлы бабаларымыздан мұра болып қалған халық ауыз әдебиетін қазіргі оқу-процесінде тиімді қолданып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту мәселесі кешенді зерттелу үстінде.
Достарыңызбен бөлісу: |