Кілт сөздер: Ветеринарлық хирургия, операция техникасы. Дәрістің мақсаты



бет2/4
Дата11.05.2023
өлшемі113,81 Kb.
#176511
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (1)

Хирургиялық операцияның жіктелуі.

Хирургиялық операция – (лат. Opera-әрекет, жұмыс еңбек) малдың
ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен
қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейбір операциялар, шаруашылық қажеттілігіне сәйкес сау малға да жасалады: малды пішу,
құйрықты кесу, косметикалық операциялар.
Операцияны жасауға болады немесе жасауға болмайды деген
көрсеткіштер малдың клиникалық, кейде зертханалық, ретгенологиялық
және т.б. зерттеулерге негізделеді.
Операцияның көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы болады.
Абсолютті көрсеткіштерге жататын операциялар: қатерлі ісік, қанағыс, тимпания, пневмоторакс және т.б.
Салыстырмалы көрсеткіштерге жататын операциялар: қатерсіз ісік, қысылмаған жарық және т.б.
Операция жасауға болмайтын көрсеткіштер: қоңдылғы, жасына, дерті
күшейген кезде, мал естен танғанда, буаздық және т.б.
Барлық операциялар негізгі екі топқа бөлінеді:
қанды –терінің, шырышты қабықтың , тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен сипатталады, және
қансыз –дененің сыртқы терінің бүтіндігі бұзылмайды .
Қолдану мақсатына байланысты операциялар :

  • емдік (олардың ішіндегі пластикалық және қалпына келтіретін);

  • диагностикалық

  • косметикалық – жануарларды сәндеу үшін (құлағын және құйрығын

кесу және т.б. );

  • экономикалық – малдың өнімділігін арттыру мақсатында (пішу);

  • тәжірибелік (эксперименталды), физиологиялық операциялар, мысалы бір ағзанының қызметін зерттеу немесе жаңа операция әдісін

үйренуге бағытталған.
Қойылған жоспарға, жылдамдығына және сипатына қарай хирургиялық
операция бөлінеді:
1) Радикалдық және паллиативтік.
Біріншісі - ауру себебін толық жою және рецидивті алдын–алу керек. (мысалы, тіс кариесі кезінде тісті жұлып тастау, құрсақ жарығы кезінже
жарық тесігін жабу және т.б.).
Екіншісі- малдың жағдайының нашарлығынан радикалді оперативті ем
жүргізуге болмайтын жағдайда жасалады. (құрсақта су жиналғанда, құрсақ тесу). Жиі бұл операциялар ауру себбебін жоймайды, сондықтанда мәжбүрлі іс шара болып табылады.
Емдік операцияларды жылдам қауырттық дәрежесіне қарай: шұғыл (экстрендік), жедел және жедел емес етіп ажыраталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет