Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (1946-1997, 2001-қазірге дейін) — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.