Кіріктірілген сабақ. Арал тағдыры – адам тағдыры («Квадрат түбір» тақырыбын бекіту сабағы) Мақсаты



бет2/5
Дата27.01.2022
өлшемі56,17 Kb.
#129987
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-4878

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, таратпа материалдар, кітаптар, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 2) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.

Мұғалім: «География сабағында сендер Қазақстанның ішкі көлдері туралы өттіңдер.

Ал, бүгінгі сабақта біз сендермен Арал теңізі туралы сөз етеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: - «Арал тағдыры – адам тағдыры». Неге бұл тақырып таңдалды? Себебі, Арал теңізінің тағдыры Қазақстан халқының ғана емес, Дүниежүзінің проблемасына айналып кетті. Арал аумағында туындап отырған экологиялық апат ғаламдық проблемалардың ішінде ерекше орын алып отыр және адамның табиғат ресурстарын дұрыс меңгермеу нәтижесінде болған ең ірі экологиялық дағдарыс болып табылады. Арал тағдыры – Адамзат тағдыры».



Оқушы оқиды: Ойлау керек Арал жайын , ел жайын
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Мұғалім: «Арал теңізінің болшағы бар ма?» Осы сұраққа жауап беріп көрейікші.


  1. Географиялық орналасуы (картадан көрсетеді) – Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде екі мемлекеттің - Қазақстан мен Өзбекстан аумағында орналасқан тұйық көл.

  2. Пайда болуы – Арал ойысы жер қыртысының төменгі майысуында қалыптасқан. Табан бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Теңіз әлі жас, оған 10 мың жыл ғана болған.

  3. Жағалау сызығы.

Мұғалім: Арал балықшылары теңіздің гуілдеген демін естіп, батырға теңейтін. Ол Түркістан жерін екі өзенмен құшағында аялайтын. Өзендердің атын мына математикалық тізбекті шешсек, білеміз:

1-нұсқа 2-нұсқа



с а

ы м

р у

д д

а а

р р

ь ь

я я



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет