Бұл ретте Блум қадамдарының білім нәтижесін анықтаудағы маңызы ерекше.
Блум таксономиясы
|
Есте сақтау: оқушы мәліметті есіне түсіре алады ма немесе есте сақтай алады ма?
|
анықтама беру, нұсқалау, тізімдеу, есте сақтау, есіне түсіру, қайталау, өндіру
|
Түсіну: оқушы пікірін немесе түсінігін түсіндіре алады?
|
жіктеу, суреттеу, талқылау, түсіндіру, ұқсастығын табу, орналастыру, тану,баяндау, таңдау, аудару, өзгертіп айту
|
Қолдану: оқушы мәліметті жаңа тәсілмен қолдана алады ма?
|
таңдау, көрсету, бейнелеу, қолдану, идеялар жинақтау, аудару, жұмыс істеу, план құру, эскиздар сызу , шешу, қолдану, жазу
|
Талдау: оқушы әртүрлі бөлімдерді бір-бірінен айыра ала ма?
|
бағалау, салыстыру, қарама-қарсы қою, критикаға шақыру, түрлендіру, бөлу, айырмашылығын табу, тексеру, тәжірбиелеу, сұрақ, тест
|
Бағалау: оқушы тығырыққа тіре ле ме әлде дұрыс шешімді ақтай ма?
|
бағалау, өз пікірін жақтау, қорғау, шешім шығару, таңдау, қолдау, баға беру
|
Құру: оқушы жаңа өнім немесе көзқарас құрастыра ала ма?
|
жинақтау, құрастыру, ойлап табу, дизайнын жасау, дамыту, формуласын құру, жазу.
|
4. Culture – мәдениеттілік принципі. Тіл үйретуде лингвомәдени құзыреттілік қалыптастыру. Өз елінің мәдени құндылығын бағалау және өзге ел мен ұлт өкілдерінің мәдениетін түсіну және құрметтеу, яғни мәдениетаралық қарым-қатынас орнату.
Мұнда мұғалімге келесі мәселелерді қарастырады:
- Осы тақырыпты оқытудың мәдениеттік салдары қандай?
- Пәндік-тілдік кіріктіру оқыту әдісі мәдениеттік құндылықтардың дамуына қалай ықпалын келтіреді?
- Берілген принципті басқа үш принциптерімен қалай байланыстыруға болады?
Үш тілде білім беру аясында СLIL әдісін енгізу мен дамыту бойынша Малазии, Сингапур, Испания, Франция, Люксембург елдері тәжірибеден өткен.
Жалпы CLIL әдісі 5 аспектіден тұрады:
1. Мәдениет аспекті
- Басқа елдердің мәдениетін түсіну және зерттеу;
- Мәдениетаралық байланыс дағдысын дамыту;
2. Әлеуметтік аспект
- халықаралық үлгідегі сертификат алу үшін емтихан тапсыру мүмкіндігі;
- білім деңгейін көтеру
3. Тілдік аспект
- тілдік құзыреттіліктің жалпы деңгейін көтеру;
- тілдерді меңгеру;
- тілдерді қолданбалы мақсатта игеру
4. Пәндік аспект
- пәнді жан-жақты зерттеу мүмкіндігі;
- пәндік терминологияға қол жеткізу;
- мамандыққа дайындық.
5. Оқыту аспекті
- әртүрлі оқыту стратегияларын қолдану мүмкіндігі;
- сынып жұмыстарының әртүрлі әдісі мен формаларын қолдану;
- оқушылардың мотивациясын арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |