CLIL әдісін қолдануда мұғалімге қойылатын талаптар:
- үнемі пәндік және тілдік білімін жетілдіру;
- ресурстарды кеңінен қолдану;
- тиянақты жоспарлау;
- кәсіби білімін үнемі арттырып отыру.
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту барысында мұғалім мен оқушыға қажетті жағдайларды қарастыру қажет:
- ынтымақтастық;
- сабаққа қатысу;
- тілдік курстар;
- әдістемелік бірлестік жұмысы;
- тәрбие жұмысы;
- білім ортасы.
CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ көбіне 4 сатылы сызбаға негізделеді.
Осы арада әр сызбаға қысқаша тоқталып өтейін.
1. Мәтінді өңдеу. Мәтінді оқу барысында оның визуалдылығын қамтамасыз ететін безендірулер болуы керек. Өзге тілде мәтінмен жұмыс жасауда, оқушыларға мәтінмен жұмысты айтарлықтай жеңілдететін, мәтінді құрылымдық белгілеу қажет (мәселен, қатарларды, азат жолдарын нөмірлеу, бөлімдерге, шағын тарауларға аталым беру).
2. Жете түсіну және алған білімдерді ұйымдастыру. Мұнда мәтіндер көбіне сызба түрінде беріледі, бұл оқушыларға мәтіннің идеясын, онда берілген ақпаратты анықтауға көмектеседі.
3. Мәтіннің тілдік ұғынуы. Оқушылардың мәтіннің идеясын өз сөзімен жеткізе алуына үміт арту. Оқушылар қарапайым тілдік тәсілдерді де, айтарлықтай алға басқан түрлерін де қолдана алады, бұл жағдайда қандай да лексиканы таңдауда анық үдеме болмауы тиіс, дегенмен де, мұғалімнің оқушылардың назарын тақырыбы мен пәні бойыша сай келетін белгілі лексикалық бірліктерге аударуы қажет. Оған қоса, мұғалім назарын тек арнайы лексикаға ғана емес, сонымен бірге сабақтың тақырыбы мен пәнге байланыссыз қажет болатын фразалық етістіктер, тұрақты сөз тіркестері, салыстыру дәрежелері секілді әмбебап тілдік бірліктерге де аударуы тиіс.
Тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту міндеттеріне, сонымен қатар оқушылар талғамына байланысты болуы керек. Сондай-ақ, тапсырмалар орындауға қызықты, ынталандыратын, бір-бірімен логикалық байланысқан болуы шарт.
4. Мәтіннің пәндік бағдарлануы, яғни мәтіндер пәндердің лексикалық материалдарынан құрылуы тиіс, тек сонда ғана пәндік және тілдік құзыреттіліктің дамуы пайда болады.
Сонымен қатар, сабақтарда аудио- және бейнематериалдарды пайдалануға болады. Мұғалім сабақты материалдың бір бөлігі аудиомәтін түрінде ұсынылатындай, ал оқытудың ізденіс әдістерін қолданумен материалды диалог пен сұхбат арқылы келетіндей етіп жоспарлауына болады. Оған қоса, тыңдалымды жазбаша тапсырмалармен де үйлестіре алады (кестелерді толтыру, сызбаларды құру).
Негізгі 4 принципті негізге ала отырып, CLIL әдісімен сабақты жоспарлау:
Оқушылардың білімдерін қайта жаңғырту. Пәннің тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, еске түсіру, қайталату. Оқушылар белгілі бір тақырып аясында өздерінің ана тілінде көп мәлімет білуі мүмкін, алайда шет тілінде оларды жеткізуде, өз ойын айтуда қиындыққа кезігуі мүмкін.
Кіріспе және нәтиже. Мұғалімдер өтілуі тиіс ақпаратты таңдау қажет. Ол ауызша айталады ма, жазбаша ма, қағаз бетінде ме әлде электронды түрде болады ма? Барлық сынып үшін бе, белгілі топ әлде жұп үшін бе? Қосымша ресурстардан берілген мәліметтерді қосады ма? Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың қандай нәтижеге келуі тиістігін жоспарлауы тиіс. Оқушылар сабақтың мазмұны мен тілді қалай пайдаланады және қарым-қатынас жасау үшін қалай қолдана алады? Оны ауызша, жазбаша не болмаса қимыл арқылы көрсетеді ме? Оқушылар қандай нәтижеге жетеді?
Уақыт беру. Мұғалімдерге сұрақтарды қойған кезде және оқушылардың ол сұрақтарға жауап беру үшін белгілі уақыттың берілуі. Сабақтар ана тілі емес тілде оқытылған кезде, жаңа сабақтың мазмұнын жаңа тілде айту әдеттегі қажет уақыттан гөрі, әлдеқайда артық уақыттың берілуін талап етеді. Бұл, әсіресе, CLIL тәсілін қолданудың бастапқы кезінде сынып белсенділігін қалыптастыру кезінде қажет.
Топтық тапсырмалар. Сабақ барысында негізгі тақырып аясындағы сөздер мен құрылымдарды қолданатындай етіп, жұптық немесе топтық жұмыстарды жоспарлау қажет. Тапсырмалар сөз деңгейінде (word level), мысалы, оқушылар сөздерді кестеде түрлі бағаналарға топтастыруы немесе сөйлемдерді біріктіруі: мәселен, жұптар - өздерін қызықтырған сұрақтарды қояды және жауап береді; топтар болса - сабақ мазмұны бойынша зерттейтіндерінің жоспарын жасап, соны таныстырады және кейін өздері тапқан мәліметті жария етеді. Мұны олар компьютер арқылы немесе бетпе-бет жүзеге асыра алады. Мұнда іс-әрекеттер жаңа тіл минимумын игеруге және сабақ мазмұны бойынша жаңа мәлімет алуға бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |