Кірісп е Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-тарау. XVII ғасырдағы Ресейдің саяси және құқықтық ойлары



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата22.11.2019
өлшемі1,22 Mb.
#52290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
722 (1)


10-тарау. XVII ғасырдағы Ресейдің саяси және құқықтық ойлары
сақтауды» сұрайды. Оның ойынша, сот қызметі шындық-
ты  орнатуы  керек.  Семеон  Полоцкий  барлығына  бірдей 
сот  жүйесі  болса  екен  деп  армандайды  (үлкен-кішілігі, 
түр-әлпетіне  қарамастан).  Оның  ойынша,  сот  жүйесін 
ұйымдастыру бір түрлі болуы керек, демек барлығы үшін 
бір сот болуы керек.
Ойшыл  Белоруссияның  Ресейге  қосылуын  құптап, 
барлық  славян  халықтарының  азат  болуы  туралы  ойла-
рын талай рет айтқан болатын. Оның ойынша, орыс пат-
шасы барлық православ халықтарына ортақ жауларынан 
құтылуына көмектеседі деп ойлаған.
Орыс  мемлекетінің  сыртқы  саяси  бағытында  Семеон 
Полоцкий  орыс  саяси  ойларына  тән  дәстүрлі  сыртқы 
саяси  дағдарыстарды  бейбіт  жолмен  шешуді  ұстанады. 
Ол  патшаға  мемлекеттің  бейбіт  өмір  сүру,  жау  шапқан 
кезде ғана соғысу, жеңілгендерге қайырымдылық көрсету 
керектігін айтқан.
Семеон  Полоцкий  тірі  кезінде  танымалдылыққа  ие 
болды.  Патша  Федор  Алексеевичтің  сұрауы  бойынша 
оның өліміне жазылған «Эпитафионе» кітабында Семеон 
мемлекет  пен  шіркеуге  қажетті  мейірбан  адам  ретінде 
суреттеледі.
Семеон  Полоцкийдің  ойларын  замандасы  Юрий 
Крижанич ары қарай дамытқан болатын.
Юрий Крижанич (1618–1683 жж.) Хорватияда дүние-
ге  келген,  Загребтік  рухани  семинарияны,  одан  кейін 
Венадағы Венгерлік рухани Хорватиялық коллегияны жә-
не  Болоньедегі  венгерлік-болгарлық  коллегияны  бітірді. 
1640  жылдан  бастап  Ю.  Крижанович  Римде  өмір  сүр-
ді,  онда  ол  қасиетті  Афанасияның  гректік  коллегиумын 
бітірді. 1659 жылы орыс патшасы Алексей Михайловичке 
қызметке  келеді,  ал  1661  жылы  жалған  айыпталып, 
Тобольскіге  жер  аударылады.  Мәскеуге  жаңа  патша 
Федор  Алексеевичтің  бұйрығы  бойынша  1676  жылы 

68
Саяси ілімдер тарихы
қайта  келеді.  Ол  Тобольскіде  жер  аударылып  жүргенде 
«Саясат»  атты  еңбегін  жазады.  Еуропа  мемлекеттерінің 
саяси жүйесімен танысуы, оған салыстырмалы сараптама 
жасауға  және  Ресейдің  ары  қарай  дамуын  болжауға 
мүмкіндік береді.
«Саясат»  атты  еңбегінде  Ю.  Крижанич  көптеген 
мәселелерді  қарастырады:  экономикалық  (өнеркәсіптік, 
ауылшаруашылық,  сауда-саттық);  әлеуметтік  (қоғамның 
құрылысын ұйымдастыру) және саяси-құқықтық (мемле-
кеттің пайда болуы және мақсаты, басқару формалардың 
классификациясы,  сыртқы  саясат).  Оның  сараптамасы 
шұғыл  қайта  құруды  қажет  ететін  сыни  нұсқаулар  мен 
позитивті бағдарламалардан тұрады.
«Саясатта»  мемлекеттің  пайда  болуы,  оның  мақсаты 
мен  алған  бағыттары  зерттелген  бөлінеді.  Ю.  Крижанич 
бойынша,  мемлекеттің  мақсаты  –  қоғамның  барлық  мү-
шесіне  жаппай  пайда  әкелу.  Корольдің  парызы  әділет-
тікті,  тыныштықты,  дінді,  сотты,  бейбітшілікті  қамтама-
сыз ету. 
Аристотель секілді, Ю. Крижаничта үш дұрыс басқару 
формасын  көрсетті:  абсолютті  монархия,  боярлық  бас-
қару немесе республика. Осылардың ішіндегі ең жақсысы 
абсолютті монархия. Дәл осы басқару формасын «эллиндік 
философтар»  және  «қасиетті  әкелер»  қолдады,  өйткені 
бұл  басқару  формасы  мемлекет  ішіндегі  тыныштықты 
сақтады.  Абсолютті  монархия  әлемдегі  ең  көне  және  ең 
мықты басқару формасы. 
Патша  тағында  Ю.  Крижанич  король-философты  көр-
гісі  келеді.  Корольдерге  білім  аса  қажет,  өйткені  олар 
өз  қателіктерінде  үйренуге  болмайды,  олардың  қателігі 
тек  өзіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  халыққа  да  ауыр 
қиыншылықтар әкеледі деген.
Ю. Крижанич Платонға, Аристотельге және Цицерон-
ға  сүйене  отырып,  тирандарды  және  тирандық  билеуді 

69
10-тарау. XVII ғасырдағы Ресейдің саяси және құқықтық ойлары
қатты  сынға  алады.  «Тиран  –  ол  қарақшы...  Тиран 
билік  басында  болса,  ол  халық  жағдайын  ойламайды, 
мемлекет  қойған  мақсатына  жетпейді,  ол  өзінің  жеке 
мүддесін  қудалайды,  табиғи  заңдарды  бұзады.  Мұндай 
басқарушыны халық емес, тек құдай жазалай алады», деп 
айтқан болатын.
Ю.  Крижанич  монархияның  тиранияға  айналмауы-
ның  кейбір  қырларын  көрсетеді:  біріншіден,  тақта 
монарх-философ отыруы керек; екіншіден, жақсы заңдар 
қабылданып, оның орындалуын бақылау, үшіншісі, мемле-
кеттегі  барлық  сословиелердің  нормативті  регламен-
тациясы  (осыған  байланысты  қоғамға  қатынасты  әрбір 
сословиенің міндеті белгіленеді).
Ю. Крижанич әділеттілікті заң арқылы ғана орнатуға 
болады деп есептейді. Ол заң шығарушыларға үлкен талап-
тар қояды. Оның ойынша, заң шығару үшін мемлекеттегі 
бар заңды  білу аз, ұзақ  өмір сүрген  мемлекеттердің  заң-
дарын зерттеп, солардан тәжірибе алу қажет.
XVII ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік құры-
лымда  абсолютистік  тенденциялар  басымдық  ала  баста-
ды, ол мемлекет экономикасының алдында тұрған өзекті 
мәселелерге түрткі болған.
Ондай теориялардың бірімен XVII ғасырдың ортасын-
да  Псков  дворяны  Афанасий  Лаврентьевич  Ордин-
Нащокин (1605–1680 жж.) шыққан болатын. Ол көрнекті 
саяси қызметкер және дипломат.
А.Л. Ордин-Нащокин бірінші болып орыс саяси ойла-
рында  Батыс  Еуропада  кең  таралған  «меркантилизм» 
идеясын  жүзеге  асырған  болатын.  Сонымен  қатар  әскери 
сұрақтарға  да  жауап  іздеген  болатын.  Оның  ойынша, 
Балтық және Каспий теңіздерінде отандық флот құрылы-
сын жүргізу керек.
Сыртқы саяси көзқарастарында А.Л. Ордин-Нащокин 
көршілес  мемлекеттермен  достастық  қарым-қатынас 

70
Саяси ілімдер тарихы
орнату  керек  деп  есептейді,  солардың  ішінен  ол  славян 
халықтарын  бөліп  көрсетеді.  Оның  ойынша,  Ресей  бас-
таған  экономикалық  және  әскери  одаққа  қосылу  керек. 
Мұндай одақ славян мемлекеттерінің бірігуі мен дамуына 
өз үлесін қосады. 
XVIII  ғасырдың  басында  бюрократиялық  аппараттың 
құрылуы  мен  жоғарғы  биліктің  іске  асуы  іс  жүзінде 
сословиелік  монархияның  абсолютті  монархия  болу 
тенденциясы  анықтаушы  болды.  Мемлекеттік  билікті 
ұйымдастыру  мен  басқару  жүйесі  түрлі  өзгерістерге 
ұшырады: Боярлық дума өмір сүруін тоқтатты және оны 
Үкіметтік  сенат  алмастырды,  қалаларда  қалалық  өзін-өзі 
басқару органдары – магистраттар пайда болды. 
Петр  І  түрленуі  мен  мемлекеттің  құрылу  процессі-
нің  қарқындылығы  саяси  теорияларда  көрініс  табады. 
Кейбіреулері  қоғамдық  пікірді  қалыптастыру  керек 
деп  ұсынса,  басқалары  мемлекеттік  құрылымның  жаңа 
мүмкіндіктерін қарастыру керек деп ұсынған болатын.
Сондай  реформалардың  жақтастарының  бірі  –  архи-
епископ Феофан Прокопович (1681–1736 жж.) болды.
Феофан  Прокопович  украиндық  сатушы  отбасында 
дүниеге  келген.  Жас  кезінде  жан-жақты  білім  алады: 
Киево-Могиляндік  діни  академияда,  одан  кейін  Польша, 
Рим  және  Германияның  оқу  орындарында  дәріс  алған. 
Отанына  оралғаннан  кейін  ол  ұстаздық  қызметке  бет 
бұрып,  Киево-Могилянск  академиясында  математика, 
физика,  астрономия,  логика  және  риторика  сынды 
пәндерден сабақ береді.
Феофан  Прокопович  Киево-Могилянск  академиясы-
ның  ректоры,  Псковтік  епископ,  Новгородтік  архиепис-
коп және Әулие Синодтің вице-президенті болып қызмет 
атқарады.
Архиепископ  қылқаламына  мынадай  шығармалар 
жатады:  «Слово  о  власти  и  чести  царской»,  «Духовный 

71
10-тарау. XVII ғасырдағы Ресейдің саяси және құқықтық ойлары
регламент»,  «Владимир»  трагикомедиясы,  «Поэтика», 
«Риторика» және бірнеше поэмалар.
Ф.  Прокопович  өз  дәуіріндегі  ең  үлкен  кітапхана 
иегері  ретінде  ең  білімді  адамдардың  бірі  болды.  Өз 
концепциясын  құруда  ол  антикалық  және  қазіргі 
заманғы  батыс  еуропалық  ойшылдардың  еңбектерін 
оқып, қолданған болатын. Өз ойларында Ф. Прокопович 
жаратылыстық-құқықтық  теориялардың  аргументтерін 
діни догматтармен ұштастыра білген.
Орыстың  саяси-құқықтық  ойлар  тарихында  ол  бірін-
ші  болып  мемлекеттің  шығу  үдерісін  зерттеуге  көңіл 
бөлген.  Оның  ойынша,  қоғамдағы  жоғарғы  билік  келіс-
сөздер  арқылы  пайда  болған,  осының  негізінде  халық 
толықтай тәуелсіздігінен бас тартып, оны жоғары билікке 
табыс  еткен  болатын.  Бірақ  халық  өзіне  қалаған  басқару 
түрін  таңдауына  мүмкіндігі  бар.  Солардың  арасынан 
Ф.  Прокопович  монархия,  аристократия,  демократия 
және  «аралас»  басқару  түрлерін  бөліп  көрсетеді.                                                                                                                                   
Ф.  Прокоповичтің  ойынша,  аристократия  мен  демокра-
тия ел басқару үшін жағымсыз. Сонымен қатар, респуб-
лика  кішкентай  территорияда  орналасқан  аз  ғана  елді 
мекенді басқару үшін керек.
Билікті  ұйымдастыру  формасы  ретінде  монархияны 
қарастыра  отырып  Ф.  Прокопович  екі  түрлі  нұсқаны 
зерттейді:  шектелген  және  абсолютті.  Шектелген  монар-
хияда  мемлекет  түрлі  міндеттемелермен  байланысқан, 
оларды  бұзу  биліктен  айырылумен  теңеседі.  Ресей  үшін 
ең  тиімді  басқару  формасы  болып  абсолютті  монархия 
табылады. Абсолютті монархия «ішкі және сыртқы» қауіп-
терден  қорғайтын,  адамдар  үшін  ең  тиімді  басқару  түрі 
деп біледі.
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: монархия, 
ағартушы  меркантилизм,  сенат,  уақытша  үкімет,  либерализм, 
диктатор, радикализм.

72
Саяси ілімдер тарихы
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. XVII ғасырдағы Ресейдегі саяси ілімдердің даму ерекше-
лігін атап өтіңіз.
2.  Батыс  саяси  ойшылдарының  Ресейге  тигізген  әсері 
қандай?
3. Абсолюттік монархия идеясының Ресейде нақты мемле-
кеттік идеологияға айналуын түсіндіріп беріңіз.
Әдебиеттер:
1.  Вопросы  государства  и  права  в  общественной  мысли 
России 16-19 вв. – М., 1979.
2.  Золотухина  Н.М.  Развитие  русской  средневековой 
политико-правовой мысли. – М., 1985.
3. Грацианский П.С. Политическая и правовая мысль России 
второй половины 18 в. – М., 1984.
4.  Покровский  С.А.  Государственно-правовые  взгляды 
Радищева. – М., 1956.
5.  Посошков  И.Т.  Книга  о  скудости  и  богатстве  и  другие 
сочинения. – М., 1951.
Реферат тақырыптары:
1.  XVII  ғасырда  Ресейдегі  саяси  және  құқықтық  ойлардың 
қалыптасуындағы негізгі ерекшелік.
2.  Семеон  Полоцкий  шығармаларындағы  жоғарғы  билік 
және оны ұйымдастыру мәселесі.
3. Юрий Крижанич «Саясат» еңбегіндегі мемлекетті басқару 
формасы  мен  түрлері  және  патшаға  қойылатын  талаптар 
туралы.
4.  А.Л.Ордин-Нащокин  орыс  саяси  ой  тарихында 
«меркантилизм» идеясын таратушы.
5.  Феофан  Прокопович  Ресейдегі  абсолюттік  монархия 
идеясын қалыптастырушы. 

11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
73
11 тарау. XIX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ 
ЖАРТЫСЫНДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ 
САЯСИ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ
XIX  ғасырдың  І  жартысындағы  Батыс  Еуропадағы 
қоғамдық-саяси  өмір  буржуазиялық  тәртіптің  Англия, 
Франция,  Германия,  Швейцария,  Голландия  секілді  ел-
дерде  қуаттырақ,  әрі  тереңірек  орнауымен  өтті.  Сол 
уақытта пайда болған негізгі идеологиялық ағымдар өзін-
өзі  анықтай  түсті.  XVIII  ғасыр  соңындағы  француздық 
буржуазиялық  революция  капитализмның  Еуропада  да-
муына күшті импульс болды. 
Өзнің бұрынғы кең мүмкіндіктерінен айырылып бара 
жатқан  феодалдық-монархтық  орталар,  аристократтар 
капиталистік  өмірдің  орнауына  барынша  қарсы  болды. 
Олар буржузияға дейінгі тәртіпті қайта қалпына келтіруді 
ұсынды.  Оған  қоса,  капиталистік  тәртіпті  пролетар-
лық  социалистік  лагерде  қызу  сынады.  Капиталистік 
жүйе  оларды  кедейшілік  өмірдің  ең  төменгі  деңгейіне 
түсіріп  тастады.  Олар  құтқару  жолын  жеке  меншікке 
негізделген  өркениеттен  бас  тартудан  және  ортақ 
меншіктің  орнауынан  көрді.  Тағы  бір  идеологиялық 
ағым  –  анархизмның  бағдарламасы  өзгеше  еді.  Олардың 
жақтастарының  барлығы  да  буржуазияға  қарсы  емес, 
анархистер  мемлекетті  барлық  қоғамдық  зұлымдықтың 
көзі  деп  білгендіктен,  оның  кез-келген  формасына  қарсы 
шықты.
Батыс  Еуропада  орныққан  капиталистік  құрылым 
либерализм  секілді  идеологияға  жетті,  XIX  ғасырда  ол 
ықпалды  әрі  интелектуалды  болатын,  ал  әлеуметтік 

Саяси ілімдер тарихы
74
негізін  кәсіпкерлер,  шенеуніктер  және  университеттік 
профессорлар құрады. 
Либерализмның  концептуалдық  негізін  екі  тезис  құра-
ды:  1)  индивидтің  жеке  бостандығы  мен  меншігі;  2)  атал-
ған  құндылықтардың  жүзеге  асуы  тек  тұлғаның  өзіне 
ғана  пайдалы  емес,  сондай-ақ,  бүкіл  қоғамның  өркендеуі 
мен  ұйымдасуына  да  өз  септігін  тигізеді.  Бұл  негізгі  екі 
тезис  либерализмдегі  әлемнің  рационалды  ұйымдасуы, 
тарихтағы  прогресс,  бәсекелестік  және  қадағалау  секілді 
идеологиялық элементтерге бастау болды.
Консерватизмнің  шарықтау  шегі  өткен  ғасырдың  бі-
рінші  жартысына  келеді.  Социализм  мен  либерализмге 
қарағанда, консерватизмнің тұрақты концептуалды негізі 
болмады. Алайда консерватизмнің идеяларын жасау мен 
таратудың  арқасында  белгілі  болған  азаматтар  да  жоқ 
емес.  Мәселен  француздар  Жозеф  де  Местр  (1753–1821 
жж.) және Луи де Бональд (1754–1840 жж.), немістерден 
Людвиг фон Галлер (1768–1854 жж.) және Адам Мюллер 
(1779–1829 жж.). 
XIX  ғасырдағы  қоғамтануға  Канттың  зерттеушінің 
фактіге негізделген білімінің міндетті түрде болуы, тарихи 
үдеріс  заңдылығын  анықтау,  әлеуметтік  құрылым  мен 
институттарды  зерттеу  секілді  идеялары  белгілі  дәрежеде 
ықпал етті. И. Канттың қоғамды организм ретінде түсінуі, 
функциялаудың заңдылығын шектеуі және қоғамның даму 
заңдылығын көрсетуі – теңдесіз еңбек ретінде бағаланады.
Англия  XVIII  ғасырдың  соңғы  жартысында  қоғамдық 
дамудың көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші капи-
талистік державасына айналды. Оған біршама факторлар 
ықпал  етті.  Жеке  меншік,  жеке  тұлға  белсенділігі,  адам-
ның  жеке  өмірінің  қауіпсіздігі  –  қоғамтанудың  негізгі 
тақырыптарына  айналды.  Индивидуалистік  идеялар  кең 
тарады.  Соның  негізін  қалаушылардың  бірі  –  Иремия 
Бентам  (1748–1832  жж.).  Ол  –  Т.  Гоббс,  Дж.  Локк, 

11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
75
Д.Юмның  әлеуметік-философиялық  идеяларын  жинаған 
утилитаризм теориясының негізін қалаушы. Оның негізгі 
4 постулатын көрсетсек: 
1)  ләззат  алу  мен  қайғы-қасіреттің  болмауы  –  адам 
әрекетінің мәні; 
2)  пайдалылық,  кез-келген  тапсырма  шешімінің  әдісі 
болу – барлық жағдайдың негізгі критериі; 
3) барынша көп адамға барынша мол бақыт ұсынғанда 
ғана адамгершіліктің негізі қаланды; 
4)  жеке  және  қоғамдық  мүдделердің  гармониясы 
арқылы жалпы игілікке жету – адамзат дамуының мақсаты. 
Бұл постулаттар И. Бентамның  саясатты, мемлекетті, 
құқықты сараптағанда негізгі тірегі болды. Ол өзінің саяси-
құқықтық  ойларын  «Заңнама  принциптері»,  «Үкімет 
туралы  фрагменттер»,  «Деонтология  немесе  Мораль 
туралы ғылым» атты еңбектерінде баяндаған.
И. Бентам – еуропалық либерализмнің негізін қалау-
шылардың  бірі.  Бірақ  оның  либералистік  идеялары 
өзгеше.  И.  Бентам  индивидтің  жеке  бостандығынан  гөрі, 
оның  мүдделері  мен  қауіпсіздігі  жөнінде  көп  ойланған. 
Адам  шеттен  көмек  күтпей,  өз  игілігі  үшін  өзі  қам  жеу 
керек  дейді.  Тек  адамның  өзі  ғана  оның  мүдделері  мен 
пайдасын өзі анықтай алады деп көрсеткен.
Ол  қоғам  мен  мемлекет  адамдар  арасындағы  өзара 
келісімнің  арқасында  дүниеге  келді  деген  оймен  келіс-
педі. Бұл пікірді ол дәлелденбейтін тезис, фикция ретінде 
бағалады.  И.  Бентам  мемлекеттік  биліктің  құрылымы 
жөнінде  демократиялық  позицияда  тұрды.  Ол  билігі 
үш  тармаққа  бөлінген  республиканы  қолдай  отырып, 
монархия мен мұрагерлік аристократияны сынады. Бірақ 
И. Бентам үш тармақтың бір-бірінен тәуелсіз қызмет етуі-
не келіспеді. Ол осы үш билік тармағының өзара әрекетін, 
кооперациясын  қолдады,  себебі  ішкі  тәуелділік  оларды 
келісімге  келтіреді,  тұрақты  ережеге  мойынсұндырады, 

Саяси ілімдер тарихы
76
жүйелі жұмысқа итермелейді деп көрсеткен. Егер билік-
тер бір-бірінен тәуелсіз болса, онда бұл олардың қақты-
ғысына әкеледі деп түсінді. Демократиялық-респубикалық 
құрылымның  қолдаушысы  ретінде,  И.Бентам  Англияда 
лордтар  палатасының  құқығы  шектеліп,  бір  палаталы 
парламенттік жүйенің енгізілуін қалады.
И.  Бентамның  пікірінше,  тек  мемлекеттік  билікті 
ғана  емес,  сондай-ақ,  бүкіл  қоғамның  саяси  жүйесін  де 
демократияландыру  қажет.  Бұл  орайда,  ол  сайлау  құ-
қығының кеңейтілуін қалады, оның ішінде бұл құқықтың 
әйелдерге  де  тиесілі  екенін  де  ұмытпады.  Ол  демо-
кратиялық  институттардың  көмегімен  заң  шығарушы 
және атқарушы биліктің әрекеттерін қадағалауға болады 
деп үміттенді.
И.  Бентамның  еңбегінде  үкімет  қызметінің  шекарасы 
мен  бағыттары  туралы  ойлар  кең  орын  алды.  Бірақ 
И.Бентам  мемлекеттің  экономика  саласына  араласуын 
жақтамады,  себебі  ол  жағымсыз  нәтижелерге  әкелуі 
мүмкін деген пікірде болған. 
И.  Бентамның  еңбегі  заңнаманы  ескі  элементтен 
арылтып,  оны  қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси  өзгерістерге  сәйкестендіруінде 
көрініс табады. Оның пікірінше, бүкіл қоғамның ең басты 
мақсаты  –  адам  саны  қаншалықты  көп  болса,  бақыт  та 
соншалықты мол болуы тиіс. 
Англия  –  еуропалық  либерализмнің  отаны  және 
өмірге  осы  атаққа  тұрарлық  ұлдарын  әкелді.  Соның 
бірі  –  Джон  Стюарт  Милль  (1806–1873  жж.).  Ол  Ресей 
интеллегенциясының  арасында  зор  құрметке  ие  болды. 
Оның мемлекет, билік, заң жөніндегі көзқарастары «Бос-
тандық туралы», «Өкілдік басқару», «Саяси экономияның 
негіздері» атты еңбектерінде жазылды.
Өзінің  ғылыми-шығармашылық  қызметін  бентамдық 
утилитаризмнің  замандасы  ретінде  бастаған  Дж.  Милль, 

11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
77
кейінірек  іргесін  аулақ  сала  бастады.  Мәселен,  ол  адам-
гершілікті  бүтіндей  жеке  тұлғаның  жеке  экономикалық 
пайдасына негіздеу постулатымен келіспеді. Оның ойын-
ша,  жеке  бақытқа  жету  қағидаты  тек  көзқарастар  сәйкес 
келгенде ғана іске асуы мүмкін, соның ішінде, әлеуметтік 
көзқарастар да шет қалмауы тиіс. Ол өзі бұл жөнінде былай 
дейді: «Мен енді саяси құрылым таңдауына материалдық 
мүддеден  гөрі,  моральдық  және  тәрбиелік  көзқарас 
тұрғысынан қарай бастадым».
Жеке тұлғаның еркіндігі – бұл Дж. Милль қарастыра-
тын саяси және құқықтық мәселелердің «топтық шыңы» 
болып табылады. 
Тұлғаның  жеке  еркіндігінің  шекарасы  ретінде  Дж. 
Милль  мынаны  көрсетеді:  ой  мен  пікір  еркіндігі,  өзге 
жеке тұлғалармен байланыса әрекет ету еркіндігі, таңдау 
құқығы.  Мұның  барлығы  да  жеке  тұлғалардың  дамуы 
мен  орнығуы  үшін  бөлінбейтін  жағдай  және  сыртқы 
қауіптерден  сенімді  қорған.  Дж.  Милль  жеке  тұлғаның 
еркіндігі  дегенде,  ол  өркениетке,  мәдениетке,  азаматтық 
дамуға бейімделген тұлғаны еске алады.
Дұрыс  ұйымдастырылған  және  қызмет  ететін  мем-
лекеттің бір белгісі – мемлекеттік механизмнің сапасы. Дж. 
Милль мұндай механизмнің құндылығын биліктің бөліну 
қағидатымен байланыстырады. «Өкілдік биліктің» авторы 
олардың  шектелгенін  қалайды,  әсіресе,  заң  шығарушы 
және атқарушы билік құзырының шектелуін жақтады. 
Дж.  Милль  ұсынған  либерализм  тек  жеке  тұлғаның 
еркіндігін,  құқықтарын  қорғап  қана  қоймай,  мемлекеттік 
механизмнің  ұйымдастырылуын  демократиялық  және 
құқықтық бастамаларға негізделуін қалайды. Осыдан шы-
ғатыны,  құқықтық  мемлекет  концепциясы  либералды 
саяси-құқықтық ойдың органикалық негізі болып табылады.
Мемлекеттік  функциялардың  объективті  қажеттілігін 
түсіне отырып, бұл функцияны атқара алатын мемлекет-

Саяси ілімдер тарихы
78
тің ел үшін керек екенін көре отырып, Дж. Милль соны-
мен қатар, үкімет қызметінің кеңеюін сынайды, мемлекет-
тік  шенеуніктердің  шексіз  билікке  ұмтылысы  мен  жеке 
өмірдің  еркіндігін  заңсыз  бұзуын  барынша  айыптайды. 
Оның  пікірінше,  бұл  үкімет  ықпалын  күшейтеді  және 
қоғамның  еркін  әрі  тәуелсіз  мүшелерін,  үкіметтің  қара-
пайым  құлдарына  айналдырады.  Бұл,  әрине,  қоғамды 
әлеуметтік  пассивтілік  ауруына  ұшыратады.  Қоғамда 
еркіндік  рухы  өледі,  жеке  намыс  санасы  сал  болады, 
айналада  болып  жатқан  жағдайға  жауапкершілік  сезімі 
жоғалады. 
Наполеон  мен  оның  режимі  құлаған  соң,  Бурбондар 
әулиетінің  билікке  келуімен  де  Францияда  тап  аралық 
күрес  тоқтаған  жоқ.  Дворяндық  аристократтар  негізгі 
экономикалық және саяси-құқықтық революциялық өзге-
рістерді  әкелген  конституциялық  монархиямен  келіс-
кенімен,  өздерінің  дворяндық  бастамаларын  қайтаруға 
тырысты. Өндірістік және сауда буржуазиясы ескі тәртіп-
тің  оралуына,  сословиелік  артықшылыққа  қарсы  күресті 
және жеке тұлғаның еркіндігі мен заң алдындағы теңдікті 
қорғады.  XIX  ғ.  анти  феодалдық  идеологияны  көптеген 
саяси  ойшылдар  қолдады.  Соның  ішінде  Б.  Констан  мен 
А. Токвилль ерекше аталады.
Зерттеушілер еуропалық либерализмнің рухани әкесі 
деп те атайтын Бенжамен Констан (1767–1830 жж.) сая-
сат, билік, мемлекетке қатысты еңбектерін 1810–1820 жж. 
аралығында  жазды.  Ол  бұл  еңбектерін  «Конституция-
лық  саясаттың  бағыты»  атты  кітабына  жинайды  және 
ол  мемлекет  туралы  ыңғайлы,  жүйеленген  либералды 
оқулыққа айналды. 
Б.  Констанның  саяси-теориялық  конструкциясының 
негізі – жеке тұлғаның еркіндік мәселесі. Жаңа заманның 
еуропалық азаматына бұл антикалық еркіндіктен өзгеше 
еркіндік еді. Көне гректер мен римдіктер үшін еркіндіктің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет