Кірісп е Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата22.11.2019
өлшемі1,22 Mb.
#52290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
722 (1)


4-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы 
саяси ілімдерге жалпы сипаттама
билікті айқындауда үш: 1) биліктің мәніне; 2) формасына 
(пайда  болуына);  3)  билікті  қолдану  элементіне  назар 
аударады. 
Биліктің мәні – басқару мен бағындыру, соның ішінде 
жоғарғы сословие төменгі сословиеге өз билігін жүргізуге 
тиісті  деген  қорытындыға  келеді.  Осылайша,  ол  биліктің 
құдайдан келген әмір екенін тағы да бір тұжырымдайды. 
Бірақ  Аквинат  билікті  теріс  мақсатта  пайдаланатын 
билеушілер де бар деп ескертеді. 
Аристотельдің  мемлекетті  басқаруын  (аристократия, 
олигархия,  демократия)  саралай  келе,  Аквинат,  басқару-
дың  ең  жоғарғы  жетілген  формасы  ретінде  монархияны 
қолдайды. Ол монархияның екі түрін ұсынады: абсолюттік 
және  саяси  монархия.  Аквинат  абсолюттік  монархияға 
қарағанда,  саяси  монархияға  үлкен  ықыласпен  қараған. 
Өйткені  ол  кезде,  яғни  саяси  монархия  жағдайында  ірі 
феодалдар  мен  шіркеу  қызметкерлерінің  мүдделері 
қарастырылып, олар билікке ықпал ете алатын еді. 
Фома  Аквинский  өз  заманының  нағыз  идеологы  бол-
ды. Әсіресе ол католиктік шіркеу мен ірі феодалдар мүд-
десін  қорғаушы  ретінде  жасаған  еңбегі  католиктік  шір-    
кеу тарапынан жоғары бағаланып, Аквинатқа «періштелер 
докторы» деген жоғарғы титул берілді. 
Аврелий  Августин  (345–430  жж.)  –  христиан-теологы, 
философ-мистик, көзқарасы, ұстанымы жағынан неопла-
тондық бағытты жақтаған. Басты ұстанымы «Cенімсіз білім 
мен  шындық  жоқ».  Негізгі  еңбектері  «О  граде  божем»  
және «О земном граде». 
Аврелий  Августин  әлемдік  тарихтың  христиандық 
концепциясын  дамытушы  және  оның  сөзімен  айтқанда 
«дүние  жаратылысының  өзі  құдайдың  қалауымен  бол-
ған  іс»  деген  идеяны  жақтаушы  ғалым.  Адамдардың 
жердегі  барлық  көрген  қиындықтары  мен  жамандық-
тары  олардың  құдай  алдындағы  жасаған  күнәларынан 

30
Саяси ілімдер тарихы
деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызмет-
керлерінің  зайырлы  феодалдық  бағытты  ұстанушыларға 
қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті 
басқару  формасында  Аврелий  абсалюттік  билікті  жақ-
таған.  Августинизм  әлі  күнге  дейін  христиан  дініндегі 
протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп 
саналады. 
Католиктік  шіркеудің  ықпалына  қарсы  күрескен  ірі 
неміс ғалымы Мартин Лютер (1483–1546 жж.).
Мартин  Лютердің  пікірінше  адам  екі  әлемде  өмір 
сүреді.  Алғашқысы  –  рухани  әлем,  екіншісі  –  жер  әлемі. 
Рухани әлемде құдайға сенушілер, яғни құдайлар үстем-
дігі, ал жер әлеміне барлық адамдар тұрағы, яғни жерде-
гі  билік  үстемдігі  жатады.  Рухани  әлем  адамның  рух 
еркіндігі  мен  сенімін  және  ішкі  дүниесін,  ал  жер  әлемі 
адамның  іс-әрекетін,  болмысын  анықтайды.  Қоғамдағы 
рухани  өмір  адамдардың  жердегі  іс-әрекетіне  тікелей 
байланысты. Осыдан барып жердегі билеушілердің негіз-
гі қызметі қоғамды әділдікпен басқару, күш қолданбау деп 
түсіндіреді. 
М.Лютердің  бұл  идеясы  көпшіліктің  қолдануына  ие 
болды.  Бұл  идея  бұқараны  христиандық  құндылықты 
қайта  қарауға  итермеледі,  нәтежисінде  католиктік  дін-
дегілердің  ішінде  жаңа  ағымның  лютерандық  сенімнің 
пайда болуына әкеліп соқты. 
Ортағасырдағы  діни  концепцияның  саяси  ілімдерді 
дамытудағы  рөлін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Себебі, 
адамдардың  әділетті  басшы  мен  әділетті  мемлекетке 
деген  сенімін  қалыптастырды.  Екіншіден,  адамдардың 
саяси санасына, саяси мәдениеттің қалыптасуына тікелей 
әсер етті. Сондай-ақ, қоғамда саяси плюрализммен қатар 
діни  плюрализмнің  де  негізін  қалады.  Үшіншіден,  діни 
дәстүр кейінірек көптеген мемлекеттердің идеологиялық 
бағытын айқындады.  

31
4-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы 
саяси ілімдерге жалпы сипаттама
Тақырыпқа  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктер:  фео-
дализм,  монархия,  дін,  шіркеу,  Библия,  лютерандық  сенім, 
протестант, католик.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 
1. Ортағасырлық Батыс Еуропадағы саяси жағдайға жалпы 
сипаттама беріңіз.
2. Мартин Лютер реформасының мәні неде?
3.  Ортағасырлық  Батыс  әлемінде  католик  шіркеуінің  бе-
делі қандай болды?
4. Фома Аквинскийдің «Мемлекет басқару туралы» еңбегі-
нің саяси мәні неде?
Әдебиеттер:
1. Байтенова Н.Ж. Дінтану негіздері. – Алматы, 2006.
2. Боргош Ю.Ф. Фома Аквинский. – М., 1975.
3. История политических и правовых учений. Средние века 
и Возрождение. – М., 1986.
4. Токарев С.А. Ранние формы религии. – М., 1990.
5. Фома Аквинский. Антология мировой философии. – М., 
1969.
Реферат тақырыптары:
1.  Ортағасырдағы  Батыс  Еуропалық  саяси  ойдың 
дамуындағы басты ерекшелік.
2. Фома Аквинскийдің саяси-құқықтық көзқарастары.
3. Ф. Аквинский – мемлекеттің пайда болуы туралы. 
4.  Аврелий  Августин  –  христиан  схоластикасының  негізін 
қалаушы.
5.  Мартин  Лютер  және  оның  христиан  дініндегі  рефор-
маторлық қызметі. 

32
Саяси ілімдер тарихы
5 тарау. ШЫҒЫС АРАБ–МҰСЫЛМАН ЕЛДЕРІНДЕГІ 
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ТАРИХЫ
Мұсылман-араб  әлеміндегі  құқықтық-саяси  ілімдер-
дің дамуы рулық-тайпалық қатынастардың әлсіреп, фео-
далдық  қатынастардың  қалыптаса  бастаған  VII–X  ғасыр-
лар аралығына тура келеді. 
Мұсылмандық  саяси-құқықтың  қалыптасуы  мен  да-
муына қасиетті Құран (араб тілінен аударғанда – «есітіп 
оқу»,  «тақпақтата  дауыстап  оқу»,  «мәнерлеп  оқу»)  және 
Сунна (араб тілінен аударғанда – әдет-ғұрып, үлгі-өнеге) 
ерекше  әсер  етті.  Көп  құдайлықтан  бас  тартқан  арабтар 
исламды басты дін тұтып, бір ислам идеологиясы аясына 
топтасып,  күшті  мемлекет  –  халифат  орнатты.  Ислам 
халифатын  орнатуда  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  мемлекет 
қайраткері, ірі саяси реформатор ретінде орны ерекше.
Мұсылмандық  құқықтық-саяси  теориядағы  басты 
мәселе  –  мұсылмандық  билік  пен  басқарудың  арнайы 
халифаттық түрі болды. 
Мұсылмандық  Шығыстың  саяси-құқықтық  ойының 
басты  тақырыптарының  бірі  –  ізгілікті  қала  мен  адаба 
(жетілген адам) мәселесі болып табылады.
Ізгілікті  қала  мәселесінің  негізі  әл-Фарабидің,  Жүсіп 
Баласағұнның саяси теорияларында қаланды.
Әбу Насыр әл-Фараби саяси ойларын «Қайырымды 
қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет-
тік билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» деген 
еңбектерінде  жинақтаған.  Әл-Фараби  өз  идеясында  бас-
ты  назарды  билеушінің  адамгершілік  қасиеті  мен  оның 
белсенді азаматтық позициясына аударды. Әл-Фарабидің 

33
5-тарау. Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі саяси 
ойлардың тарихы 
пікірінше, жақсы мемлекет басшысы жоғарғы билік өне-
рін жүзеге асырушы болып табылады. 
Ізгілікті қалада бақытқа жетудің өзекті мәселесінің бірі 
– философиялық және құқықтық мәдениеттің, моральдық 
сапалардың,  адамның  рационалдық  қабілеттерінің  өзара 
үйлесімді  әрекеттесуі  болып  табылады.  Мұндай  өзара 
байланысты билеушінің өзі жүзеге асыруы тиіс. Билеуші 
тек  өзінің  философиялық  эрудициясын,  қолданылып 
жүрген  қағидаларды  және  өз  білімділігін  ғана  жүзеге 
асырмауы тиіс, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді, 
теориялық  және  практикалық  ізгілік  істерді  жүзеге 
асыруы тиіс.
Өнерді,  ізгілікті,  білім  мен  даналықты  және  өзінің 
ұйымдастыру  қабілетін  мемлекет  басқару  ісінде  шебер-
лікпен  жүзеге  асыра  білу,  әл-Фарабидің  пікірі  бойынша, 
билеуші үшін бастапқы негізді құрайды.
Философиялық,  адамгершілік  және  құқықтық  мәде-
ниетті терең меңгеру – билеушіге мемлекетті дұрыс, шебер 
басқаруда,  зандылықты  қамтамасыз  етеді  және  олардың 
мүлтіксіз орындалуына кепіл болады.
Бұл  туралы  әл-Фараби  былай  деп  жазады:  «Заң  шы-
ғарушы, біріншіден, өзінің заңдарын ендіре білгені, екін-
шіден,  басқара  білгені  жөн.  Егер  ол  берген  жарлығын 
ендіре алмаса, басқалар қадағалайтынды өзі де қадағала-
маса,  онда  оның  нұсқауларының  заңды  күші  болмайды 
және оның сөзін қол астындағылары қабылдамайды. Егер 
заң  шығарушы  –  білімсіз  адам  болса,  онда  ол  адамдарға 
пайда әкелетін заңды белгілей алмайды, заңды сақтаудағы 
маңызды  орынды  тәрбие  алады.  Заңды  елемейтін  және 
өзінің бағыныштыларын да соған итермелейтін адамның 
өзі,  өзінің  іс-әрекетімен  үлкен  тәртіпсіздікке  душар 
қылады».
Әл-Фараби  қоғамдағы  саясатты  жүзеге  асыруда, 
билеушімен  қатар  қала  тұрғандарының  да  философия-

34
Саяси ілімдер тарихы
лық,  адамгершілік,  құқықтық  және  саяси  мәдениетінің 
маңыздылығына назар аудару қажеттілігін атап өтеді. 
Қайырымды  қала  тұрғындарының  өзін  әл-Фараби 
бірнеше  топқа  бөледі.  Бұқара  халықтың  негізгі  бөлігі 
кедей-кепшіктер,  олар  ерекше  қамқорлықты  қажет 
етеді,  сондықтан  да  олардың  мұң-мұқтажын  үнемі  естен 
шығармау  керек,  шаруамен  келген  адамның  ісіне  қолға-
быс  жасап,  ілтипат  көрсету  керек.  Тек  жетілген  қалада 
ғана адамдар бір-біріне қол ұшын беріп, бір-бірін қолдап, 
ұжымдасып өмір сүреді деп ескертеді. 
Әл-Фараби  қайырымды  қала  тұрғындарының  қата-
рына медресе шәкірттерін де жатқызады. Кейбір шәкірт-
тер білім алуды қара басының қамы үшін пайдаланғысы 
келеді, мұндай шәкірттердің ісіне сын көзбен қарап, теріс 
мінездерін  алдымен  өздеріне  түзеттіру  қажет.  Ал  мінезі 
түзу  шәкірттерге  білім  ешбір  қиындықсыз  қонады  деген 
пікір айтқан. 
Келесі  топқа  әділдігін  елге  мадақтап  айтып  отыра-
тын,  әлеуметтік  жағдайы  жұрттан  жоғары  тұратындар 
(қала  басшысы  және  оның  көмекшілері)  кіреді.  Қала 
басшысының  қызметі  мен  мінезіндегі  кемшіліктерін 
тікелей айтпай, оны жанамалап, астарлап сынау арқылы 
түзету керек дейді. 
Әл-Фараби  бойынша,  адам  өз  өмірінің  қожасы,  сон-
дықтан да ол өз тағдырына өзі жауапты. Адамның өмірдегі 
бақыты мен бақытсыздығы ол құдайдан емес, ол адамның 
күнделікті істеген әрекетінен деп түсіндіреді. 
Әл-Фарабидің  идеяларын  қабылдаған  және  оларды 
шығармашылық жағынан дамытқан ойшылдардың бірі – 
Жүсіп Баласағұн.
Жүсіп  Баласағұн  (XI  ғ.)  –  көрнекті  түркі  фило-
софтарының  бірі,  атақты  «Құтадғу  біліг»  (Берекелі  білім 
немесе  Құтты  білік)  еңбегінің  авторы.  Бұл  шығарма 
«бәйітпен»  жазылған,  6520  «бәйіттен»  тұрады.  Негізгі 

35
5-тарау. Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі саяси 
ойлардың тарихы 
тақырыбы – моральдық-этикалық мәселе. Жүсіп Баласағұн 
жазған  моральдық-этикалық  мәселе  адам  өмірінің  тама-
ша жағдайын, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы 
өзара  қарым-катынас  ережелерін  көрсетеді.  Бұл  кітапта 
ойшыл,  сол  кезде  өзі  өмір  сүрген  Қарахан  мемлекетінің 
негізін  шайқалтқан,  саяси  бүлік  кезеңінде  өте  қажетті 
ізгілікті  билеушінің  тамаша  аспектілерін  керсетуге 
ұмтылды.
Жүсіп  Баласағұн  билеушінің  рөлі  туралы  айта 
отырып, мынадай өсиет қалдырады: «...Және біл: адамның 
алдында сенің үш борышың бар. Оларды орында, күшпен 
ұзақ  тұра  алмайсың.  Біріншіден  –  күмістің  тазалығын 
сақта.  Екіншісі  –  адамдарға  әділ  заң  бер.  Үшіншісі  – 
жолды  күзетіп  отыр».  Баласағұн  билеушінің  мәртебесін 
және  оның  халық  алдындағы  борышын  сипаттай  оты-
рып,  билеушінің  қол  астындағыларынан  оның  шешімін 
талап  етуін  атап  өтеді.  «Сенің  билігіңнің  үш  құқығы 
бар.  Бағынышты  адамдардан  сұрайтыныңды  ұмытпа. 
Олардың  бірінші  борышы  –  сенің  барлық  бұйрығыңды 
құрметтеу.  Олардың  екінші  борышы  –  қазына  алдында 
борышы болу керек. Және үшіншісі: сенің жауларыңмен 
жауласып,  сенің  достарыңмен  достасулары  керек.  Егер 
сен өз борышыңды әділ орындасаң, бағыныштыларыңның 
да қайтарымы жақсы болады».
Билеушіге өсиет айта отырып, Баласағұн да әл-Фараби 
сияқты  мемлекеттің  ізгілікті  түрі  билеушінің  рухани 
тазалығы мен еңсесінің биіктігіне, қол астындағыларының 
ізгілікті,  адамгершілікті  өзара  қарым-қатынастарына 
байланысты деп санады.
Ортағасырлық  мұсылман  әлемінің  ойшылдары 
үшін  адаб  (кемел  адам)  білімділік  пен  адамгершіліктің 
көрсеткіші  болып  саналды.  Мұндай  білімнің  мақсаты 
–  мәдениетті  және  нәзік  сезімді  адам  жасау  болып 
табылады. Сопылық философиясында адаб идеясына көп 

36
Саяси ілімдер тарихы
көңіл  бөлінді.  Нақты  өмірде  діни,  адамгершілік  жолдан 
таю,  құқықтық  және  мемлекеттік  нигилизм  болатынын 
атап көрсете отырып, сопылыққа рух берушілер рухани-
адамгершілік  кемелдену  жолын  ұсынды.  Тек  кемеліне 
жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. 
Сопылардың ойынша, кемел адам бейбіт өмір сүріп, 
қоғамдағы адамгершілікке жат нәрселерге, әділетсіз мем-
лекетке  қарсылық  танытады.  Зұлымдық  бой  бермейтін 
және  күйреткіш,  жүрегінде  құдайға  деген  сүйіспенші-
лікке орын жоқ адамдарды өзіне қатты тартады. Мұндай 
адамдар  табиғатының  қалауымен  әрекет  етіп,  қылмыс, 
зұлымдық жасауға барады. 
Факихтер  дамытқан  мемлекет  теориясы  бойынша 
бедел  иелерінің  арасында  әл-Мүліктің  орны  ерекше. 
Әл-Мүлік  (шамамен  XI  ғасыр)  нақты  саяси  билік  ре-
тінде  сұлтандықты  нығайтудың  негізгі  қағидаттарын 
қалыптастырды. Халифатты тек діни институт ретінде, ал 
халифті діни басшы ретінде ғана тани отырып, сұлтандық 
билікті негіздеуге тырысты.
Әл-Мүлік өзінің идеясын негіздеу және оны іс жүзінде 
жүзеге  асыру  үшін  уәзірлік  қызмет  атқара  отырып,  әл-
Джувейни  және  әл-Ғазали  сияқты  бедел  иелерін  тартты. 
Олар  өздерінің  теорияларында  басқарудың  ықпалдылы-
ғы  мен  тиімділігі  тәрізді  билік  қырларына  көңіл  бөлуге 
тырысты.  Мысалы,  әл-Джувейни  баскарудың  барынша 
тиімді түрі сұлтан билігі деп есептеді, бірақ бұл үшін оның 
заңды екендігін негіздеу керек болды.
Бұл  міндетті  шешуге  көптеген  еңбектер  («Әл-Иктисад 
фи-л-истинад»,  «Фадаих  әл-батынния  ва-фадаил  әл-
Мустазхирия»)  жазған  факихтердің  ірі  кемеңгері  әл-
Ғазали (1058–1111 жж.). Ол мемлекетті басқару мәселесіне 
«Насырхат әл-Мүлік» деген еңбегін арнады.
Әл-Ғазали халифатты сынай және сұлтандардың нақ-
ты билігіне заңдылық дәрежесін бере отырып, мұсылман 

37
5-тарау. Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі саяси 
ойлардың тарихы 
мемлекетін нығайту керек деген мәселеге көңіл бөлді. Бұл 
идеяға ол өзінің «Ихйа» деген еңбегін арнады. 
Жаңа  әдіснамалық  кағидатты  іздеуге  көптеген  идео-
логиялық  және  теориялық-кұқықтық,  діни-құқықтық 
мәселелер  мен  методологиялық  сипаттағы  қиындықтар 
кедергі келтірді. 
Әл-Ғазали  өзінше  бір  эклектикалық  нұсқа  табады. 
Біріншіден,  оның  тапқан  шешімінің  нұскасы  тәртіпті 
қамтамасыз  етіп,  қоғамды  әр  түрлі  бүліктен  сақтай 
отырып,  тұрақтылықты  қалыптастырады.  Екіншіден,  мә-
селені  шешу  қағидаты  мұсылман  мемлекетін  нығайтуға 
ықпал жасаса деген бағытта болады.
Саяси  мүмкіндіктерді,  халифаттың  болашағы  мен 
нақты жағдайларын объективті бағалай отырып, әл-Ғазали 
мұсылман  мемлекетін  нығайту  үшін  ең  алдымен  халиф 
және  сұлтан  мәселесінің  арақатынасын  шешіп  алу  керек 
деген  тұжырымға  келеді.  Ал  бұл  мәселені  шешу  үшін 
имамның сұлтанмен одақ құру идеясын ұсынады. 
Әл-Ғазалидің  имамат  теориясының  негізгі  ережелері 
мыналар болып табылады:
1. тәртіпті ұстап тұру үшін билік қажет;
2. сұлтанат халифаттың бір бөлігі болып табылады, ал 
халифаттың өзі қауым мен имам бірлігінің символы;
3. халифаттың беделі Шариғатқа сүйенеді. 
Әл-Ғазалидың  ойынша,  имам  бедел  иесі  бола  оты-
рып, не пайғамбар арқылы, не халиф, не нақты билік иесі 
сұлтан  арқылы  тағайындалады.  Әл-Ғазалидың  ойынша, 
таяу  арада  сұлтан  халифты  (имамды)  тағайындайтын 
болса,  онда  ол  «сенім  мен  билік  –  егіз»  деген  қағидатқа 
сүйене отырып, оның беделін мойындауы тиіс.
Әл-Ғазалидың  пікірінше,  мемлекеттің  міндеті  – 
исламды  және  исламдық  өмір  сүру  түрін  қорғау  болып 
табылады.  Сол  себептен,  ойшыл  саясат  пен  дінді  бір-
бірінен бөлуге болмайтын, өзара байланысты тұтас орга-

38
Саяси ілімдер тарихы
низм ретінде мойындап, бір-біріне себепші арақатысы бар 
мәселе деп қарастырады. Ғазалидың пайымында, саясат дін 
мен моралдың қажетті компоненті болып табылады. Дін 
ғылыммен,  құқықпен  және  этикамен  тығыз  байланысты. 
Саяси  ғылым  адамның  бақытқа  жетіп,  болашақта  аса 
жоғары  бақыт  иесі  болуын  қамтамасыз  етуге  тиіс  деп 
көрсетеді.
Ибн-Халдун  (1332–1406  жж.)  өзінің  саяси  тұжырым-
дамасында  мемлекет  дамуыңдағы  және  жоғалып  кетуін-
дегі кейбір аспектілерді айқындауға тырысты және билік 
жүргізу түрлерінің ерекше бір жіктеуін жасады.
Философтың  пікірінше,  мемлекеттің  пайда  болуы 
қоғамдық  дамудың  бір  көрсеткіші  болып  табылады. 
Мемлекет  күш  пен  билеуге  сүйеніп,  ішкі  және  сыртқы 
саясатты  жүзеге  асырады.  Сыртқы  саясатта  мемлекет 
өзінің дербес позицияларын сақтайды, ал ішкі саясатта ол 
тайпалардың  тығыз  бірігу  функциясын  жүзеге  асырады, 
зандар  мен  тәртіптің  іске  асырылуын  қамтамасыз  етеді, 
халықтан салық жинайды, оның тәуелсіздігін қамтамасыз 
ететін әскер құрады.
Әр  мемлекеттің  өзінің  өмір  сүретін  уақыты  болады. 
Философтың  пікірінше,  мемлекеттің  өмір  сүру  уақыты 
рет-ретімен бес сатыдан өтеді екен:
1-саты – пайда болу (билікке жаңа билеушінің келуі);
2-саты  –  биліктің  жаңа  билеушінің  қолына  шоғыр-
лануы;
3-саты – мемлекеттің гүлденуі (мұнда тәртіп орын те-
беді, тұрақтылық қамтамасыз етіледі);
4-саты – күш көрсетудің ашық нысандары қолданылып, 
оппозиция қудаланады;
5-саты – мемлекеттің жойылуы (дағдарыс қоса жүреді).
Мемлекет  эволюциясының  себептерін  талдай  оты-
рып, ибн-Халдун биліктің өмір сүру ерекшеліктерін анық-
тайды,  саясат  түрлерінің  мазмұнын  (сыртқы,  ішкі,  жаза-

39
5-тарау. Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі саяси 
ойлардың тарихы 
лау)  және  саяси  режимнің  типтерін  айқындайды.  Ибн-
Халдун  мемлекеттің  үш  түрін  жіктейді:  саяси  монархия, 
табиғи монархия және халифат. Саяси монархия парасатқа 
негізделген  және  адамдардың  материалдық  мүдделеріне 
бағытталған.  Басқарудың  бұл  түрінде  монарх  рухани 
және  діни  құндылықтардан  азат.  Табиғи  монархия  жеке 
бастың  деспоттық  режимі  болып  табылады,  себебі  басқа 
адамдардың  мүдделерімен  емес,  монархтың  субъективті 
мүдделерімен айқындалады.
Ибн-Халдунның  ойынша,  басқарудың  ең  жақсы  түрі 
–  халифат.  Халифат  Шариғатты  басшылыққа  алады, 
бұл  дүниелік  істерді  жүзеге  асырады,  исламға  қатысты 
сенімінің мүдделерін қорғайды. Ойшылдың пікірінше, дәл 
халифатта діни және осы дүниелік қағидаттарды үйлесті-
ре  отырып,  билікте  үйлесім  табуға,  мұсылман  құқығы-
ның  әділдігіне  сүйенуге  болады.  Басқару  нысаны  ретінде 
халифаттың артықшылығын атай келіп, ибн-Халдун оның 
эволюциясын  және  монархияға  ұласуы  мүмкін  екенін 
жоққа шығармайды. 
Тақырыпқа  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктер: 
Құран,  сунна,  шариғат  заңдары,  құдай,  сұлтанат,  халифат, 
саяси  монархия,  тәртіп,  құқық,  кемел  адам,  адамгершілік, 
қайырымды қала.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 
1. Құранның Шығыс араб-мұсылман әлеміндегі саяси және 
құқықтық ілімдерді дамытудағы рөлі қандай?
2.  Мұхаммедтің  (с.ғ.с)  мемлекет  қайраткері,  халифаттың 
негізін қалаушы ретіндегі саяси портретін ашып беріңіз. 
3.  Әл-Фарабидің  мемлекет  басшысына  қоятын  талаптары 
қандай?
4.  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік»  шығармасының 
саяси мәні қандай?
5. Араб ойшылдарының (әл-Ғазали, ибн-Халдун) батыстағы 
саяси ілімдер тарихының дамуына әсері қандай болды?

40
Саяси ілімдер тарихы
Әдебиеттер:
1. Әбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ. Ж., Сатершинов Б.М. Саяси 
ой тарихы. – Алматы, 2003.
2. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. – А., 2006.
Реферат тақырыптары:
1. Ислам дінінің Мұсылман-араб елдеріндегі саяси ойдың 
қалыптасуына тигізген ықпалы.
2. Мұхаммед (с.ғ.с) діни және мемлекет реформаторы.
3. Әл-Фараби – «Шығыс Аристотелі».
4. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» туралы.
5.  Ж.  Баласағұнның  «Құтты  білік»  еңбегіндегі  мемлекет 
және мемлекетті басқару туралы ойлары.

41
6-тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси ойлар  
6 тарау. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ
САЯСИ ОЙЛАР
Қазақ  даласындағы  саяси  ойлардың  тарихы  оған 
идеялық-саяси  ықпалын  тигізген  түркі  және  араб  саяси 
философиясына барып тіреледі.
Мұсылман  Шығыс  ойшылдарының  әдет-ғұрыпта-
рын  қабылдап  және  оны  жалғастырғанымен,  қазақ 
саяси  ойларының  өзіне  тән  ерекшелігі  бар.  Бұл  өзіндік 
ерекшелік  идеалды  мемлекеттің  теориялық  үлгісін 
құрған  араб  тілді  саяси  ойшылдарға  қарағанда,  қазақ 
даласында саяси өмірдегі мәселені практикалық жағынан 
шешу  және  нақтылық  байқалады.  Қазақ  сахарасындағы 
идеялар  тек  саяси  шындықты  ғана  көрсетіп  қоймайды, 
керісінше  онда  мол  фактілік  материалдар  жинақталған 
және  оқиғаларды  түсіндіруде  үрдістік  сипат  басымдық-
қа  ие  болады.  Ғұламалардың  жазған  еңбектерінен  біз 
олардың  өзінің  жеке  бақылағандарына  негізделген 
айқын  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттерді  табуымызға 
болады.  Авторлардың  шығармаларының  мұндай  өзіндік 
ерекшеліктеріне қарап, оларды тек қазақтардың ХV–ХVІІ 
ғасырлардағы саяси тарихы ғана суреттелген тарихи-саяси 
ескерткішке жатқызуға болмайды, неге десеңіз бұл дерек 
көздерінде  қазақ  хандығының  мемлекеттік-әкімшілік  құ-
рылысы,  басқару  саясаты  мен  нысандары  туралы  мол 
фактілік материалдар бар.
Асан  Қайғы  Сәбитұлы  (XIV  ғасырдың  аяғы  –  XV 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет