1
К і р і с п е
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
Зұлфұхар Гаипов, Шолпан Жандосова
САЯСИ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ
Оқу құралы
Алматы
2015
2
Саяси ілімдер тарихы
ӘӨЖ 32 (075)
ҚБЖ 66.1(0) я7
Г 14
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының
докторы, профессор З.К. Шәукенова және философия
ғылымдарының докторы, профессор С.Е. Нұрмұратовтың жалпы
редакциясымен
Рецензенттер:
Қайдарова Ә.С., саяси ғылымдарының докторы, доцент
Нысанбаев Ә.Н., ҚР ҰҒА академигі,
философия ғылымдарының докторы, профессор
Молдахмет Б., «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы
Г 14 Саяси ілімдер тарихы: Оқу құралы // З.С. Гаипов,
Ш.М. Жандосова / З.К. Шәукенова мен С.Е. Нұрмұратовтың жалпы
редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
және дінтану институты, 2015. – 192 б.
ISBN – 978-601-304-053-0
«Саяси ілімдер тарихы» оқу құралында Антика дәуіріндегі,
Ежелгі Грекия мен Римдегі, Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі,
Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа замандағы саяси ілімдер сипатталған.
Атап айтқанда, сол замандарда орын алған саяси ахуал, «саясат»
және «билік» ұғымдары, сонымен қатар әртүрлі ғұлама ғалым-
дардың іргелі еңбектерінде тұжырымдалған саяси-құқықтық мә-
селелер қарастырылады.
Аталған оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне,
магистранттарына, PhD докторанттарына, сондай-ақ саясатпен
айналысатын өзге де саланың мамандарына арналған.
ӘӨЖ 32 (075)
ҚБЖ 66.1 (0) я7
ISBN – 978-601-304-053-0 © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
және дінтану инстиуты, 2015
© Гаипов З.С., Жандосова Ш.М., 2015
3
К і р і с п е
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................ 5
1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар...................................... 7
2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы........................ 15
3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер........................................ 22
4-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы
саяси ілімдерге жалпы сипаттама................................................. 27
5-тарау. Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі
саяси ойлардың тарихы.................................................................... 32
6-тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси ойлар..................... 41
7-тарау. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ой.............. 46
8-тарау. XVII ғасырдағы Голландияның саяси ілімдері............ 54
9-тарау. ХVII ғасырдағы Англиядағы саяси ойлар тарихы...... 60
10-тарау. ХVІІ ғасырдағы Ресейдің саяси
және құқықтық ойлары.................................................................... 65
11-тарау. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы..................................... 73
12-тарау. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы................................................... 87
13-тарау. XІX ғасырдың екінші жартысындағы
қазақ қоғамындағы саяси ойлар.................................................... 105
14-тарау. ХХ ғасырдағы Америка Құрама Штаттарындағы
саяси ілімдер....................................................................................... 114
15-тарау. ХХ ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы............ 123
«Саяси ілімдер тарихы» пәні бойынша
тест сұрақтары.................................................................................. 137
4
Саяси ілімдер тарихы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет.............................................................. 182
Информация об Институте философии, политологии
и религиоведения Комитета науки Министерства
образования и науки Республики Казахстан.............................. 185
Information about the Institute for Philosophy, Political Science
and Religion Studies of Committee Science of the Ministry
of Education and Science оf the Republic of Kazakhstan.............. 188
5
К і р і с п е
КІРІСПЕ
Саяси ілімдер тарихы – адамзаттың рухани мәдениеті-
нің құнды да ажырамас серігі және саяси ғылымның бір
құрамдас бөлігі. Қандай да бір халық болмасын, оның
ойлау мәдениеті, өз ішінен шыққан ойшылдары болады.
Тарихта ойлау кеңістігі болмаған халық, мемлекет болған
емес. Сондықтан да саяси ілімдер тарихының мәні – саясат
пен мемлекеттің мәнін ашу, халықтардың саяси өмірі мен
тіршілік тәсілдерінің, саяси ой-түсініктерінің қалыпта-
суын, эволюциялық дамуын зерттеу болып табылады.
Қазіргі заман бейнесін дұрыс танып білу үшін, сондай-
ақ келешекте жақсы да парасатты мемлекет басшысын
сайлауда және қоғамда жақсы жол таңдап алу үшін
адамдар әр кезде өзіне дейінгі болған идеяларға арқа
сүйеген.
Саяси ілімдер де адамзаттың рухани және күнделікті
саяси тұрмыс тіршілігінде маңызды рөлге ие болған. Ол
өмірдің жан-жақты саяси шындығы мен қайшылықтарын
өрнектеуде қалтықсыз қызмет атқарып келеді.
Саяси ілімдер қоғам мүшелерінің саяси мәдениетін
айқындайды. Сондықтан да қоғамның саяси мәдениеті
адамзаттың төрт мың жыл бойы қалыптасқан саяси
ілімдер тарихынсыз дамуы мүмкін емес.
Саяси ілімдер қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке
тұлғаның қалыптасуын және олардың саясат субъектісіне
айналу тарихын, саясатқа саналы түрде араласуының және
саяси билік үшін күреске қатысу кезеңдерін ашады.
Әрбір халықтың саяси тарихы мен мәдениетінде тек
саяси түсініктер ғана емес, сонымен бірге саяси билікті
6
Саяси ілімдер тарихы
жүзеге асыру дәстүрлері де қалыптасқан. Оларды
зерттеу белгілі бір хронологиялық (уақыт), кеңістіктік
(географиялық) және портреттік (индивидтік-портреттік)
өлшемдермен өлшенеді. Мұндай зерттеу әдісін қолдану
олардың қай дәстүрге қатысты екенін анықтау үшін керек.
Аталған еңбекте авторлар саяси ойлардың даму
кезеңдері мен саяси ілімдегі дәстүрлердің эволюциясына
талдау жасауға ұмтылады.
7
1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
1 тарау. ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ОЙЛАР
Саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы өз бастауын
көне заманнан алады. Олардың пайда болуы алғашқыда
философиялық-діни бағытта болды. Өйткені қоғамда діни
нанымдар ертерек пайда болған еді және адамдар санасы
қоршаған ортаны танып білуде өте тұрпайы да, қарапайым
болды. Адамдар санасында қоғамдағы болып жатқан әр
түрлі табиғи-саяси және әлеуметтік үрдістерді, қоршаған
ортаны түсіндіруде мифтік көзқарас басым болды.
Адамдар өздерін қоршаған ортаны жанды космос
әлемімен байланыстырды. Сондықтан да көне заманда-
ғы көптеген халықтар (гректер, парсылар, египеттіктер,
үнділер мен үндістер, вавилондықтар мен римдіктер)
жердегі болып жатқан құбылыстар мен тәртіпті көктен
түскен заңды құбылыс деп қабылдады. Осыдан да болар,
олар жердегі барлық жағдайды: қарапайым адамдар ара-
сындағы қатынастан бастап, саяси істерге дейін барлығын
діни идеологияға апарып таңып қойды.
Көне Египетте халық биліктің қайнар көзі деп құдай-
лар мен фараондарды қабылдады. Сондықтан да Египет-
тегі биліктің өзі фараондар салдырған пирамидаға ұқсас
болды. Пирамида басында құдайлар мен фараондар, яғни
пирамиданың шыңы, ал пирамиданың табаны (негізі)
– халық, ортасы – абыздар мен ақсүйектер деп түсінді.
Ал осы тәртіпті бұзған жағдайда адамдар құдайдың
қарғысына қалады, ақырзаман болады деп түсінді.
Осыдан барып олар қоғамдағы қалыптасқан жағдайды,
тәртіпті сақтап қалу үшін әр түрлі заңдар жинағын
жариялады. Сондай заңдардың ең көнесі ретінде ежелгі
8
Саяси ілімдер тарихы
вавилондағы Хамурапи (б.э.д. 1782–1750 жж.) патшаның
заңдарын айтуға болады. Заңның кіріспе бөлімінде «осы
заң сендерге әділеттілік үшін жіберілген» деп көрсетіледі.
Көне Үндістандағы бізге дейін жеткен көне ескерткіш-
тердің бірі – ертедегі арийлер туралы мәліметтер сақтал-
ған «Ригведа». Бұл құнды деректе олардың қоғамдық өмі-
рі түгел сипатталады. Дерек бойынша үнділер қоғамды
төрт арнайы топқа бөлген: а) брахмандар – абыздар;
ойшылдар, ғалымдар; ә) кшатрийлер – әкімдер мен
жауынгер әскери басшылар; б) вайшилар – көпестер мен
саудагерлер; в) шудралар – бұқара халық.
Қоғамдағы мұндай әлеуметтік тапқа бөліну сол заман-
ның идеологиясына ешқандай қайшы келмеді және бір
таптан басқа тапқа ауысуға қатаң тыйым салынды. Осылай-
ша үнді қоғамында саяси өмірді реттеуші қатаң касталық
жүйе қалыптасты. «Ригведада» берілген мәліметтерге
қарағанда арийлер еңбекшілерге билік жүргізген, сондай-
ақ кшатрийлерді өздері сайлап отырған. Арийлер егер де
кшатрийлер өздеріне берілген қызметті дұрыс атқармаған
жағдайда және патшаға адалдық сақтамаған кезде оларды
билік басынан алып тастау құқығын иеленген.
Көне заманнан бізге жеткен тағы да бір құнды
жәдігердің бірі – ежелгі үнді тарихшысы, ойшылы
Каутильяның жазған «Артхашастра» еңбегі болып табы-
лады. Бұл еңбекте автор үнді жеріндегі көне Маурья
мемлекеті туралы сөз қозғайды.
Маурья империясы мемлекетілік нышандары түгел
қалыптасқан, өз құрылымы, нысаны, салық жүйесі және
басқа мемлекеттермен саяси байланыс орнатқан мемлекет
болғаны сипатталады.
Басқару формасына байланысты Маурья мемлекеті ав-
тократиялық тұрпатта болды, соған қарамастан қалалар
мен ауылдық жерлерде оларға кейбір автономиялық
өкілеттіктер берілді. Атап айтқанда, сауда, салық, мүлік,
9
1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
шекара күзету мәселелеріне келгенде тұрғындар бұл сұ-
рақтарды арнайы құрылған мекемелер, заң, сот жүйесі
арқылы шешіп, жүзеге асырып отырды.
Маурья мемлекетінде арийлер ерекше мәртебеге ие
болды. Олар ешқашан құл болмады.
Арийлер патшаны олардың мүліктік жағдайына қара-
мастан сайлады. Таққа отыру рәсімі кезінде патша халық-
қа адал қызмет ету туралы ант берді. Патша «егерде мен
сіздерге қысымшылық көрсетсем, онда мені жаратушы
аспан мен жерден және ұрпағымнан айырсын» деп ант
берген.
Каутилья былай деп түсіндіреді, патшаның бақыты
оның қол астындағыларының бақытына, олардың әлеу-
меттік жағдайына тікелей қатысты, өйткені патшаның
негізгі қызметі халыққа қызмет етуден тұрады. Патша
халқына адал болмаған жағдайда халық оны тақтан түсі-
руге құқылы болды. Бірақ үнді қоғамындағы билеушілер-
дің ашкөздігі мен дүниеқоңыздығы Каутилья сипаттаған
қоғамның біртіндеп құлдырауына әкеліп соқты.
Маурья мемлекетінде тұрғындарды табиғат және соғыс
жағдайларына байланысты әлеуметтік қорғау механизмі
құрылды.
Қалаларда сәулет, жол салу, туу мен өлімді тіркей-
тін, ішкі тәртіпті қадағалайтын арнайы муниципалды
кеңестер жұмыс істеді. Бірақ соған қарамастан, Маурья
мемлекетіндегі қатаң касталық жүйе біртіндеп саяси,
экономикалық және әлеуметтік жағынан дағдарысқа
ұшырай бастады. Патша мен брахмандардың шектен
шыққан билігі мен қатыгездігі кедей бұқара халықтың
құқықтарын аяққа таптады. Бұл өз кезегінде қоғамды
идеологиялық тығырыққа әкеліп тіреді. Енді саяси
сахнаға халықты осы тозақ шеңберінен құтқарушы
жаңа харизматикалық лидер Будда (ханзада Гаутама
Сиддхартха) келді.
10
Саяси ілімдер тарихы
Будданың («Будда» – көзі ашылған, нұрланған) өзі жә-
не оның ізбасарлары брахманизмнің қасиетті мәтіндерін-
де қалыптасқан идеяларды, ұғымдарды және санскрит
тілін пайдаланды. Олардың көптеген ойлары брахманизм
идеясымен ұштасып жатты. Атап айтқанда, қайта туу
(сансара) қағидаты, жазасын алу (карма), парыз, хақ жолы
(драхма) және т.б. Алайда ендігі жерде Будда ұжымдық
психологиядан жеке психологияға ауысты. Адам жеке
өзінің хақ жолын сезініп, қалыптастыра отырып, сансардан
шыға алады және тағдырына ықпал етіп, карманы өзгерту
мүмкіндігіне ие бола алады.
Будда іліміне кіріп, аман қалу жолында барлық адам-
дар бәрі бірдей деп саналды. Таптық, әлеуметтік және
нәсілдік айырмашылықты адамдар рухани жағынан ке-
мелденген шақта өзгерте алады. Ешқандай әлеуметтік
сатыға, дәрежеге бөлінбейді. Адамның бақытқа жетуі де
өз қолында. Ол оның істеген іс-әрекеттеріне байланысты.
Будданың айтуынша, бақытқа жету үшін адам өз өміріне,
құндылықтарына, қағидаттарына, тәртіп ережелеріне,
қарым-қатынасына (ортамен), ниетіне, наным-сеніміне
(діни) саналы мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл жолдағы жақын
мақсат пен мүмкіндік – болашақ өмірге қайта келу (туу)
мәртебесіне ие болу бұқара халық үшін өте тиімді болды.
Өйткені бұған дейін өмірде қайта туу мәртебесіне тек
брахмандар ғана мүмкіндік алған еді.
Будда ілімінің бұқаралық мәні халық тарапынан кең
қолдау тапты. Тіпті аристократия өкілдері де жаңа дінді
қуанышпен қарсы алды. Б.э. ІІ ғ. Үндістанда ірі мемлекет
билеушісі Ашоко патша будда дінін насихаттауда ерекше
еңбек етті. Ол өзін будда монахтығы – сангханың, яғни 32
буддизмнің этикалық нормасы – дхарманың қорғанымын
деп жариялады. Сол арқылы ол жергілікті элитамен
тартыста болашақ империяның билігін нығайтты.
Мемлекет бақылауымен Паталипутрада өткен собор-
да будда ілімін толық мойындау үдерісі басталды. Буддизм-
11
1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
нің үш асыл қазынасы: ұстаз – Будда, ілім – дхарма, ақиқат
иелері – сангха туралы түсінік бекітілді. Соның ішінде
сангха нирванаға жетер жолды көрсете және жеңілдете
алатын, ілімді түсіндіретін институт деп қабылданды.
Сондай-ақ, Будда дінінде нирванаға жетер жолдағы ұстаз
рөлінің маңызы артты.
Саяси ілімдердің бағзы отанының бірі – Қытай. Қытай
халқының күрделі саяси өмірін түсіндіретін, реттейтін
елде бірнеше мектептер болды. Сол заманда негізі қа-
ланған идеялар қазіргі кезде де қытай халқының негізгі
идеологиясына айналып отыр.
Қытай қоғамында конфуций ілімі негізгі доктринаға
айналғанға дейін, мемлекеттің саяси өмірінде даосизм мен
буддизм ілімдері саяси-идеялық тәртіпті қалыптастырып
үлгерген еді. Буддизм адам мен ғаламның үйлесіміне
назар аудара отырып, қоғамда әділетті мемлекет орнатуға
болады деген идеяны қолдады.
Кун-фу-цзы (б.э.д. 551–479 жж.) Конфуций әлеумет-
тік және саяси қайшылықтар заманында өмір сүрді. Мем-
лекет іргесі шайқалып, патриархалдық-рулық нормалар
дағдарысқа ұшырап, елді хаос жайлаған кез болды. Осы
жағдайдан шығу үшін Конфуций әлеуметтік үйлесімділік
идеясын ұсынды, сонымен қатар, ол Қытайдың рухани
және қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған даналар
мен ел билеушілерінің беделіне сүйенді.
Конфуций идеялары көрініс тапқан «Луньюй» жи-
нағында (оның шәкірттерімен арадағы сұхбат ретінде
жазылған еңбегі) жетілген адам (цзюнь цзы) идеясы
ашылады, адами тұлға өзіндік тұлға ретінде қарас-
тырылады. Ол ғарышпен үйлесімділікте болатын рухани
кемелденген тұлға деңгейіне жету мақсатында жетілген
адам бағдарламасын жасады. Мейірімді адам – бүкіл
қоғам үшін адамгершілік мұраттың бастауы. Тек соған
ғана үйлесімділік сезімі мен табиғи ырғаққа сай өмір
12
Саяси ілімдер тарихы
сүру тән. Ол ішкі жүрек әрекеті мен сыртқы іс-қимыл-
дың тұтастығының көрінісі. Дана табиғатқа сәйкес әрекет
етеді, өйткені «алтын үйлесімділік» ережесін сақтау, оған
туа біткен қасиет. Оның мақсаты – ғарышта орын алған
үйлесімділік заңына сай, әлеуметті қайта құру, барлық
тіршілікті тәртіпке келтіріп сақтау.
Конфуций үшін бес «тұрақтылық»: әдет-ғұрып, адам-
гершілік, әділетті парыз, білім мен сенімділік аса маңыз-
ды. Әдет-ғұрыптан ол әрбір тұлғаға, қоғам мен мемлекет-
ке шексіз ғаламнан өз орнын табуында, Жер мен Аспан
арасында «негіз және арқау» болатын құралды көрді.
Осы тұрғыда Конфуций отбасылық этиканы мемлекеттік
деңгейге дейін көтереді. Иерархиялықтың негізіне ол бі-
лім, кемелдену және мәдениетке жақын болу қағидатын
алады.
Осы қасиеттерді тәрбиелей отырып, даналар қоғам-
дағы иерархияны өміршеңдігін қалыптастырады. Әлеу-
метке берілген табиғи ырғақ қоғам мен мемлекеттің
дамуына негіз болады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сұхбат
табиғи үйлесімге негізделіп, шиеленіс пен қақтығысқа жол
бермеу керек деп түсіндіреді.
Саясаткер ретінде Конфуций ел басқарудағы әдет-
ғұрыптың құндылығын өте жақсы түсінеді. Үлкен және
ұсақ істерде ол қол астындағы адамдардың өз шамасын
білу сезіміне тәрбиелей отырып, әдет-ғұрып, тұлғалық
және әлеуметтілік деңгейдегі адамды «сыртқы ортаға»
бейімдейді, қақтығыстардың алдын алады.
Әдет-ғұрып қоғамдағы қалыптасқан саяси өмірді жал-
ғастыруға, аман болуына себеп болады. Қазіргі қытай қо-
ғамы өзінің саяси және мәдени-экономикалық дамуында,
тұрақтылығында негізін Конфуций қалаған, әдет-ғұрып
пен моральдық-этикалық нормаларға көп қарыздар.
Конфуций саяси идеясы жағынан алып қарағанда
консерваторлық бағытты ұстанған, гуманист ойшыл
болды.
13
1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Конфуцийшілдікті әрбір жаңа ұрпақ өзінше талқы-
лап, қабылдады. Мысалы, Мен-цзы (б.э.д. 372–289 жж.)
ұстаздың билік мәні туралы тезистерін қайта қарады. Қо-
ғам мен мемлекеттің пайда болуын ол қоғамдық келісім
нәтижесі деп түсіндірді. «Көк жарлығы» идеясы арқылы
қоғамдағы жоғарғы тап пен төменгі таптар арасындағы
келісімділікке жетудің жолын көрді. Идеалды мемлекет-
те биліктің қайнар көзі халықта және бұқара барлық
қажеттіні өз қолына алады деп түсіндірді. Әділеттілік бұ-
зылған жағдайда бұқара халық «Көк жарлығын» жаңа, игі
ел басшысына ауыстыруға болады деген ескерту айтады.
Легистер конфуцийшілдік гуманистік идеяға сын
айтушылар еді. Көне легистер идеясы, негізі б.э.д. IV ғ.
аралығында дүниеге келген «Шан цзюнь шу» (Шан облысы
басқарушысының кітабы) еңбегінде айтылған еді.
Шан Ян конфуцийшілдердің әдет-ғұрыпқа арқа сүйеп,
елді басқару идеясын қатты сынады. Легистер мемлекеті
басқаруда қатал заң мен тәртіп қана тұрақтылықты
қамтамасыз етеді деп түсіндірді. Олар «Егер халық
мемлекеттен күшті, басым болса, онда мемлекет әлсіз, ал
керісінше мемлекет – билік халықтан мықты болса, онда
армия (әскер) мықты болады» деді.
Легистер заңға бағыну деп халықты тұтастай қанау
мен қудалауды түсінді. Шан Ян тіпті «Ақылдылар ғана заң
шығару құқығына ие, ал ақымақтар оны орындаумен ғана
шектелу керек» деген екен.
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: халық,
билік, құдай, патша, әдет-ғұрып, дін, мемлекет, брахма, кшатра,
шудра, карма, драхма, дао, сансара.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Көне Шығыстағы саяси ойлар тарихының ерекшелігі неде?
2. Көне Үндістандағы касталық жүйенің қоғам өміріндегі
орны мен рөлі қандай?
14
Саяси ілімдер тарихы
3. Көне Қытайдағы саяси мектептерді атап өтіңіз.
4. Конфуций ілімдерінің қытай қоғамындағы орны қандай?
(өткен заманмен салыстырыңыз).
Әдебиеттер:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық. – Алматы,
2007.
2. История политических и правовых учений (Древний мир)
/ под ред. В.С. Нерсесянца. – М.: Наука, 1985.
3. История политических и правовых учений / под ред.
Сыздыков К.К. – Павлодар, 2006.
4. Сырымбетұлы Б., Сатершинов Б. Саяси және құқықтық
ілімдер тарихы. – Алматы, 2015.
5. Утченко С.Л. Политические учения древнего мира. – М.
1972.
Реферат тақырыптары:
1. Көне Египет пен Вавилондағы саяси ойлар.
2. Көне Үндістандағы саяси ілімдер тарихы.
3. Брахманизм ілімінің саяси мәні.
4. Қытайдағы саяси ойлардың негізгі ерекшеліктері.
5. Конфуций – мемлекеттегі тұрақтылық туралы.
15
2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы
2 тарау. КӨНЕ ГРЕКИЯДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР
ТАРИХЫ
Көне Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер
б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала – мемлекеттер
– полистер ретінде пайда болды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға
көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға
толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағы-
нан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген
қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды.
Мемлекет басқару формасында қала полистер ара-
сында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан билік
басында болған ақсүйектермен (аристократтар) бақталас-
тыққа олигархтар (ірі мүлік иелері) түсті. Осындай қиын
жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару
формасы қалыптасты (Афина мен Абдер қалаларында).
Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен процестер грек ой-
шылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті.
Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін са-
ралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз. Алғашқы
кезең – (б.э.д IX–VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің қа-
лыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда
болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит)
негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады. Екінші кезең – (б.э.д.
V–IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саяси-
құқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Де-
мокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді. Үшінші
кезең – эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдыра-
уы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан
кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.
16
Достарыңызбен бөлісу: |